Психология пәнінен емтихан тесті
1. Бақылаудың нәтижесін талдауда болатын қиындық туғызатын жағдай:
Субъективтік уайымдар мен күйзелістер
Зерттеу болжамын сыналушыларға айту
Түсініксіз құбылыстар
Зерттеу мақсаты
Оқыту мен тәрбиелеу
2. Басқа адамды сол субьектінің өзінің ерекшеліктеріне саналы немесе санасыз ұқсастыру арқылы түсіну тәсілі
Идентификация
Рефлексия
Стереотипизация
Аттракция
Эмпатия
3. Кинесика зерттейді
Тілдің грамматикалық құрылысын
Ауызша сөйлеуді
Жазбаша сөйлеуді
Ым-ишараларды, дене қозғалысын және дене тұрысын
Тілдің морфологиялық құрылымын
4. Алғашқы экперименталдық психологиялық лаборатория ашылған жер:
Франция
Ұлыбритания
Германия
АҚШ
Австрия
5. Алғашқы экперименталдық психологиялық лаборотория ашылған жыл:
6. Алғашқы экперименталдық психологиялық лабораторияның негізін қалаушы:
З.Фрейд
В.Вундт
В.Вольф
А.Маслоу
К.Роджерс
7. Жан туралы ғылыми пікірді ұсынған шығыс ойшылы:
Ибн Сина
Демокрит
Лукреций
Платон
Аристотель
8. Проксемика зерттейді
Кеңістік пен уақыттың ерекшеліктерін
Ауызша сөйлеуді
Жазбаша сөйлеуді
Ым-ишараларды, дене қозғалысын және дене тұрысын
Тілдің морфологиялық құрылымын
9. Жан туралы ғылыми пікірді ұсынған шығыс ойшылы:
Демокрит
Әбу-Нәсір әл-Фараби
Лукреций
Платон
Аристотель
10. Психиканың функциясы:
Тіршілік етуді қамтамасыз ету үшін тірі жанның мінез-құлқын реттеу
Механикалық енжар көшіру
Белгілі бір адамға тән тұрақты құрылымдарды сәулелендіру
Адамның өміріндегі барлық түсініксіз құбылыстарды бейнелеу
Дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру
11. Паралингвистика зерттейді
Дауыс тембрын, екпіннің күшін, дауыс үнінің жоғарылығын, қаттылығын
Ауызша сөйлеуді
Жазбаша сөйлеуді
Тілдің грамматикалық құрылысын
Тілдің морфологиялық құрылымын
12. Темпераментті зерттеген ғалым
Э.Кречмер
З.Фрейд
В.Вундт
В.Вольф
А.Маслоу
13. Әлсіз тип
меланхолик
Флегматик
Сангвиник
Холерик
Атлетик
14. Екі немесе бірнеше адамның тілдесуі
Диалогты сөйлеу
Монологты сөйлеу
Ішкі сөйлеу
Сыртқы сөйлеу
Жазбаша сөйлеу
15. Әлеуметтік аймақтың арақашықтығы
120-400
0-45
45-120
46-100
100-120
16. Адам психикасының көріну формасы ретіндегі психикалық қасиет:
Қабілет
Сезім
Қиял
Зейін
Ойлау
17. Денсаулық сақтау шараларына жатады:
Қимыл белсенділігі
Монологты сөйлеу
Кеңістік пен уақыттың ерекшеліктері
Сөйлеудің көркемділігі
Тұлғаның мінез-құлқы
18. Грек тілінен аударғанда психология қандай мағынаны білдіреді
жан туралы ғылым
Сана туралы ғылым
Психика туралы ғылым
Адам туралы ғылым
Іс-әрекет туралы ғылым
19. Психологияның зерттеу әдістері
Бақылау
Детерминизм
Сана
Даму
Іс-әрекет
20. Интроверттік мінез типі:
Ашық
Өзімен-өзі болып жүреді
Ақ жарқын
Өзгермелі
Белсенді
21. Денсаулықтың түрлері:
физикалық
логикалық
құрылымдық
іс-шаралық
белсенділік
22. Жеке адамның бағыттылығы:
Қарым-қатынас
Генотиптік құрылым
Адам
Мотивтер
Тұқымқуалаушылық
23. Жеке адамның бағыттылығы:
Қарым-қатынас
Генотиптік құрылым
Адам
Тұқымқуалаушылық
Қажеттілік
24. Жарнама психологиясы
қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру
Өзінен-өзі қоғамдық өмір жемісі болып табылатын сананың таратушысы
Белгілі бір адамға тән тұрақты құрылымдарды сәулелендіру
Адамның өміріндегі барлық түсініксіз құбылыстарды бейнелеу
Дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру
25. Бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы ұзын адам
лептосоматик
Пикник
Атлетик
Диспластик
иксотомик
26. Тұлға – бұл:
өмір жемісі болып табылатын сананың таратушысы
Қоғамдық-тарихи категория
Өзіндік өзгешелігі бар тұлға
биологиялық эволюцияның нәтижесі
Генотиптік құрылым
27. Тіршілік иесіне табиғатынан берілген табиғи мүшелердің көмегімен жүзеге асырылатын қарым-қатынас түрі
Тікелей қарым-қатынас
Жанамаланған қарым-қатынас
Тура қарым-қатынас
Құралдық қарым-қатынас
Мақсатты қарым-қатынас
28. Жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Тікелей емес қарым-қатынас
Көпшіліктік қарым-қатынас
Жеке адамаралық қарым-қатынас
Тікелей қарым-қатынас
Жазбаша қарым-қатынас
29. Қарым-қатынасқа түсушілердің өзар әрекеттесуін ұйымдастыру, яғни, білім, идеялар және әрекеттермен алмасу
Интерактивті жағы
Коммуникативті жағы
Перцептивті жағы
Көпшіліктік қарым-қатынас
Конъюктивті
30. Темпераменттің типтері нешеу
төртеу
Бесеу
Екеу
Жетеу
үшеу
31. «Организмді шынықтыру» психологияның қай саласына жатады
Денсаулық психологиясы
2. басқару психологиясы
3. заң психологиясы
4. арнайы психологиясы
5. отбасы психологиясы
32. Адамның сыртқы келбетіне және сондай келбетті тұлғаларды ұқсастығымен белгілі топқа біріктіріп, олардың психологиялық сипатын анықтайтын ғылым
физиогномика
Жұлдызнама
Хиромантия
Дерматоглифика
Графология
33. Бұл конфликтінің пайда болу, даму және үшінші жақтың қатысуымен оны аяқтау кезеңдерінде іске асатын саналы іс-әрекет.
Конфликтіні басқару
Компеттентілік
Бірлесіп әрекет ету
Диструктивті
Тұлғаішілік конфликт
34. Оппоненттердің конфликтіні жарым-жартылай келісімге келу арқылы аяқтау тілектерінен тұрады.
Ымыра
Бейімделу
Ынтымақтастық
Бақталастық
Мәжбүр ету
35. Басқа адамдармен байланысқа жеңіл енетін адам
Экстраверт
Гетероверт
Нормостеник
Гиповерт
Интраверт
36. Экстериоризацияның мәні
Іштей сөйлеудің сыртқы сөйлеуге айналуы
Сыртқы сөйлеуді ішкі сөйлеуге айналдыру
Бір адамның ойын жүйелі баяндауы
Іштей өз ойын қорыту
Өз ойын жазбаша түрде беруі
37. Интеллект
ақыл-ой қабілетінің тұрақты құрылымы
топтық қысым
лидерлік
қоғамдық қатынастар
хабарландырылу
38. Конфликт
субъектілердің өзара қарама-қарсы мақсаттары
оқшауланбау
іс-әрекет шындығы
лидерлік
комформизм
39. Адам мінезін алақанның тері бедерлері, түсі арқылы болжастыру жүйесі
Хиромантия
Физиогномика
Дерматоглифика
Жұлдызнама
Графология
40. Қарым-қатынастың құрылымына жатады
интеракция
Манипуляция
Трансакция
Идентификация
Эмпатия
41. Манипуляция
алдау-арбау
«топтық динамика» мектебі
жарнама психологиясы
көпшілік пен элитаны қарсы қоюшылық
әлеуметтік драматургия
42. Мәнерлі әрекет – жазу таңбасына орай адам мінезін анықтауға бағытталған ғылым
Графология
Дерматоглифика
Жұлдызнама
Хиромантия
Физиогномика
43. Бармақ, алақан терісіне тумадан түсетін өрнектер арқылы адам мінезін анықтайтын ғылым жүйесі
Дерматоглифика
Графология
Жұлдызнама
Хиромантия
Физиогномика
44. Мінездің типі
Үйлесімді
Сәйкестік
Логикалық
Жүйелік
Батырлық
45. Рефлексия:
жеке өзіне мән беру
басқа адамның мінез-құлқын түсіндіру
теріс ұғыну
өзін басқалармен теңдестіру
қарым-қатынаста индивид серіктесін жете түсініп қабылдауы
46. А.Маслоу қай елдің өкілі
Нью-Йорк
Германия
Англия
Франция
Ресей
47. Қазіргі кездегі психологияның объектісі және пәні:
тұлға, психика
мінез-қылық, темперамент
санадан тыс үрдістер, ес
iс-әрекет, қарым-қатынас
сана, түйсік
48. Денсаулыққа әсер ететін кеңістік:
климаттық аймақ пен баспан
мінез-қылық, темперамент
санадан тыс үрдістер, ес
iс-әрекет, қарым-қатынас
сана, түйсік
49 Жеке тұлғаның дамуындағы негізгі қозғаушы күшіне жататындар
Қарама-қайшылық
Тәрбиенің принциптері
Өзін-өзі тәрбиелеу әдісі
Оқу материалын түсіндіру барысындағы әрекеттері
Тұқымқуалаушылық.
50. «Психосоматикалық» терминін енгізген ғалым:
Хайнрот
Радищев
Чернышевский
Юркевич
Троицкий
51. ХХ ғасырда психологияның дамуын зор үлес қосқан психолог:
Л.С.Выготский
А.Н.Радищев
Н.Г.Чернышевский
П.Д.Юркевич
М.М.Троицкий
52. Басқаны өз мақсатын жасырып өзіне қажетті іс-әрекетке баулу
манипуляция
Императивтік
Перцепция
Интеракция
Полифония
53. Педагогикалық психологияның тармағы бар:
Жас кезеңдерінің психологиясы
Балалар психологиясы
Оқыту психологиясы
Арнаулы психология
Еңбек психологиясы
54. Эмоционалдық интеллект
адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі
әртүрлі конфликті күшті әсерлерден пайда болатын психофизиологиялық эмоционалды күй
Басқа адамды қажетті не кедргі объект ретінде қабылдау
Қарым-қатынасты білдіртпейтін бет-әлпет көріністері
қарым-қатынастың кеңістік пен уақыттық мөлшерлерді ұйымдастырумен тұғылданатын сала
55. «Конфликт» сөзі қай тілден енген:
Неміс
Француз
Қытай
Латын
Араб
56. Дау-дамайлық жағдаятқа жатады:
нақты уақыт мерзімінде дау-дамайдың дамуы
Дау-дамайдың нәтижесі
Дау-дамайдың ұзақтығы
Дау-дамайдың уақыттық сипаты
Дау-дамайдың қайталануы
57. Ашық қарым-қатынасқа жатады:
өз ой-пікірін жеткізе білу
Қарым-қатынас ережелерінің техникалары
Қарым-қатынас икемділіктерінің жиынтығы
Басқа адамды қажетті не кедргі объект ретінде қабылдау
Қарым-қатынасты білдіртпейтін бет-әлпет көріністері
58. Тұлғаның мінез құрылымы:
Ерік
Дағды
Іскерлік
Тәрбие
Орта
59. Қарым-қатынастың қызметтеріне жатады:
қалыптастыру, дамыту
түсініксіз құбылыстарды түсіндіру
психофизиологиялық құбылыстарды зерттеу
Қадағалау және бағалау
Бағалау, реттеу
60. Топ дегеніміз:
Ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте белгілі уақыт ішінде бір-бірімен қоян-қолтық араласып іс-әрекетке түсетіндер
Біріккен еңбек ұжымы
Тек қағаз жүзіндегі қауымдастық
Органикалық түйсіктер
Ерекше қасиеттерін өмірлік өнеге ететін қиялдағы ұжым
61. Бұқаралық қарым-қатынас
бейтаныс адамдардың тікелей не жанама контакт
Сөздік және бейсөздік құралдар көмегімен жасалынатын контакт
Жазу және техникалық құралдар арқылы жасалынатын контакт
Таныс адамдардың тікелей контактілері
Белгілі тұлғалардың психологиялық контактілері
62. Қарым-қатынас формалары
тікелей, жанама
Ашық, жабық
Ресми, бейресми
Растау, қалыптастыру
Императив, әміршіл
63. Қабiлеттiң дамуының жоғары деңгейi:
данышпандық
эмоционалдық
қызығушылық
дербестiк
Ниет
64. Стресс
әртүрлі конфликті күшті әсерлерден пайда болатын психофизиологиялық эмоционалды күй
үш зоналы бет келбетіне сәйкес эмоцияларғ көңіл бөлу
оптико-кинетикалық жүйе
пантомимик
паралингвистикалық жүйе
65. Көзбен байланыс
проксемика
жестикуляция
визуалды қарым-қатынас
сөздік емес қатынас
экстралингвистикалық жүйе
66. Проксемика
1. паралингвистикалық жүйе
2. оптико-кинетикалық жүйенің мәнділігін зерттейтін сала
3. экстралингвистикалық жүйе
4. қарым-қатынастың кеңістік пен уақыттық мөлшерлерді ұйымдастырумен тұғылданатын сала
5. жестикуляция
67. Кинесика
оптико-кинетикалық жүйенің мәнділігін зерттейтін сала
дауыс сапасы, оның диапазоны, үндестілігі
кідіріс, жөтелеу
проксемика серіктестерді орналастыру
қарым-қатынас
68. Мотивация
түрткі
Ұғым
Ойлау
Пікір
Байланыс
69. Фрустрация
үлкен ірі сәтсіздіктер себебінен индивидтің үміті үзіліп, мақсатқа жетудегі қиыншлықтардын болатын конфликтілі эмоционалды күй
Психик объективті шындықтың себебінен болады
Заттардың мәнді жақтарын жинақтау
Айнала қоршаған дүниемен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы
Барлық психикалық құбылыстар мидың іс-әрекетінің себебінен болады
70. Жеке тұлғаның ғылыми ақиқат жүйесі ретіндегі пікірінің құрастырушылық сипатының формасы болып табылады
Білім
Көзқарасы
Идеалары
Салауатты қоғамдық пікір қалыптастыру
Көз жеткізуі
71. Қарым-қатынас, ол
Айнала қоршаған дүниемен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы
Алған білімді меңгеру
Қазіргі заманды түсінудің проблемасы
Тұлғаның көзін жеткізу
Адамның мінез-құлқы
72. Идентификация (ұқсастыру, теңдестіру)
қарым-қатынаста индивид серіктесін жете түсініп қабылдауы
басқа адамды түсінудегі ерекше тәсіл
теріс ұғыну
тұлғааралық қабылдау
өзін басқалармен теңдестіру
73. қарым-қатынастың өзара байланыстылығына жататындар
коммуникация, интерактивті, перцептивті
Қарым-қатынастағы либералдығы
Қарым-қатынастағы сенімсіздігі
Қарым-қатынас компоненті
Қарым-қатынастың авторитарлық стилі
74. Трансакция
адамдардың әрқайсысының белгілі бір позицияны ұсынып, өзара әрекеттесу бірлігі
басқа адамдармен байланысты орнатып, оны сақтай білу қабілеттілігі
белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі болу
әлеуметтік психологиялық тренинг
қабылданатын адам жөніндегі бұрынғы жинақталған нақтылы қасиеттерін қабылдауда арнайы бағыт беру
75. Аттракция
ұнату
бірлік
ұжым
кеңістік
байланыс
76. Адамның белгiлi бiр объектiнi қажетсiнiп, оны мида бейнелеуi:
мотив
қажеттiлiк
мақсат
әрекет
операция
77. Конформизм
бейімделушілік
бақылау локусы
коммуникация
дау-дамай
мінез-құлық
78 Вербалды қарым-қатынас
тілдік
тілдік емес
конформизм
наным
агрессия
79. Интроспекция, бұл
Өзін-өзі бақылау
Психика
Өзін-өзі белсендіру
Белсенділік
Сана
Терапия
80. Амбивалентті қатынастар
екі ұшты қатынас
жанжалды қатынас
альтруистік қатынас
үйлесімділік
эмоционалды қатынас
81. Апатия
қызықпаушылық
туа біткен инстинктер
тұлға психологиясы
мақсаттық психология
алғырттық
82. Қалыптасу – бұл
Жеке тұлғаның дамуының нәтижесі
Социумда орын алуы
Қалыптасқан тарихи жағдайлар
Ұзақ жүретін қарама-қайшы процесс
Қоғамдық көзқарасының болуы
83. Остракизм
қоғамнан аластатылу
қарым-қатынас
пікір-талас
жағымды бейне
әлсіз дамыған топ
84. Альтруистік қатынас
адамдардың ойы, әрекеті тек жақсылыққа бағышталады
мән беру теориясы
белгілі бір екі білімнің сәйкестігінен туатын шиеленіс
қуаттанудың үйретудегі рөлі
қоғамдық психологияның класы, әлеуметтік тобы, қоғамдық көңіл күй және көпшілік сана
85. Сөздiк, вербальды қарым-қатынас қолданады
тiлдi (сөздi)
ишарат (жест)
Мимика
пантомимика
көз байланысы
86. Тiлдiк емес белгiлiк жүйелердi қолданатын қарым-қатынас түрi
топтық қарым-қатынас
iскерлiк қарым-қатынас
сөздiк (вербальдi) қарым-қатынас
формальды емес қарым-қатынас
сөздiк емес қарым-қатынас (вербальдi емес)
87. Қарым-қатынас үшiн қолданылатын жазбаш белгiлер мен символдар, дыбыс белгiлерiнiң жүйесi
Ұғым
Тiл
бейнелер
Абстракция
Идеометрика
88. Пикник типтес адамдар
көңілді
тұйық
салмақты
байсалды
қызба
89. Қиын жағдайларда туындайтын нервтік-психикалық күштену:
Сезім.
Стресс.
Эмоция.
Құмарлық.
Көңіл-күй.
90. Астеник типтес адамдар
тұйық
көңілді
қызба
ашушаң
әңгімешіл
91. Атлетик типтес адамдар
ұстамсыз, дүлей
салмақты, байсалды
көңілді
жайдары
әңгімешіл
92. Екі немесе оданда көп адамдар арасындағы тіл алмасу процесін білдіретін сөйлеу түрі
Диалогтық
Монологтық
Эгоцентрлік
Ауызша
Жазбаша
93. Бір адамның ғана сөйлеуі, ақпарат беруі бұл сөйлеудің мын түрі:
Диалогтық
Монологтық
Эгоцентрлік
Ауызша
Жазбаша
94. Лектордың дәрісті баяндауы сөйлеудің мын түріне жатады:
Диалогтық
Монологтық
Эгоцентрлік
Ауызша
Жазбаша
95. Адамның графикалық бейнелер арқылы ойын білдіруі сөйлеудің мын түріне жатады:
Диалогтық
Монологтық
Эгоцентрлік
Ауызша
Жазбаша
96. Дискуссия
пікір-талас
Оқытудың түрлері
Оқытудың заңдылықтары
Оқыту принципі
Оқу заңы
97. Ситуативтік қателіктің мәні
басқаны қабылдай және бағалай отырып, тұлға өз қабылдау процесінің қандай жағдайда болып жатқандығын ескермеу
эмоциялық бәсеңдік
мән беру теориясы
әлдебір екі ілімнің сәйкессіздігінен туатын шиеленіс
құнды-мөлшерлік мінездеменің қалыптасуын зерттеу – ең негізгі жай
98. Перцепция дегеніміз
ортақтасу үрдісінде бірін-бірі өзін-өзі тану мен түсінісу
делдалдық өзара әрекет
үйретудегі қуаттанудың рөлі
әлдебір екі ілімнің сәйкессіздігінен ұғынуда шиеленіс туады
эмоциялық бәсеңдік
99. Құрастырылған дау-дамайлар
ұйымның тұрақтылығы іс атқаруларды, құрылымды және жаңа байланыстарды орнатуды қайтадан құру есебінде көтеріледі
мөлшерден ауытқығандарды шығарып тастау
бір-біріне қарсы әрекет жасауды көрсету
бір-бірін бақылау
қалыптасқан мөлшерлерді бұзу мен проблемалық жағдайларға қайтадан оралу
100. Конфликтілік эмоциялық жағдайлар:
Апатия, эмоциялық рең
Стресс, аффект, фрустрация
Депрессия, эмоциялық жауап
Қорқыныш, эгоизм, ашу
Үрей, эмоциялық қысым, босаңсу
101. Бұл ұғымды канадалық ғалым Ганс Селье енгізген:
Дистресс
Агрессия
Стресс
Депрессия
Фрустарция
102. Аттитюд (асыра бағалау)
өзіндік қабылдау
«біз» деген сезім
өзімшілдік
фрустрация
мақсатқа бағытталған мінез-құлық
103 Қысқа уақытқа созылса да қатты көрінетін эмоцияның түрі:
Стресс
Жігерлену
Аффект
Ширығу
Көңіл
104. Ерік дегеніміз:
Ырықты әрекет
Ырықсыз әрекет
Дағдылы әрекет
Импульсты әрекет
Ептілік әрекеті
105. Арнайы қабілеттер дамуының жоғары деңгейі:
Нышандар
Дарындылық
Талант
Даналық
Интеллект
106. Жеке адамға байланысты «Мен» ұғымының мәні:
Басқаларды бағалау қабілеті
Өз қадірін сезе білу
Дүниеге сезімталдық
Астар сана ықпалға тәуелділік
Заттасқан құндылыққа тәуелділік
107. Дарындылық дегеніміз:
Мінез бітісі
Қабілет түрі
Қиял түрі
Жоғары сезім
Қажеттілік
108. Эмоция, бұл –
Уақытша кейіп
Табиғи даралық
Ырықты әрекет
Болмысқа қатынас
Әлеуметтік қылық-әрекет
109. Әлсіз тип, қозу мен тежелу үрдісі баяу
Меланхолик
Холерик
Сангвиник
Флегматик
Интроверт
110. Ұстамды, белсенді әрекет иесі –
Флегматик
Сангиник
Холерик
Пикник
Меланхолик
111. Флегматик, бұл –
Ұстамды, белсенді
Ұстамсыз, белсенді
Көңілді, көпшіл
Ұстамды, байсалды
Әлсіз, тұйық
112. Ауыспалы-кейіпті, ұстамсыз адам –
Холерик
Флегматик
Астеник
Меланхолик
Сангвиник
113. Адамзат тәжірибесін табысты игеруге мүмкіндік беруші психологиялық қасиет –
Мінез
Қабілет
Темперамент
Ерік
Нышан
114. Адам психикасының көріну формасы ретіндегі психикалық қасиет:
Қабілет
Сезім
Қиял
Зейін
Ойлау
115. Интроверттік мінез типі:
Ақ жарқын
Ашық
Тұйық
Өзгермелі
Белсенді
116. Іс-әрекеттің құрылымы:
Психикалық қалыптар
Мотив
Психикалық қасиет
Психикалық процестер
Танымдық процестер
117. Даралық тұлға психикасы дамуының сферасы:
Интеллектілік
Әлеуметтік
Физиологтиялық
Генетикалық
Іс-әрекет
118. Эмпатия
адамның басқа адамды эмоционалды түрде қабылдауы
Стресс, аффект, фрустрация
Депрессия, эмоциялық жауап
Қорқыныш, эгоизм, ашу
Үрей, эмоциялық қысым, босаңсу
119. Визуалды адам
бір нәрсе айтар алдында өзінің ішкі дауысын тыңдайды
бір нәрсе айтар алдында есіндегі бейнелерді,суреттерді таңдайды
бір нәрсе айтар алдында өзінің ішкі сезімдеріне үңіледі
көзі ырықсыз түрде төмен, оңға қарайды
"мен тыңдап тұрмын", "сөйлесейік","дауыста",т.б. сөздерді қолданады
120. Интеллект
топтық қысым
ақыл-ой қабілетінің тұрақты құрылымы
лидерлік
қоғамдық қатынастар
хабарландырылу
121. Жеке адамның еріктің қасиеті
Батылдық
Көрегендік
Белсенділік
Білгірлік
Міндеттілік
122. Ым-шараның негізгі түрі
Үйлесімділік
Иллюстраторлық
Алғырттық
Белсенділік
Манипуляциялық
123. Қарым-қатынас тактикасы
қарым-қатынас ережелерінің техникалары
қарапайым қарым-қатынас
жабық қарым-қатынас
ашық қарым-қатынас
қарым-қатынастың күрделілігі
124. Актуализатор
әділеттілік
Ұстамдылық
Белсенділік
Құзыреттілік
Ақпараттық
125. Экстралингвистика
жөтел, күлкі
Ырғақ, тембр
Интонация, жылдамдық
Логикалық екпін
Есту, тыңдау
Достарыңызбен бөлісу: |