Физикалық қасиеттер. Заттың түсі, иісі, дәмі, қаттылық дәрежесі, кристалдарының пішіні, суда еруі, бір-бірінде еруі, қайнау температурасы, балқу температурасы және т.б. физикалық күйін сипаттайтын қасиеттері.
Химиялық қасиеттер. Химиялық қасиеттер заттың құрамына тікелей байланысты. Зат химиялық өзгеріске ұшыраған кезде оның құрамы өзгеріп, жаңа зат пайда болады. Мысалы, судың ыдырауы кезінде жаңа зат сутегі және оттегі газдары пайда болып, жаңа заттар түзіледі.
Сұрақ. Элемент дегеніміз не? Оған жалпылама сипаттама бер.
Жауап: элемент дегеніміз – бір атомнан тұратын, бірдей атомдық саны бар сонымен бірге оны химиялық жолмен ыдыратуға болмайтын зат. Бұл дегеніміз әр элемент ерекше қасиеті бар атомдардың ерекше түрінен тұрады дегенді білдіреді.
Ерте ғасырларда тек тоғыз элемент (көміртек, алтын, күміс, қалайы, сынап, қорғасын, темір және күкірт) белгілі болды. Ол кезде адамдар элементтерді химиялық жолмен бөлінбейтін ең кіші бөлшек деп санады. XIX ғасырдың аяғына дейін 63 элемент ашылды. Ал қазіргі кезде 118 элемент белгілі, олардың 92-сі табиғи элементтерге жатады.
Элементтер тәбиғатта бос және қосылыс күйінде кездеседі. Сонымен бірге литосфера, гидросфера және атомосферада тәбиғи элементтер әр түрлі пайыздық үлеспен кездеседі. Кестеде айналамыздағы кейбір элементтердің биосферерада ұстайтын массалық үлестері көрсетілген:
Достарыңызбен бөлісу: |