Наркотикалық емес анальгетиктердің немесе стероидты емес қабынуға қарасы заттардың жіктелуі. Стероидты емес қабынуға қарсы заттардың әсер ету механизмі. Негізгі фармакологиялық әсерлері, жанама әсерлері. Стероидты емес қабынуға қарсы заттарды қолдану көрсеткіші.
Наркотик емес анальгетиктер-ОНЖ-ға әсер етпей, есірткіқұмар пен наркозды туындатпай ауыру сезімін басатын дәрілер
Наркотик емес анальгетиктердің жіктелуі:
1.Парааминофенол туындысы: Парацетамол (Панадол, Эфералган)
2. Пиразолон туындысы: Метамизол (Анальгин)
3. Антранил қышқылының туындысы: Мефенам қышқылы
4. Индолсірке қышқылының туындысы:Кеторолак
ҚҚБП-қабыну процесінің дамуын тежейтін дәрілер.
ҚҚБП-дың жіктелуі
ЦОГ-тың бейселекциялық тежегіштері:
1. Салицил қышқылының туындылары: ацетилсалицил қышқылы
2. Пиразолон туындылары:бутадион, анальгин, реймокс, клофезон
3. Индолсірке қышқылының туындылары:индометацин, кеторолак
4. Фенилсірке қышқылының туындылары: диклофенак-натрий
5. Фенилпропион қышқылының туындылары: ибупрофен, напроксен
6. Антранил қышқылының туындылары: флуфенам қышқылы, мефенам қышқылы
Таңдамалы түрде Цог-2-ні тежейтіндер:
7. Оксикам туындылары: пироксам, мелоксикам
8. Сульфонанилид туындылары:нимулид, целекоксиб
Стероидты емес қабынуға қарсы заттардың әсер ету механизмі
Циклооксигеназа-арахидон қышқылынан простагландиндердің түзілуіне қатысатын бір топ ферменттері. ЦОГ-1-әртүрлі ағзалардың жасушаларында кездесетін ПГ-дің түзілуін реттейтін фермент. ЦОГ-2 қалыпты жағдайда тіндерде өте аз мөлшерде болады, бірақ қабыну кезінде оның мөлшері жоғарылайды. ЦОГ-2 қабыну медиаторларының белсенділігін потенциялаушы, қабыну ошағында ауыру рецепторларын тітіркендіретін, жылу реттелу орталығының белсенділігін реттеуге қатысатын, жасушалық пролиферацияға, мутагенезге, десрукцияға ықпал жасайтын, қабынбалық простагландиндердің түзілуіне қатысады.
ҚҚБП 1 және 2 типті ЦИКЛООКСИГЕНАЗА ферменттерін тежейді. ЦОГ-2 тежеп, қабыну процесінің тежелуіне, температураның қалыпты деңгейге келуіне жағдай жасайды, аналгетикалық әсер көрсетеді. ЦОГ-1 тежелуі әртүрлі жанама әсерлерге акеледі, мысалы ҚҚБП-ның ульцерогенді әсері. Сондықтан селективті әсер ететін ЦОГ-2 блокаторлары біршама белсенді болады және жанама әсерлері аз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |