Хромосоманың химиялық құрамы 35 — 40% ДНК дан тұрады, 60-65% гистонды және гистонды емес белоктардан тұрады. Гистонды белоктардың 5 түрі бар: H1, H2A, H2B, H3, H4. Гистонды емес белоктарға құрылымдық белоктар, реттеуші белоктар және фермент молекулалар жатады.
Митоздық Хромосомалар екі иіннен, алғашқы тартылыстан, центромерадан тұрады.Хромосома литоздық хромосоманың қысқа иіннің, ұзын иіннің әріпімен бейнелейді. Центромера жасуша бөлінуі кезінде хромосоманың қозғалуын қамтамасыз етеді. Егер центромера болмаса, хромосомалар қозғала алмай, жойылады.Әрбір хромосома ұзына бойына екі тепе тең бөліктен тұрады, оларды хроматидалар деп атайды. Митоздың анафаза сатысында хромосомалар екі хроматидаға ажырап, олардың әрқайсысы бөлінуші жасушаның қарама — қарсы полюстеріне қарай тартылады. Әрбір хроматидада екі ширатпа болады, оларды хромонемалар деп атайды, олар ДНК молекуласының жіпшелері болып табылады.