ре1 - до2 1 сынып (7-8 жастағы) ре1 / до1 / – до2/ре2/; 2 сынып (8-9 жастағы) до1 – ре2; 3 сынып (9-10 жастағы) до1– ре2 /ми2/; 1-ші дауыс 2-ші дауыс
4 сынып (10-11 жастағы) до1 – ми2; до1 – до2; 5 сынып (11-12 жастағы) до1 – ми2 /фа2/; сик – ре2; 6 сынып (12-13 жастағы) до1 – ми2; ляк /сик / – ре2/ до2/; 7 сынып (13-14 жастағы) ми1/ ре1/ – си1/ до2/; сик – до1;
8-11 сыныптар (14-16/17/ жастағы) сик – фа2 /соль2/; рек - ре2 Балалар хорының орындаушылық сипаты жас ерекшеліктеріне байланысты вокальдық орындау мүмкіншіліктерімен тығыз байланысты.
1. Кіші сынып оқушыларының хоры – кішкентайлар хоры, бұған 1-2 сынып оқушылары кейде көбінесе 3 сынып оқушыларын қосуға болады.
2. Орта сынып оқушыларының хоры – орташалар хоры, бұған 3-4 сынып оқушылары кейде 5 сынып оқушыларын қосуға болады.
3. Жоғарғы сынып оқушыларының хоры – үлкендер хоры, бұған 5-7 сынып, кейде өз қалауларымен 8-10 сынып оқушылары, әсіресе қыздардың қатысуына болады.
Вокалды-хор үйірмесінің мақсаты оқушыларды өнер құндылықтарын сезіну,таза және мәнерлі ән салу,тіл,сөз өнерін меңгеру, олардың бойында адамгершілік-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру,шығармашылықтарын арттыру болып табылады.
Хормен ән айту көпшілік өнер болып табылатындықтан балаларды достыққа, татулыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Қорыта айтқанда музыка өнері –адамның сана сезіміне әсер етіп,ой-өрісінің дамуына әсер ететін күшті құрал.
Кез-келген мектепте хор үйірмесі болуы керек. Ал хор үйірмесінің тәрбиелік мәні зор. Оқушылардың үйірмеге қатыса жүріп, өнерге деген сүйіспеншіліктері, қызығушылықтары молайып, музыка сабағына да ынталары арта түседі. Сонымен бірге татулыққа, достыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиеленеді.