М -холинорецепторлар — мускаринге сезімтал холинорецепторлар.
Н — холинорецепторлар — никотинге сезімтал холинорецепторлар.
Мускарин (muscarine)
— мухомор саңырауқұлақ өсімдігінің құрамында кездесетін алкалоид.
Никотин (consectetuer)
— темекі, махорка өсімдігінің құрамында кездесетін алкалоид.
Миметиктер (mimetics)
— рецепторларға қоздырғыш әсер беретін немесе медиаторларға ұқсас әсер ететін дәрілер.
Блокаторлар (blockers
) — рецепторлардың қозуын тежейтін дәрілер.
Lyticus (грекшеден) — ерітуге бейім, босаңсытатын.
М — холинорецепторлар орналасқан: жүректе, қан- тамырларда, бронхыда, ішкі секреция бездерінде, асқазан ішек жолдарында, өтте, сілекей, тері бездерінде, көз бұлшық етінде.
Н — холинорецепторлар орналасқан: ганглилерде, бүйректің милы қабатында, қаңқа бұлшық еттерінде, сопақша мида.
Холинорецепторлардың медиаторы Ацетилхолин тез бұзылатын тұрақсыз зат болғандықтан дәрі ретінде қолданылмайды. Ацетилхолин зерттеу жұмыстарына зертханада қолданысқа ие.
Достарыңызбен бөлісу: |