Химиялық термодинамиканың негізгі түсініктері мен анықтамалары



бет2/18
Дата16.06.2022
өлшемі90,55 Kb.
#146677
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Документ хим

Процестің функциясына процестің өзгеруі қандай жағдайда және қандай жолмен жүретіндігіне тәуелді функциялар(жылу, механикалық жұмыс) жатады.
Термодинамикалық параметрлердің кез келген біреуінің өзгеруімен байланысты туындайтын өзгерісті термодинамикалық процесс деп атайды. Процестің жүру жағдайына байланысты, оның мүмкін болатын түрлері:



  1. Изохоралық – тұрақты көлемде (V=cоnst) жүретін;

  2. Изобаралық – тұрақты қысымда (Р=cоnst) жүретін;

  3. Изотермиялық – тұрақты температурада (Т=cоnst) жүретін;

  4. Изохора-изотермиялық (V=cоnst және Т=cоnst);

  5. Изобара-изотермиялық (Р=cоnst және Т=cоnst);

  6. Адиабаттық (Q=0), яғни жүйе өзін қоршаған ортадан жылуды алмайды да, бермейді де.

Күй функциясының ең маңыздысы жүйенің толық энергиясы Е, ол үш құраушынының қосындысы ретінде болады: қозғалыстағы жүйенің кинетикалық энергиясы Ккин, жүйеге сыртқы күш өрісінің әсерімен байланысты потенциалды Епотенц және жүйенің ішкі энергиясы U:
Е = Ккин + Епотенц + U
Энергия – ол жүйенің жұмыс жүргізу қабілеттілігінің өлшемі, СИ жүйесінде энергияның (және жұмыстың) өлшеу бірлігі Джоуль (Дж). Жүйені термодинамикалық тұрғыдан баяндағанда, ол салыстырмалық тыныштықта болады деп қарастырады (Ккин=0) және сыртқы өріс әсері өте аз (Епотенц=0) делінеді. Мұндайда жүйенің толық энергиясы оның ішкі энергиясымен анықталынады (Е = U).
Ішкі энергия (U) – ол молекуланың, атомдардың, ядроның, электрондардың қозғалу мен әрекеттесу энергиясынан жинақталатын, жүйенің жалпы энергиясының қоры. Жүйенің ішкі энергиясын, сол жүйені бір күйден екінші күйге ауыстырған кездегі өзгеруі ретінде ∆U анықтауға болады:
U2 – U1,
мұндағы  U2 мен U1 – жүйенің соңғы және бастапқы күйдегі ішкі энергиялары.
Ішкі энергиясының өзгеруін жылу мен жұмыстың А көмегімен өлшеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет