суды сыртқа шығаратын бүйректің қызметі бүлінуден немесе осы екеуінің біріккен әсерлерінен дамуы ықтимал.
Гипергидратация түрлері
Изомостық гипергидратция сырттан изотониялық сұйықтарды емдеу мақсатта тым артық жібергеннен кейін қысқа мерзімде байқалуы мүмкін. Бұндай жағдай жиі ісінулер кездерінде байқалады.
Гипомостық гипергидрация (сумен улану ) организмге қайталап көп су жіберуден дамиды. Бұндай жағдай клиникада рефлекстік анурия және бүйрек жеткіліксіздіктері кездерінде байқалады.Бұл кезде:
- қан сұйылып кетеді
- нәруыздың, электролиттердің, гемоглобиннің деңгейлері салыстырмалы түрде азаяды
-зәр шығарылуы томендейді
-бас сұйек ішінде қысым көтеріледі. Осыдан қатты бас ауыруы, лоқсу, құсу. дірілдеу – селкілдеу ұстамалары және кома дамиды.
Гиперосмастық гипергидгидратция теңіз суын ішуіне мәзбүр болғанда, көп гипертониялық сұйықтықтар енгізгенде байқалады. Жасуша сыртында осмостық қысым көп болғандықтан сұық жасуша ішінен сыртына көптеп шығып кетеді. Содан жасушаның сусыздануыболады (гиперосмостық гипергидратцияны қараңыз).
Судың артық мөлшері қанда ұсталып тұрмай тіндерге, ең алдымен жасуша аралық кеңістіктерге ауысады.осыдан ісіну дамиды.