Хромосома иіндерінің өлшеміне, центромераны орналасуына қарай хромосомалардың бірнеше түрлерін ажыратады:
Телоцентрлік хромосомалар бір иінді хромосом Акроцентрикалық бір иіні жақсы дамыған, ал екіншісі нашар дамыған, центромера хромосома ұшына жақын орналасқан Субметацентрикалық немесе әртүрлі иінді бір иіні екіншісіне ұзын, центромера хромосомасының бір ұшына қарай ығысып орналасқан Метацентрикалық немесе тең иінді иіндерінің ұзындығы бірдей, центромера хромосомасының дәл ортасында орналасқан
Хромосомалар жасуша бөлінуінің метофаза сатысында, арнайы бояулармен боялғаннан кейін, микроскоп арқылы арнайы айқын көрінетін эукариодтар ядросының генетикалық аппаратының бір құрылымы.Хромосомалар ядрода үнемі болады, бірақ жасуша циклының интерфаза кезеңдерінде ол субмикроскопиялық хроматин күйінде болып көрінбейді.Хромосомалардың негізгі химиялық компоненті болып ДНК жіпшелері саналады, олардың жалпы ұзындығы 190 см. ДНК жіпшелері гистондық ақуыздармен байланысып, оралып нуклеосома жіпшесін түзеді, оның ұзындығы ДНК жіпшелерінің үзындығынан 6,2 есеге кем, ал диаметрі 10Нм. Нуклеосома жіпшесі әрі қарай ширатылып, тығыздалып хроматин жіпшесіне айналады, оның ұзындығы нуклеосома жішесінің ұзындығынан 18 есе, ал ДНК жіпшелерінің ұзындығынан 100 есе кем болады. Хроматин жіпшесінің диаметрі 100, 200 Н м ге тең. Хроматин эухроматин және гетерохроматин күйінде болады. Эухроматин митоз кезінде тығыз ширатылып, митоздан кейін ширатылуы босайтын учаске. Бұл жерлерде орналасқан гендер экспрессияланады.