тегі аяқтаушы деп аталады. Сондай-ақ оларды ашылушы және жабылушы деп те атайды. Осы тегтердің көмегімен веб-дизайнерлер мәтін, пікір және контентте кездесетін басқа да мәтінге ұқсас нәрселер жаза алады.
Сурет 1. HTML тілінің тарихи логотипі
Веб браузердің мақсаты – осы HTML тілінде жазылған құжаттарды оқып, веб-беттерде оқуға ыңғайлы, оқырманға көрінетіндей етіп шығарып беру. Браузерлер HTML тегтерін шығармайды, алайда сол тегтерді беттің контентін интерпретациялауда қолданады.
HTML элементтер кез келген веб-сайттардың негізгі құрушы блоктары болып табылады. HTML суреттер мен объектілерді қойып, оларды интерактивті формаларға айналдыра алады.
Тақырып, азатжол, тізім, дəйексөз сияқты мәтіннің құрылымдық семантикасын білдіріп, құрылымдық құжаттар құрады. Веб-беттердің жұмысынан әсер ететін JavaScript сияқты тілдердің скрипттерін қояды.
Веб-браузерлер контенттің сыртқы көрінісін, мәтіндердің және басқа да материалдардың орналасуын анықтау үшін каскадтық стильді кестелерді (Cascading Style Sheets - CSS) де қолданады. HTML және CSS стандарттарын қадалаушы W3C ұйымы (World Wide Web Consortium (W3C) халықаралық World Wide Web (қысқаша WWW немесе W3) стандарттау ұйымы) HTML белгілеу тіліне CSS қосып пайдаланса, көрнектілеу болатынын айтады.
HTML құрылымы, негізгі тегтер. HTML құжатының құрылысы бірінің ішіне бірі салынған контейнерлерді қолдануға мүмкіндік береді. Шынында да, құжаттың өзі бұл «HTML» атымен аталатын бір үлкен контейнер. Мысалы, мына суретті алайық.
Сурет 2. «HTML» контейнері
Зертханалық жұмыс №1HTML құжатының құрылымы Мысал HTML құжатының негізгі құрылымдық қаңқасын құрайтын тегтерді көрсетеді:
Құжат мазмұны
HTML элементінің өзі немесе гипермәтіндік құжат – құжаттың басынан (HEAD) және денесінен (BODY) тұрады:
Құжаттың аты
Құжат денесінің мазмұны (мысалы: мәтіндер, суреттер, кестелер)