Негізгі хостинг-провайдерлер тапсырыстарды автоматты түрде өңдейді. Хостингті сатып алу үшін хостинг-провайдер сайтында қажетті хостинг түрін таңдау, жалпы тіркеу деректері бар өрістерді толтыру қажет, осыдан кейін жүйе автоматты түрде төлем шотын қояды, оны онлайн режимде ыңғайлы тəсілмен немесе төлем картасы арқылы немесе төлем терминалдары арқылы төлеуге болады. Шот төленгеннен кейін биллинг жүйесі серверге сайтты орнату бойынша жұмыстарды жүргізу үшін сатып алынған хостингке қол жеткізуді электрондық пошта адресіне автоматты түрде жібереді.