Хинтон келесі мәселелерге алаңдаушылық танытты



Дата17.04.2024
өлшемі18,97 Kb.
#200954
Байланысты:
ИИ


Көптеген жылдар бойы фильмдерге, әдеби оқиғаларға арқау болған ақылды роботтар енді біздің өмірімізге енуде. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында, жасанды интеллект деген тіркесті жиі естіп жүріміз. Үйіміз, көлігіміз, тіпті үйіміздегі тұрмыстық техникалардың өзі ойланып, өзі жұмыс істейтін деңгейге жеткен.
Сонымен қатар, жасанды интеллект блокчейндер, қаражат аудару мен оны бақылау саласында, интернет құрылғыларын байланыстыру мен интеллектуалды камераларда қолданылады. 
Жасанды интеллект - бұл анықталуы қиын ұғым, дегенмен оны машиналар жүргізетін интеллект деп түсінуге болады. Адамның ойлау қабілетімен жасанды интеллект арасында айырмашылық бар. Биологиялық интеллектпен салыстырсақ жасанды интеллектте сана мен эмоция болмайды. Оны қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз.
Жасанды интеллект өздігінен жұмыс істейтін бағдарлама емес, ол құрылғыларға қондырылған кезде ақпаратты анықтап, сараптап, біріктіру арқылы белгілі бір шешім шығаруға ұсыныс жасайды, ал кей жағдайларды сол шешімдерді өзі қабылдайды. Жасанды интеллект әлі де дамып, өміріміздің барлық саласына енеді. Шынымен жасанды интелект өмірімізге қауіп төндіреді ме?
Ғалымдар жасанды интелекттің қауіптері туралы айтты. 30 жылдан кейін жасанды интелект ондаған миллион адамды жұмыссыз қалдырмай ма? Қазірдің өзінде үлкен корпорацияның басшылары жасанды интелектті қолданатын жерге адамдарды жұмысқа қабылдамайтынын айтуда.
Жасанды интеллекттің «негізін салушы» және Google компаниясының бұрынғы вице-президенті Джеффри Хинтон жасанды интелекттің қарқынды дамуына байланысты компаниядан кетуге шешім қабылдаған.
Хинтон келесі мәселелерге алаңдаушылық танытты:

  1. адамдардың жұмыс орындарын автоматтандырылған жүйелермен ауыстыру;

  2. жасанды интеллектті пайдалану арқылы жалған ақпараттар таралуы мүмкін;

  3. толық автономды қаруларды әзірлеу, кейін бұл мәселені басқару қиын болуы мүмкін;

  4. жасанды интеллект модельдерінің бақылауға жатпайтын әрекеттері пайда болуы мүмкін;

Хинтонның айтуынша, жасанды интеллект жүйелері болашақта адам интеллектінен асып түсуі мүмкін, бұл біраз алаңдаушылық тудырады.
Студенттер нейрондық желілер арқылы дипломдық жұмыстарын 38 сағатта дайындағанын айтуда. Университтер құпия ақпараттары жария етіліп кете ме деп қорқады. Нейрондық желілер дегенде көп адам түсінбейді, одан қорқады.
Жақында Джо Байден ірі IT-компаниялардың басшыларымен кездесіп, жасанды интеллект пен оның қарқынды дамуына байланысты тәуекелдерді талқылады. Негізгі қауіптердің бірі - жақын арада нейрондық желілер жасаған мазмұнды адам жасаған мазмұннан ажырату мүмкін болмайды.
ChatGPT («Чат GPT») 2022 жылдың соңында шыққан жалпы пайдалану үшін қол жетімді нейрондық желі болып табылады. ChatGPT деген — тапсырмаңызға байланысты жұмыс әзірлеп беретін чат-бот. Оның қолынан көп нәрсе келеді. Мысалы сізбен диалог жүргізіп, кодта кеткен қателерді тауып, белгілі бір тақырыпқа эссе не өлең жазып шыға алады, әртүрлі сұрақтарға жауап бере алады және адамдарға ақпаратты табуға көмектеседі. ChatGPT-ді барлығын білетін және сыпайы сөйлесетін виртуалды көмекшімен салыстыруға болады. ChatGPT-тың ашық пайдалануға шыққана екі айдан астам уақыт өтті, осының өзінде жер шарының әр түкіріндегі миллиондаған адам ChatGPT-ті әртүрлі салада қолдана бастады.
ChatGPT-дің әртүрлі сұрақтарға жауап беретін әдеттегі іздеу жүйелерінен айырмашылығы, сұратылған көмекші сөздерге сәйкес келетін дайын жауаптарды ғана береді. Ал нейрондық желі нәтижені мәтіндік форматта ғана жасай алады. Барлық жұмысты биологиялық ми жасағандай жасайды.
OpenAI компаниясының өнімі болып табылатын ChatGPT лингвистикалық хамелеон, ол Толстойды да Шекспирді де жаза алады, тіпті сотталушылар осы арқылы сотқа өтініш жазған, оның мазмұны нағыз адвокат жазған мәтіннен кем емес болып шыққан, сондай-ақ мәтін арқылы сурет жасай алады, мамандар алынған нәтижеге риза. ChatGPT қиын сауалдарға жауап бере алады. Қолданушылардың айтуынша, боттың берген жауабы Google-дағыдан әлдеқайда нақты, әлдеқайда түсінікті, сондықтан оны Google-мен салыстыруға келмейді.
Жасанды интеллект (ЖИ) жасаушылар қуатты жүйелерді зерттеуді тоқтатуы керек. 2023 жылғы 28 наурызда Future of Life ұйымының сайтында осындай үндеу жазылған ашық хат пайда болды. Оған Tesla, SpaceX және Twitter компанияларының бас директоры Илон Маск, Pinterest негізін қалаушы Эван Шарп және Apple негізін қалаушы Стив Возняк және т.б. қол қойды.
Мәтін авторлары: «Біз машиналарға ақпараттық арналарымызды үгіт-насихатпен толтыруға рұқсат беруіміз керек пе? Біз барлық жұмыс орындарын автоматтандыруымыз керек пе? Ақыр соңында бізден асып түсетін, бізді қажет етпейтін және бізді алмастыратын жасанды ақыл-ойларды дамытуымыз керек пе? Өркениетімізді бақылай алмай қалу қаупі бар ма?», -деген сұрақтар қойған.
Хаттың авторлары үлкен зерттеулердің нәтижелері бойынша ЖИ жүйелерінің интеллекті қоғамға қауіп төндіретініне назар аударған.
Chat GPT жоғалып кетуі мүмкін деген мамандықтар тізімін жария етті. Олардың алдында стенограф, аудармашы, рекдактор, журналист, жазушы, сценарист, бухгалтер, курьер тіпті даяшы да бар. Аталған мамандық иелеріне жасанды интелект алдымен соққы бермек. Бірақ чат-ботта сана мен эмоция болмағандықтан, оның аздаған кемшіліктері бар. Оны жұмыс барысында ескеру маңызды. Мәселен, кейде ChatGPT ешқандай мәні жоқ не қате жауап беруі мүмкін. Чат-бот сұрақты сәл өзгертіп не сол сұрақты қайта қойғанда өте сезімтал.
Жасанды интеллект барлық салаға еніп жатыр. Оның ішінде медицина саласы да бар. Нейрожүйе дауасы жоқ дерттердің бастапқы кезде пайда болуын анықтауды үйреніп жатыр.

Егер адамның миы ойлауға арналған органдардың жиынтығы болса, біздің барлық психикалық процестеріміз, шын мәнінде, біздің басымызда көптеген жүйке жасушалары жұмыс істейтіндігінің салдары деп ойлауға болады. Адамның орташа миында қанша нейрон бар? Адам миында болып жатқандар нейрондық желіден айырмашылығы бар. Адам миы мен нейрондық желі бірдей шешім қабылдағанмен, оның ішіндегі механика бірдей деген сөз емес. Нейрондық желі 30 жылдан кейін жұмыс орындарын қысқартады.


Нейрондық желі – адам миының әрекеті принципіне негізделген, бірақ оның аналогі болып табылмайды. Нейронды желі нейрондар байланысынан тұрады, Нейронды желі – адамның интеллекті сияқты жұмыс істейді, адам сияқты оқуға, үйренуге қабілетті.
Ересек адамның миында шамамен 100 миллиард немесе 86,000,000,000 нейрон бар деп есептеледі. Адам миында қанша нейрон бар екенін есептеу кезінде ескеру қажет тағы бір аспект - бұл көрсеткіш адамның жасына байланысты өзгеретінін ескеру керек. 
Нейрондық желілер ақпарат кеңістігіне ғана емес, жалпы біздің өмірімізге де өте жылдам еніп кетті және технологиялық алпауыттардың соңғы ірі инвестицияларын ескере отырып, нейрондар бізбен өте ұзақ уақыт бойы болғаны анық болды.
Нейрондық желілер - ми сияқты ақпаратты талдайтын және тапсырмаларды орындай алатын арнайы компьютерлік бағдарламалар. Бұл деректердің үлкен көлемін талдау және нәтижелерді біртіндеп жақсарту арқылы жүзеге асырылады, компьютер бәрін тезірек жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет