– материалық дүниені құрайтын заттардың қасиеттерін және бір-біріне айналуын зерттейтін фундаменталдық ғылым. Бiз зат деп белгілі жағдайда тұрақты химиялық және физикалық қасиеттерге ие материяның кез келген түрiн айтамыз.
Химия заттардың құрамын, құрылысын, реакцияға қабілеттілігін және тұрақтылығын, бір заттардың басқа заттарға өзгеруінің тәсілдері мен жолдарын зерттейді. Заттардың өзгеруі әрқашан физикалық құбылыстармен қатар жүреді: жарық шығару, жылу мен электр тогын бөлу және т.б., сондықтан химия физикамен тығыз байланысқан (кванттық химия, физикалық химия, радиохимия).