И 08. 14/02 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет20/21
Дата09.12.2019
өлшемі3,21 Mb.
#53264
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
baibaktina 6
ДСШ баяндама

Өзіндік жеке тапсырмалар: 
1. 
Информатикадан  олимпиадаға  қатысқан  студенттердің  мәліметтері  белгілі. 
30 баллдан жоғары алған студенттердің тізімін шығару. 
2. 
Кітапхананың  оқырмандары  туралы  мәліметтер  белгілі:  фамилиясы,  мекен-
жайы, жұмыс орны, кітапты алған уақыты, кітапты тапсыру уақыты. Кітапханаға 
қарыз оқырмандардың фамилиясын, мекен-жайын және жұмыс орнын көрсету.  

 
 
 
3. 
Тіс  дәрігеріне  келушілердің  тізімінен  фамилиясының  бас  әрпі  "Б"-дан  "Л"-ға 
дейінгі  аралықта  жатқан  адамдардың  жасы  мен  диагнозын  шығару 
программасын құрыңыз.  
4. 
Темір  жол  кассасында  төмендегідей  мәліметтер  белгілі:  поездың  номері, 
баратын  жері,  кету  уақыты,  бос  орындар  саны.  Астана  қаласына  баратын 
поездың номері мен кету уақытын шығару, егер поезда бос орын болса.  
5. 
Музыка  мектебінің  скрипкада  ойнайтын  оқушыларының  тізімін  шығару. 
Олардың  музыкамен  неше  жыл  айналысатындығын  және  конкурстарға 
қатысқан-қатыспағандығын көрсету. 
6. 
Оқушылар  туралы  келесі  мәліметтер  берілген:  аты-жөні,  бойы.  Кластағы  ең 
ұзын  және  ең  қысқа  оқушыны,  сонымен  қатар  неше  оқушының  баскетболға 
қатысатындығын  анықтау,  егер  баскетболисттің  бойы  170  см.-ден  артық  болуы 
керек болса.  
7. 
Автомобильдер  туралы  мәлімет  берілген:  автомобиль  иесінің  аты-жөні, 
автомобиль  бағасы,  маркасы  және  номері.  Автомобильдер  туралы  мәліметті 
бағасының өсу реті бойынша баспаға шығару қажет. 
8. 
Фирма  қызметкерлері  туралы  мәлімет  берілген:  қызметкердің  аты-жөні,  туған 
жылы,  адресі,  телефон  номері.  Жасы  қызметкерлердің  орташа  жасынан 
аспайтын қызметкерлер туралы мәліметті баспаға шығар. 
9. 
Экспортқа  шығарылатын  тауарлар  туралы  мәлімет  берілген:  тауардың  аты, 
тауарды  импортқа  шығаратын  елдің  аты  және  әкелінетін  партияның  көлемі. 
Берілген  тауардың  қай  елге  экспортқа  шығарылатындығын  және  оның  жалпы 
көлемін тап. 
10. 
Тұрғындар  санағының  нәтижелері  берілген  болсын.  1990 ж.  кейін  туылған 
тұрғындардың  фамилиясын,  атын  және  жалпы  санын  анықтайтын  программа 
құрыңыз. 
11. 
Дәріханадағы  дәрілер  туралы  келесі  мәліметтер  белгілі  болсын:  дәрілік 
препараттың аты, бағасы, саны, сақтау мерзімі. Дәріханадағы барлық дәрілердің 
санын,  қанша  тұратынын  және  сақтау  мерзімі  3  айдан  артық  препараттарды 
анықтау программасын құрыңыз. 
12. 
Қысқы  сессия  нәтижесі  бойынша  ешбір  сабақтан  “үштік”  баға  алмаған 
студенттердің фамилиясын, тобын және орта балын анықтау. 
13. 
Кітаптар туралы мәліметтер белгілі: авторы, кітаптың аты және шыққан жылы. 
Берілген автордың 1960ж бастап шыққан кітаптарының атын анықтау.  
14. 
Ойыншықтың  аты,  құны  және  қанша  жастағы  балаға  арналғандығы  белгілі. 
6 жастағы балаларға арналған қуыршақтың құнын анықтау. 

 
 
 
15. 
Автосалондағы  автомобильдер  туралы  мәліметтер:  автомобильдің  моделі, 
шыққан  жылы,  түсі  және  бағасы.  Қызыл  түсті  Toyoto  Camri  автомобилінің 
бағасы мен шыққан жылын анықтау. 
16. 
Туристік  фирма  туралы  төмендегідей  мәліметтер  берілген:  фирманың  аты, 
құрылған  жылы, мекен-жайы,  телефоны, спецификасы, яғни  қай елдерге баруға 
болатындығы  және  жолдама  (путевка)  құны.  Европа  елдеріне  баруды 
ұйымдастыратын барлық туристік фирмалардың мәліметтерін экранға шығару. 
17. 
«Қазақтелеком» телефон станциясының абоненттері туралы мәліметтер белгілі: 
абоненттің аты-жөні, мекен-жайы, телефонды қондырған жылы, телефон номері. 
Соңғы  5 жыл  ішінде  телефон  қондырған  абоненттердің  санын  анықтап,  экранға 
аты-жөнін және мекен-жайын шығару.   
18. 
Әуежай  кассасында  төмендегідей  мәліметтер  белгілі:  рейстің  номері,  баратын 
жері,  ұшу  уақыты,  ұшатын  күндері  (күн  сайын,  жұп  күндері,  тақ  күндері). 
Клавиатурадан енгізілген күні Лондон қаласына ұшатын рейстің номері мен ұшу 
уақытын анықтайтын программа құру.   
19. 
Фирма  қызметкерлері  туралы  мәліметтер  белгілі:  аты-жөні,  туған  жылы, 
қызметі,  оклады,  стажы.  Зейнетақы  қорына  (10%),  кәсіподақтық  төлемге  (15%) 
және  стажына  байланысты  төленетін  қосымша  ақыны  ескеріп,  әрбір 
қызметкердің жалақысын есептеу. 










2
,
2000
10
2
,
5000
10
,
7000
стаж
егер
стаж
егер
стаж
егер
Doplata
 
20. 
Төмендегі мәліметтерден тұратын Сабақ кестесі айнымалысын сипаттау: 
 
апта күні; 
 
сол күндегі парлар саны; 
 
пардың басталу және аяқталу уақыты; 
 
пән аты; 
 
оқытушының аты-жөні. 
   “Информатика”  пәніне  қатысты  сабақтар  туралы  толық  информацияны  экранға 
шығару.Бақылау сұрақтары 
1. 
С/С++ тілінің қандай қосымша типтерін білесіңдер? 
2. 
Структура дегеніміз не? 
3. 
Тегі көрсетілмеген структура қалай аталады? 
4. 
Структураны қандай түрде сипаттауға болады? 
5. 
Біріктірудің структурадан айырмашылығы неде? 
6. 
Жадыны  үнемдеу  кезінде  нені  қолданған  тиімді?  (структураны,  әлде 
біріктіруді) 

 
 
 
7. 
Біріктіруді сипаттау үшін қандай қызметші сөз қолданылады? 
8. 
Typedef қызметші сөзі не үшін қолданылады? 
Блиц- тест: 
1. Атаусыз структура деп …  
A) Анықтау барысында тегі көрсетілмеген структураны айтады.  
B) Бірдей типті айнымалылардан тұратын структураны атайды. 
C) Элементтерінің бірі  көрсеткіш болатын структураны атайды.  
D) Элементтерінің бірі  структура  болатын структураны атайды.  
E) Дұрыс жауап жоқ.   
 
2. Іштестірілген структура дегеніміз не?    
A) Элементтерінің бірі структура болатын структура      
B) Элементтерінің бірі  көрсеткіш  болатын структура  
C) Элементтерінің бірі  символдық   массив   болатын структура 
D) Тегі көрсетілмеген структура   
E) Дұрыс жауап жоқ    
 
      
Глоссарий: 
  Структура- (әдістемелік нұсқауды қара) 
  Структура тегі- (әдістемелік нұсқауды қара) 
  Структураға көрсеткіш- (әдістемелік нұсқауды қара) 
  Атаусыз структура- (әдістемелік нұсқауды қара) 
Әдебиеттер: 
[1-6],[12],[15]. 

 
 
 
 
Лабораториялық жұмыс №12 
Тақырыбы:  С/С++ ТІЛІНДЕГІ ФАЙЛДЫҚ ЕНГІЗУ-ШЫҒАРУ 
МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
Мақсаты: С/С++ тіліндегі файлдан оқу және файлға жазу мүмкіндіктерін  
                    үйрету. 
Қажетті материалдар мен жабдықтар:  ДК, С/С++ тілінің IDE ортасы, 
лабораториялық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. 
Лабораториялық жұмыстың мазмұны және орындалу реті: 
 
1.  С/С ++  тілінде мәліметтерді файлдан оқу немесе файлға жазу мүмкіндіктеріне  
қатысты әдістемелік нұсқау – матриалдарды алдын ала танысып меңгеру. 
2.  Ұсынылған мысалды орындау және талқылау. 
3.  Өзіндік жеке тапсырмалардың оқытушы ұсынған нұсқасын орындау. 
4.  Лабораториялық жұмыстың есебін (отчет) дайындап тапсыру. 
Әдістемелік нұсқау: 
С тілінде: 
Файлдан  оқу  және  файлға  енгізу  үшін  ең  алдымен  файл  fopen  функциясының 
көмегімен  ашылуы  тиіс.  Бұл  функция  операциялық  жүйе  арқылы  орындалатын 
әрекеттерді  ұйымдастыру  жұмысын  орындайды  және  файлмен  мәлімет  алмасуға 
арналған көрсеткішті  қайтарады. 
Ал,  файлға  көрсеткіш  файл  туралы  информациялардан  тұратын  құрылымға 
(жазбаға)  сілтейді.  Мұндағы  информация  мынадай  сұрақтарының  жауабынан 
тұрады:  
 буфер адресі,  
 буфердегі ағымды литердің күйі,  
 файлдан оқуға немесе жазуға ашық па?,  
 файлдың соңғы таңбасы кездесті ме?  
 
Мұндай  құрылым  сипаттамасы    кітапханасындағы  FILE  типінде 
беріледі. Қолдану үшін мынадай декларация берілсе жеткілікті: 
FILE * fp; 
FILE * fopen (char * name, char * m);  
Мұндағы: fp – FILE типіндегі көрсеткіш, ал fopen FILE – ге көрсеткішті қайтарады. 
Fopen функциясы мына түрде қолданылады: 
fp = fopen (name, m); 
Мұндғы: name – файлдың атын меншіктейтін жол; 
 ал,  m  –  файлды  қолдану  режимі;  яғни  бұл  да  жол,  қолданушы  файлды  қалай 
қолданатынын білдіреді, төмендегідей мәндердің бірін иелене алады: 
" r " – (read)  оқу режимі; 
w "- ( write) жазу; 
a "- ( apprnd) толықтыру; 

 
 
 
Кейбір  жүйеде  тексттік  және  бинарлық  файлдар  болып  жіктеледі,  бұл  жағдайда 
режим жолына "в" (binary – бинарлық) немесе “t”(тексттік) таңбасы тіркеледі. 
Файлмен  жұмыс  жасау  барысында  қате  кездессе,  онда    fopen  функциясы  NULL 
мәнін қайтарады. 
 
Файлдан    оқу  -  жазу    әрекетінің  ең  қарапайым  тәсілі  –  getc    және  putc 
функцияларын қолдану.   
   int  getc  (FILE  *  fp)  -  файлға  көрсеткіштен  тәуелді  және  файлдан  кезекті 
литерді қайтарады. 
Ал, int putc (int с, FILE * fp) – функциясы  с литерін fp файлына жазады және 
жазылған литерді немесе EOF мәнін қайтарады (егер қате болса). 
Файлға форматтап енгізу – шығару функциялары: 
int fscanf ( FILE * fp, char * format,…) 
int frint (FILE * fp, char * format,…) 
Бұлар  scanf    және  printf  функциялары  секілді,  тек  бірінші  аргументтері  –  файлға 
көрсеткіш.  
Жолдарды оқып – жазуға мынадай функциялар қолданылады: 
char * fgets ( char * l, int maxl, FILE * fp); 
int fputs ( char * w, FILE * fp)  
мұндағы  fgets  –  fp  файлынан  келесі  жолды  оқып  алып,  w  литерлер  массивіне 
орналастырады, көшірілген жол "о" литерімен толықтырылады. 
fputs – шығару функциясы  жолды файлға жазады. 
Мұндағы: w – жол тұрған массив адресі; 
maxl – жолдағы символдардың максимум саны; 
fp – файл көрсеткіші; 
feоf (FILE * fp) – функциясы файлдың соңын анықтайды. 
Файлды жабу үшін: 
Int  fclose(FILE  *fp)  функциясы  қолданылады,  яғни  файлдық  көрсеткішпен 
орнатылған байланысты үзеді. 
С++ тілінде: 
Файлмен  мәлімет  алмасу  мақсатында  ifstream  және  ofstream  кластарын 
қолданған тиімді. Ол үшін < fstream. h >  тақырыптық файлы ашылуы  тиіс. 
Мұнда, сәйкесінше, ifstream класының объектісі myof және ostream класының 
mygf лектері құрылып көрсетілген файлмен байланысады.  
Мысалы,     Ifstream myof(“prim.in”,ios::in); 
Ofstream mygf(“prim.out”,ios::out); 
  Бір  объектімен  тізбектеп  бірнеше  лекті  байланыстыру  қажет  болса,  онда  ол 
төмендегідей ретпен орындалады: 
Ifstream  myof; 
.  .     . 
myof(“prim.in”); 
.   .   . 
myof.close(); 
myof.open (“prim2.in”); 
.   .   . 
myof.close(); 

 
 
 
  Файлмен  мәлімет  алмасу  мүмкіндігінің  режимін  өзгерту  –  файлдық  объектінің 
сипатындағы екінші аргументін өзгерту арқылы жүзеге асады. 
Мысалы,    Ofsetream  myof  (  “prim.in”,ios::app  |  ios::nocreate);  -  мұндағы  файл  бар 
болса  ғана  myof  объектісі  құрылып,  байланыс  орнатылады,  себебі  ios::nocreate 
аргументі  берілген,  яғни  файл  болмаса,  объект  құрылмайтынын  білдіреді.  Ал, 
ios::app  аргументі  файлға  шығарылатын  мәндер  файлдың  соңына  қосылатынын 
анықтайды.  
Флаг-аргументтер  биттік  |  -  «немесе»  амалының  көмегімен  біріктіріліп 
анықтала алады. 
Файлдық  лекті  анықтау  барысында  қолданылатын  аргументтерді  анықтайтын 
флагтар төмендегідей: 
флаг 
Мағынасы 
ios::in 
Файл оқуға ашылады 
ios::out 
Файл жазуға ашылады 
ios::ate 
Объект  құрылған  соң,  ағымды  көрсеткіш  файлдың 
соңына орнатылады 
ios::app 
Мәндер файлдың соңына жазылады 
ios::trunc 
Егер файл бар болса, ол тазартылады 
ios::nocreate 
Файл болмаса, онда объект құрылмайды 
ios::noreplace 
Файл бар болса, онда объект құрылмайды 
ios::binary 
Файл  екілік  режимде  ашылады  (қалыпты  жағдайда 
тексттік режим) 
 
  Файлмен мәлімет алмасу үшін fstream класының объектісі де қолданылады: 
Fstream  io(“update.dat”,  ios::in|ios::app);  -  бұл  жағдайда  көрсетілген  файл  мәліметті 
оқуға және жазуға ашылады.  
  Seekg()  файлдан  оқу  ал,  seekp()  файлға  жазу  барысында  функциялары  файлдың 
ағымды позициясының маркерін басқаруға қолданылады. 
 Мысалы, 
  
io.seekg(5,  ios::cur)  –  оқу  барысында  маркерді  ағымды  орынынан  5  байтқа  
жылжыту; 
io.seekg(-7, ios::end);    -  маркерді соңынан бастап 7 байтқа жылжыту 
керектігін білдіреді. 
Аргументтер: 
Io::cur –  ағымды орынынан; Io::beg –  файл басынан;    
Io::end -  файл соңынан жылжытылатынын білдіреді. 
   Файлдық лектің күйін анықтау функциялары: 
Функция 
Түсініктеме 
eof() 
Файл соңын кездестірсе, 0-дік емес мән қайтарады 
fail() 
Лекте қате кездессе 0- ден өзге мән қайтарады 
bad() 
Енгізу-шығару барысында мағыналы қате кетсе, нөлден өзге 
мән қайтарады, онда лекпен жұмыс тоқтатылғаны дұрыс. Лек 
күйінің биттік мәндері анықталмаса, 0-ге тең емес мән береді. 
rdstate() 
Мына тұрақтылардың бірін, яғнм лектің ағымды күйін 

 
 
 
анықтайтын мәнді қайтарады: 
Ios::goodbit  - қате жоқ 
Ios::eofbit – файл соңына жетті 
Ios::failbit – форматтау немесе түрлендіру қатесі 
Ios::badbit - маңызды қате 
clear() 
0-ге тең болса тазарту 
 
Файлдан оқу және файлға шығару әрекеттерін қолдану мысалы
Есеп:  
Білім деңгейін тексеруге арналған тестілеу программасын құрыңыз. Мұндағы тест 
материалдары тексттік файлда мынадай ретпен берілсін: 
 Алдыңғы  жолда тест сұрағы; 
 келесі бес жолда сол сұрақтың мүмкін болатын жауаптар нұсқасы;  
 одан кейінгі жолда дұрыс жауабының нөмірі орналастырылады; 
 келесі сұрақтар осындай ретпен файлға жазылады. 
Тестілеу нәтижесін дұрыс  жауаптар саны мен сәйкес алған бағасын  жариялау 
арқылы хабарлау керек. 
Есеп қойылымын нақтылау:  Белгілеулер енгізейік:  
F – файлдық айнымалы;  
Kb –  варианттар саны, жалпы жағдайда 5-ке тең; 
Sur_san – Файлдағы сұрақтар біткенше оқылып анықталатын сұрақтар саны; 
Dur_san – қолданушының жауаптарына қарай анықталатын дұрыс жауаптар саны; 
Otb  - қолданушы енгізетін ағымды жауаптарын меншіктейтін айнымалы; 
Dg –  файлдан оқылып анықталатын әр сұрақтың ағымды дұрыс жауабы; 
Baga –  дұрыс жауаптарының саны арқылы анықталатын баға;  
P – дұрыс жауаптардың пайыздық мөлшерін меншіктейтін  айнымалы; 
Gol – сұрақтар мен варианттарын меншіктейтін ағымды жол айымалысы; 
Fname – Тест материалдарынан тұратын файл аты енгізілетін айнымалы. 
Математикалық моделі: 
 
 
P=dur_san *100/sur_san; 
 
 
 













жаєдайда
ќалєан
p
егер
p
егер
p
егер
baga
_
,
2
90
56
_
,
3
91
76
_
,
4
91
_
,
5
 
 
Есептің программасы (С тілінде): 
#include "stdio.h" 
#include "conio.h" 
#include "string.h" 
#define kb 5 
void main() 
{char fname[40]; FILE* f; 
int sur_san=0; 
int dur_san=0; 

 
 
 
int dg,otb,baga,p; 
char gol[80]; 
int i; 
puts("Файлдың атын енгізіңіз=?"); gets(fname); 
if ((f=fopen(fname,"rt"))==NULL) { 
printf("Файл аты дұрыс емес -  %s",fname); 
getch(); 
return; 

clrscr(); 
puts("\nТестілеуді бастау үшін :"); 
printf("Enter басыңыз"); 
getch(); 
textbackground(RED); 
clrscr(); 
while ( !feof (f) ){ 
sur_san++; 
fgets (gol,80,f); 
printf("\n%i.%s\n",sur_san,gol); 
for (i=1; i<=kb;i++){ 
fgets(gol,80,f); 
printf("\n%i.%s",i,gol); 

fscanf(f,"%i",&dg); 
fgets(gol,80,f); 
printf("\n Select=?"); scanf("%i",&otb); 
if (otb==dg) dur_san++; 

printf("Test dur san=%i\t",dur_san); 
fclose(f); 
p=100*dur_san/sur_san; 
if (p>=91) baga=5;else 
 
if (p<=90 && p>=76) baga=4; 
 
else 
 
if (p<=75 && p>=56) baga=3;else baga=2; 
printf("\a Baga=%i",baga); 
getch(); 

 
Есептің программасы (С++ тілінде): 
#include "iostream.h" 
#include "conio.h" 
#include "string.h" 
#include 
#define kb 5 

 
 
 
void main() 
{ char fname[40]; 
int sur_san=0; 
int dur_san=0; 
int dg,otb; 
char gol[40]; 
int i; 
cout<<"fname=?"; 
cin>>fname; 
ifstream fil(fname,ios::in); 
if (!fil) { 
cout<<"error %s"<getch(); 
return; 

clrscr(); 
textbackground(RED); 
sur_san=0; 
while(!fil.eof()){ 
sur_san++; 
fil>>gol; 
cout<<"\n"<for (i=1; i<=kb;i++){ 
fil>>gol; 
cout<<"\n"<
fil>>dg; 
cout<<"\n d="<cout<<"\n Select=?"; cin>>otb; 
if (otb==dg) dur_san++; 

cout<<"Test dur san="<fil.close(); 

 
 
Өзіндік жеке тапсырмалар: 
1.  Тексттік файлдың әрбір жолындағы қысқа сөздерден тұратын файл құрыңыз. 
2.  Файлдағы сандар тізбегі геометриялық прогрессияны құрай ма? 
3.  Файлға кездейсоқ сандар тізбегін шығарыңыз. Файлдағы оң сандардың санын, 
ал теріс сандардың қосындасан анықтаңыз. 
4.  Файлда  емхана  пациенттерінің  аты-жөні,  диагонызы  тіркелген.  Қан  қысымы 
жоғарыларының тізімін анықтаңыз. 
5.  Файлдағы сандар тізбегі арифметикалық тізбек прогрессия құрай ма? 

 
 
 
6.  Тексттік  файлдың  әрбір  жолындағы  символдар  саны  мен  кері  оқығанда  өзі 
шығатын сөздерінен тұратын файл құрыңыз. 
7.  Төрт  орында  кездейсоқ  n  санннан  тұратын  файл  құрыыңыз.  Олардың  3-ке 
еселілерінің санын анықтаңыз. 
8.  Тексттік  файлдың  әрбір  жолындағы  цифрлардан  тұратын  сандар  файлын 
құрыңыз. 
9.  Файлда бүтін сандар тізбегі берілген. Тақ сандар мен жұп сандарды екі файлға 
бөліңіз. 
10.  Студенттердің  аты-жөні,  туылған  жылдары  файлда  сақталған.  Бірдей 
жылдары туылған студенттерді анықтаңыз. 
11. Студенттердің  аты-жөні,  туылған  жылдары  файлда  сақталған.  Аттас 
студенттер бар ма? 
12. Банк салымшыларының тізімі мен салым мөлшері файлда тіркелген. Бір айдан 
соң  жалпы  салынған  ақша  мөлшері  мен  әр  салымшыға  төленетін 
пайыздық(7%)  ақша мөлшерін жаңа файлға сақтаңыз. 
13. Файлда әр күні түскен өнім мөлшері берілген. Ең көп және ең аз өнім алынған 
күннің нөмірін анықта. 
14.  Файлда  әр  күні  түскен  өнім  мөлшері  анықталған.  Барлық  жиналған  өнімді, 
орташа бір күндік мөлшерін және өнімнің неше күнде жиналғанын анықтаңыз. 
15. Берілген  файл  студенттің  аты-жөні,  үш  пәннен  алған  бағасы  көрсетілген 
жолдардан тұрады. Әр студенттің фамилиясы мен орташа үлгерімі мәндерінен 
тұратын  шығыс файлын құру программасын жазыңыз. 
16. Топ  студенттері  туралы  мәліметтерден  тұратын  файл  құрыңыз.  Топтағы  ең 
жоғары  және ең төмен үлгерімді студентті анықтау программасын құрыңыз. 
17. Цех  жұмысшыларының  әр  айдағы  табыс  мөлшерінен  тұратын  файл  берілген. 
Барлық жұмысшының орташа табыс мөлшерін анықтаңыз. 
18. Бір  айдағы  ауа  қысымынан  тұратын  файл  құрыңыз.  Айдағы  орташа  қысым 
мөлшерін және ауа қысымы ең жоғары күнді анықтаңыз. 
19. Кітапханадағы  кітаптар  туралы  мәліметтер  қорын  құрыңыз.  Мұндағы  сатып 
алуға ең көп ақша жұмсалған кітаптың аты мен авторын, бір данасының құны 
мен жалпы санын экранға шығарыңыз. 
20.         Банктен несие алып, төлегендер мен уақытында төлегендер тізімі файлда 
аралас  орналасқан.  Төлемегендер  тііізімі  мен  жалпы  қайтарылуы  тиіс  ақша 
мөлшерін анықтаңыз. Қарыз мөлшері теріс санмен анықталған. 
Блиц-тест: 
1. Файлдан оқу  немесе файлға жазу үшін файлды ашу функциясын 
көрсетіңіз:  
A) fopen   
B) FILE   
C) open   
D) EOF  
E) fscanf 
 
2. FILE структурасы қандай тақырыптық файлда сипатталған? 
A) Stdio.h; 

 
 
 
B) Iostream.h; 
C) Stdlib.h; 
D) Math.h; 
E) Strstrea.h. 
 
3. Жаңа файлды әрі оқуға әрі жазға ашу режимі қайсысы? 
A) W+; 
B) W; 
C) R+; 
D) R; 
E) A+; 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.  Файлмен мәлімет алмасу мүмкіндіктері қандай? 
2.  Файлдық лектен оқу немесе шығару барысында қолданылатын функцияларды 
атаңыз, олардың  қызметтерін меңгердіңіз бе? 
3.  С++ тіліндегі объект-лек құрылымы туралы не айтасыз? 
4.  С/С++ тіліндің файлдық енгізіп-шығару мүмкіндіктерін басқа тілдер 
мүмкіндіктерімен салыстырыңыз. 
Глоссарий: 
  Файл- жадыдағы аты аталған орын. 
  Файлмен мәлімет алмасу мүмкіндігі- жадыдағы аты аталған орыннан 
мәліметтерді оқу немесе жазу реті. 
  Файлдық тип - әдістемелік нұсқауды қараңыз 
  Файлдық лек- әдістемелік нұсқауды қараңыз 
 
Әдебиеттер: 
[1],[4],[7],[8],[10-13],[15]. 

 
 
 
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемелететтік университеті 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет