«Химияны оқыту әдістемесі» пәні
бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2022 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
M013 – Химия педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)
шифр білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны: Тестіге «Химияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
№
|
Тақырыптыңмазмұны
|
Қиындық деңгейі
|
Тапсыр
малар саны
|
1
|
Химияны оқытудың теориялық негіздері
|
1-А
1-В
1-С
|
3
|
2
|
Химияны оқыту әдістері
|
1-А
1-В
2-С
|
4
|
3
|
Орта мектепте химияның алғашқы ұғымдарын қалыптастыру
|
1-А
1-В
2-С
|
4
|
4
|
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы ұғымдардың қалыптасуы
|
1-А
1-В
1-С
|
3
|
5
|
Химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын оқыту әдістемесі
|
1-А
1-В
1-С
|
3
|
6
|
Органикалық заттарды оқып-үйрену методикасы
|
1-А
1-В
1-С
|
3
|
Бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
|
20
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
«Химияны оқыту әдістемесі» пәнінің мазмұны жалпы орта білім беретін мектептегі білім мазмұнын, құрылымын, оқытудың әдістері мен тәсілдерін, сабақ формаларын және қазіргі таңдағы заманауи әдістер мен технологияларды қамтиды. Сондай-ақ , химияны оқыту әдістемесі педагогика және психология пәндерімен тығыз байланысты білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқушыларға әртүрлі химиядан өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру; оқыту бағалауды, өндіріс орындарында ұйымдастыру мен өткізуді , өндіріс орындарындағы оқу – тәжірибелік және педагогикалық практиканы жоспарлау мен ұйымдастыру, оқушылармен бірге онда жұмыс өткізу дағдыларын қалыптастырады.
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.
Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:
жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);
орташа (B) – 8 тапсырма (40%);
қиын (C) – 6 тапсырма (30%).
7. Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау:
Үміткер тест тапсырмаларында берілген жауап нұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда үміткер 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін үміткерге 0 балл беріледі. Үміткер дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Нұғыманов И., Шоқыбаев Ж.Ә., Өнербаева З.О. Химияны оқыту әдістемесі. “print-s”, Алматы. 2015 ж. 233б
2. Мансуров Б.А. Органикалық химия.10-11 сынып оқулығы. Алматы мектеп. 2010ж.
3. Өнербаева З.О. Химияны оқыту әдістемесі // Оқу құралы. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі. – Алматы, 2011.
4. Өнербаева З.О. Педагогикалық практика әдістемесі (химия пәні негізінде). Оқу құралы. Алматы, 2016.
5. Өнербаева З.О. Химиядан есептерді шығару әдістемесі (оқу-әдістемелік құрал) Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы. Алматы, 2017. – 228 б. Екінші басылым. 228
6. Z.Unerbayeva Chemical training method practice Kazakh National Pedagogical University named after Abay. “Ulagat”, 2018. – 166 p.
Достарыңызбен бөлісу: |