Христиан өнері



Дата08.11.2022
өлшемі2,33 Mb.
#156964
Байланысты:
симиотика

Христиан өнері

Орындаған:Байтұрған І.А.

Тексерген:Кудерина А.

  • Христиан құпиялары хаостық және құдайсыз өмірдің жүрегінде ашылғанды. Оның «жарығы түнекте нұр шашты», бірақ ол өзі тараған аумақты түгелдей өзгерте алмады. Сондықтан христиандық өнер Шығыстың ежелгі өркениеттерінің өнерімен салыстырғанда, стилі бойынша да, рухани деңгейі бойынша да үзіктеу, толық еместеу көрінеді. Біз кейінірек ислам өнерінің пішін біркелкілігінің белгілі бір дәрежесіне тек қана грек­рим әлемінің көркем мұрасынан бас тарту арқылы жеткенін, кем дегенде, живопись пен мүсіншілікте солай болғанын айтамыз. Христиандықтың алдында мұндай проблема болған жоқ: христиандық ақыл­ой Құтқарушының тұлғасына назар аударған күйінде бейнелеу өнеріне мұқтаж болды, христиандық антикалық көркем мұрадан бас тарта алған жоқ; алайда, одан үйрену­көшіру процесінде руханилыққа қарсы мағынадағы натурализмнің белгілі бастауларын қабылдады.
  • Осы мұраның ғасырлар бойы ассимиляция процесінен өткенше қарамастан, оның жасырын натурализм рухани сана әлсіреген тұстарда, тіпті, дәстүрмен кетісу дәуірі болған Ренессанстан да бұрын, бой көтеріп отырды. Шығыстың дәстүрлі өркениеттерінің өнерін сакральді (киелі) және зайырлы (дүнияуи) деп бөлуге болмайды, себебі сакральді үлгілер, тіпті, кең тараған нәрселерден де көрінеді, ал христиан әлемінде сакральді өнермен қатар, діни, аз­кем «дүнияуи» пішіндерді пайдаланатын өнер де бар. Нағыз христиандық шабыттан бастау алатын өнер Христ пен Құдай анасының табиғасы құдіретті бейнелерінен басталады.
  • Осы өнермен қатар дәстүрлі ұсталық­шеберлік дәстүрлері де өмір сүріп, олар да христиандық бола бастады, дегенмен, олар да киелі, олардың шығармашылық амалдарында христиандықтың рухани ақиқаттарына тікелей сәйкес келетін бастапқы даналық жатыр. Осы екі ағым — дәстүрлі икона жазу және шеберлік дәстүрлері, пифагорлық мұрадан дамып шыққан литургиялық музыкамен бірге, христиан өркениетіндегі «киелі өнер» деп аталуға лайық элементтер. Киелі бейненің, «ақиқи иконаның» (vera icon) дәстүрі шынында теологиялық нәрсе, ал оның бастаулары (қайнарлары) әрі тарихи, әрі киелі. Бұл христиандықтың ерекше табиғасына сәйкес нәрсе, ол жайлы төменіректе айтпақпыз. Біз үшін христиандық өнердің шығуы Константинге дейінгі дәуірдің түнегінде қалып қоюы таңданарлық та нәрсе емес, себебі апостолдық деп мойындалған көптеген дәстүрлердің бастаулары дәл осылайша ұмытылған­ ды.
  • Христиандықтың ерте ғасырларындағы бейнелеу өнеріне байланысты кейбір күмәндардың болғаны рас. Бұл иудейлік ықпалға да, ежелгі құдайсыздыққа мүлде ұқсамайтындықтың да әсері еді, өйткені барлық жерде ауызша дәстүр әлі тірі еді және христиандық толық гүлдене қоймаған болатын, сондықтан христиандық ақиқаттарды бейнелеу салыстырмалы ғана, онда да айырықша себептермен, әлсіз роль атқарады. Бірақ, кейін, бір жағынан әлеуметтік еркіндік, екінші жағынан бірлікке, қауымшылдыққа деген ұмтылыс діни өнерді қолдады, тіпті, оны қажетті нәрсеге айналдырды. Егер дәстүр өзінің күллі рухани өміршеңдігімен осы мүмкіндіктің табиғасына сыйымды рух бере алмаса, бұл өгей, жат нәрсе болып шығар еді.
  • Христианға дейінгі дәуірлерден тамыр тартқан шеберлік, ұсталық дәстүрге келсек, ол космологиялық дүние, себебі ұстаның жұмысы Ғарыштың Хаостан пайда болуын толық қайталайды; сондықтан, оның дүниені көруі христиандық аянмен (откровение) тікелей байланысты емес, христиандық тіл априорлы түрде космологиялық емес. Әйтседе, шеберлік символизмінің христиандықпен біте қайнасуы өмірлік қажеттілік еді, шіркеу бейнелеу өнеріне мұқтаж болды — оған өзіне көзге түсерлік пішін табу керек­тін, сол себепті шеберлікті игере отырып, оның бойындағы рухани потенцияны қабылдамасқа шарасы болмады.
  • Оның үстіне, қолөнершілік символизмі христиан қаласының психикалық және рухани құрылымында тепе­тендік факторына айналды; ол аскеттік христиан моралінің бір жақты қысымын жұмсартып, оның есесіне, тәңірлік ақиқатты «моральдық емес» жолмен күштемей ашып отырды. Қасиетті болғысы келетін кісінің не істеуі керектігі туралы уағызға қолөнер символизмі өзінің сұлулығымен де киелі ғарышты көруді қарсы қойды 33 , ол адамды табиғи, өз ерік­ынтасымен қасиет әлеміне жетелей білді. Қолөнершілік мұрасын грек­рим натурализмінің қағынан — даңққа мас кісінің қылығынан арылтқан христиандық осы мұрада сақталып қалған, ғарыш заңдарын қайтадан растайтын өшпес белгілерге еркіндік берді 34 . Теологиялық негіздегі таза христиандық дәстүр мен христианға дейінгі космологияның арасындағы түйісу нүктелерін катакомбалардағы христиандық символдарынан, әсіресе, алты және сегіз шабақты дөңгелек пішіндегі монограммадан аңғаруға болады.
  • Өте ежелгі дүниенің мұрасы болып есептелетін осы монограмма не жеке­жеке тұрған, немесе крест арқылы біріктірілген грек әріптерінен — «хи» мен «ро»­дан тұратыны белгілі. Осы белгі шеңбер ішіне жазылса, ол ғарыш дөңгелегінің пішініне айналады, кейде ол шеңбер ішіне жазылған кәдімгі крестпен алмастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет