Операция алдындағы кезең Хирургиялық операция — науқастарды емдеудің негізгі, маңызды кезеңі екені сөзсіз. Операцияның сәтті аяқталуы үшін операция алдында мұқият дайындық пен операциядан кейін санатты ем қажет. Анық диагноз қоюдың, операцияға көрсеткіш пен қарама-қайшылықтарды анықтаудың маңызы науқас үшін бірдей.
Операция алдындағы дайындықтың негізгі мақсаты — операция үстінде және операциядан кейін кездесетін асқынулар қаупін азайту.
Операция алдындағы кезең екі этаптан түрады: Диагностикалық және дайындық этаптары. Осы этаптарда операция алдындағы негізгі мәселелер шешіледі. Операция алдына қойылған мақсаттарды орындау үшін мына мәселелерді шешуі тиіс:
науқасқа дәл диагноз қойып, операцияға көрсеткіш пен жасау мерзімін анықтауы тиіс;
негізгі ағзалар мен жүйелердің жағдайын бағалауы тиіс (қосымша дерттерін анықтау);
науқасты психологиялық тұрғыдан дайындауы тиіс;
жалпы соматикалық дайындық жүргізуі тиіс;
көрсеткіштеріне байланысты арнаулы дайындықты да жүргізуге міндетті;
науқасты операцияға дайындау;
Алғашқы екі мәселені шешу диагностикалық этаптың құзырында болса, келесі сүрақтары дайындық этапының қүрамына кіреді.