Химиялық зертханада жұмыс жасаудың техникалық қауіпсіздік НҰСҚаулығЫ


Жарақат алған кезде жасалатын алғашқы көмек



бет4/4
Дата06.02.2022
өлшемі16,8 Kb.
#80045
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Документ

3. Жарақат алған кезде жасалатын алғашқы көмек
3.1. Жараны қолмен ұстауға, сумен жууға болмайды. Оны алдымен иодпен сүртіп, стерильденген дәкемен байлау керек. Жай ғана кесіп кеткен жағдайда жараны калий, марганец қышқылдарының әлсіз ерітіндісі немесе сутегі пероксидімен жуып, тоқтату қажет.
3.2. Қолдың немесе беттің терісіне қышқыл тиген кезде, оны тез арада көп мөлшерлі ағын сумен жуып,соңынан спирт ерітіндісімен сүртіп, 3 % калий перманганатымен өңдейді.
3.3. Негіздермен күйген кезде теріні көп мөлшерлі ағын сумен жуып, 3 % калий перманганатымен өңдейді.
4. Уланған жағдайда жасалатын алғашқы көмек

  1. Улы газдармен уланған жағдайда адамды тез арада далаға шығарып, таза ауамен дем алдыру керек. Егер уланған адам есінен танып жатса, онда адамды жасанды жолмен дем алдырып, нашатыр спиртін иіскету немесе 3-5 тамшы тамызу керек.

  2. Аммиакпен уланған кезде таза ауаға шығарып, ыстық су буымен дем алдыру керек. Броммен уланған жағдайда аммиак иіскету керек.

  3. Қышқыл немесе сілті көзге шашыраған болса, көзді бөлме температурасындағы сумен жуып, дәрігерге көріну қажет.

  4. Егер мышьяк, сынап қосылыстарымен және циан тұздарымен уланған болса,оны тез арада дәрігерге апарған жөн.

  5. Сұйық химиялық ерітінділермен уланған кезде ең алдымен асқазанды сүт өнімдерімен жуу қажет.

Зертханалық жұмыс журналын толтыру

  1. Күні;

  2. Зертханалық жұмыстың аты және номері;

  3. Жұмыс жасау реті;

  4. Реакция теңдеулері, прибор схемасы, есептеулер, графиктер және кестелер;

  5. Қорытынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет