И. А. Мырзаханова Интеллектуалды ұлт қалыптастыру Ғзи бөлім басшысы



Дата26.05.2022
өлшемі32,39 Kb.
#145207
Байланысты:
Мақала 2
диплом 20, диплом 20, диплом 20, Абай өлеңі, азия, Ақыл ой жан қуаты, Тест cұрақтары ББ IT қолдану Студентке, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, Резюме

ӘОЖ 304.61
И.А.Мырзаханова
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ бөлім басшысы,
PhD докторант
Д.Б.Сауранбаева
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ инспекторы, магистр

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰЛТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ


МӘДЕНИЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ
Мақалада салауатты өмір салты әлеуметтік тәжірибені меңгеру іс-әрекеттерімен сипатталады. Ұлт денсаулығын дамытудағы зиялылардың айтқан ойлары, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары мен оларды заманынан қалмай
өмір салтына бейімдеу қарастырылған. Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын
келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына
байланысты. Сондықтан да, интеллектуалды ұлт қалыптастыру жолындағы елдің
болашағы – денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Ал, денсаулық мәдениетін дамытудың ең маңызды алғышарты – әрбір азаматтың өз
денсаулығына аса жауапкершілікпен қарауы, салауатты өмір салтын ұстануы мен дұрыс
тамақтануына тікелей байланысты. Мақсатымыз жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру болғандықтан, мақалада жастар арасында салауатты өмір салтын
қалыптастыру жолдары мен оларды заманауи өмір салтына бейімдеу қарастырылған.
Түйін сөздер: денсаулық, ұлт денсаулығы, салауатты өмір салты, рухани қазына, ұлттық тәрбие, мәдениетті тұлға, мәдениет, халық даналығы.
Здоровый образ жизни в статье описывается усвоением социального опыта. Рассмотрены мысли интеллигенции в развитии здоровья нации, пути формирования здорового образа жизни среди молодежи и адаптация жизненным обычаям в ногу со временем. Быт и
единство, светлое будущее народа во многом зависит от степени формирования культуры
здоровья. Поэтому, будущее страны на пути формирования интеллектуальной нации связано с тем, в какой степени сформирована культура здоровья. Самая важная предпосылка
напрямую связана с отношением каждого гражданина к своему здоровью с большой ответственностью, ведением здорового образа жизни и правильным питанием. Так как нашей
целью является формирование здорового образа жизни среди молодежи, в статье рассмотрены пути формирования здорового образа жизни и адаптация современным жизненным
обычаям.
Ключевые слова: здоровье, здоровье нации, здоровый образ жизни, духовное богатство, национальное воспитание, культурная личность, культура, народная мудрость
In article healthy lifestyle describes by assimilation of social experience. Considered thoughts
of intelligence, ways of formation of healthy lifestyle and adaptation the people for modern lifestyle on developing health of nation.The life and unity of our nation, bright future most dependent
from degree of creating a health culture. So, future of country on way creating intellectual nation
related on what degree created health culture. The most important prerequisite is directly related
with the attitude of every citizen to their health with great responsibility, maintaining a healthy
lifestyle and proper nutrition. As our aim is the promotion of healthy lifestyle among youth, so this
article describes path of formation healthy lifestyle and adaptation to modern life habits.
61
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ
Keywords: Health, the nation’s health, healthy lifestyle, spiritual wealth, national education,
cultural identity, culture, folk wisdom.

Қазіргі кезде ғылымда тұлғаны өзін-өзі ұйымдастыруға тәрбиелеу жөнінде түрлі пікір қалыптасқан. Олардың бірі – салауатты өмір салтын ұстану тәрбиеге байланысты десе, екіншісі – тәрбиеге байланыссыз деп тұжырымдайды. Көпшілік ғалымдар тәрбиеге байланысты деген пікірді құптайды. Шын мәнінде адамның барлық жақсы қасиеттері, жақсы сапасы тек қана биологиялық емес әлеуметтік жағдайлардан да болып, ол өмір бойы игеріледі. Өзін-өзі дамыту адамның интеллектуалдық ерекшелігіне және еріктік бағытта болатын әрі қарай әрекетке дамы­татын қабілет. Бұл қабілет жоғары деңгейде өзін дамыта, ұйымдастыра алатын тұлғаларда ақыл-ойдың дербестігі, өзіне сенімділігі, табандылық сияқты қасиеттер арқылы тұлғаның интеллектісін дамытады. Өзін жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру үшін қажетті аса маңызды қасиет – ол салауаттылық.


Өйткені ол үшін денсаулық мәдениеті, еңбек қабілеті, рухани байлық қажет, сонда ғана адам өзін-өзі жеңеді, жетілдіреді, бұл жеңістің төресі. Адамзаттың қоғамдық тәжірибесін меңгеруге баланың әрекеті мен мінез – құлқын бағыттайтын белсенді үрдіс – ұлтты салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. «Ұлт» термині жалпы өркениеттік әлемде қабылданған азаматтық түсінік бойынша ұлттың анықтамасын береді, яғни, осы жағдайда ұлт – бұл ел азаматтарының ортақ қауымдастығы. Әрбір азамат өз елінің бір бөлігін білдіреді. Сондықтан, салауатты, тәрбиелі және оқыған азамат мемлекеттің өркениеттілік деңгейін, ондағы қоғамдық институттардың күшін, билік құрылымдарының мүмкіндіктерін анықтайды. Бірақ, мемлекеттік құрылымдар қоғамның қолдауынсыз үлкен өзгерістерге адамның дене және рухани салауаттылығы күйінде қол жеткізе, олардың өмірінің сапасын жақсарта алмайды. Ұлт салауаттылығы – бұл қоғамдық құндылық. Ұлттың денсаулығы еркін медициналық қызметтердің, дене тәрбиесін және әуесқой спортты, салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, экологиялық таза және қолайлы өмір сүру ортасын құру, қауіпсіз мүмкіндіктер және еліміздің әр бұрышында жасампаз өмір сүру арқылы қалыптасады және сақталады.
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. Денсаулық ұғымына түсінік бере кетсек: «Денсаулық – адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі» [1], яғни, адам организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы. Ал, әрбір адамның денсаулығы – тек жеке адам өмірінде ғана емес, бүкіл қоғам дамуында да аса маңызды рөл атқарады. Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Денсаулығы мықты адам ғана қоғамға лайықты қызмет етеді, оның дамуына, ұлттық экономикасын жақсартуға үлес қосады.
Педагогика саласындағы бірқатар зерттеуші ғалымдар Амосов Н.М, Ақбердиева Д.Ф, Колбанов В.В, Зайцев Г.К, И.И.СоковняСейшона, А.С.Иманғалиев, Г.Сисенғалиева, Т.Г.Тынынбаева, Ж.З.Торыбаева, С.Исаев, Е.Г.Жук және т.б. еңбектерінде салауатты өмір салтына тәрбиелеудің педагогикалық стратегиясы оқушының алған, алатын білімі мен тәжірибесі негізінде жүргізілуі, орындалуы тиісті деп көрсетеді және де салауатты өмір салтына тәрбиелейтін кезеңді тізбектей анықтау қажет екендігін айтады.
Мысалы, А.С.Иманғалиевтің пікірінше «салауатты өмір салты» адам организмінің резервтік мүмкіншіліктерін жетілдіретін күнделікті тіршілігінің типтік формалары мен тәсілдері, әлеуметтік және кәсіби қызметтерін саяси, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық жағдайлардан тәуелсіз орындауды қамтамасыз ету. Г.Д.Әлімжановтың ойынша салауатты өмір салты «білім, ептілік, дағдыланумен байланысты, оның негізінде әрбір оқушының денсаулығы, күнделікті шынығу әдістемелері жатыр» [3]. Ж.З.Торыбаеваның пікірінше мектеп оқушысының салауатты өмір салты, жан жақты дамуы әлеуметтік тәжірибені меңгеру іс-әрекеттіліктерімен сипатталады.
Салауатты өмір салты – еңбек ету және демалыс режимдері, тамақтану жүйесі, даму мен шынығу жаттығулары, өз-өзіне және өзгелерге қарым-қатынастық, тұрмыстық, өмірлік мақсаттылықтар. Сондай-ақ салауатты өмір салты жөнінде, әлеуметтанушы Т.Ж.Нақыпбеков: «Өмір салты субьектінің әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесу тәсілі. Өмір салты арқылы қоғамның экономикалык жағдайын, қоғамдық қатынасын, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейлері көрінеді» [4],-деп атап көрсетеді.
Ал, орыстың белгілі ғалымы, В.П. Казначеев өз зерттеулерінде былай деп анықтама береді: «Салауатты өмір салты – өзінің әлеуметтік және кәсіптік қызметін саяси, экономикалық және әлеуметтік – психологиялық жағдайға тәуелсіз сәтті орындауды қамтамасыз етуге жағдай жасайтын организмнің қосымша мүмкіндіктерін жақсартып және нығайтатын адамның күнделікті тіршілік әрекетінің тәсілі және өзіндік формалары» [5].
Қарапайым тілмен айтқанда, салауатты өмір салты дегеніміз, ең бірінші өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған адамның тіршілік әрекеті, өмір сүру сипаты. Ал, психолог И.И.Брехман «Салалауатты өмір салты – мінез-құлық пен дағдыны ретке келтіріп, өзін-өзі түсіне білу» [6] - дейді. Ғалым И.Т.Левкина «салауатты өмір сүру әркімнің өз мамандығы деңгейінде дұрыс игере біліп, өнімді еңбек етіп, тұрмыс жағдайын түзете отырып, қоршаған ортаға қарым-қатынас жасай білуінде екенін негіздей отырып сипаттайды. Ол: «адамның салауатты өмір сүруі – адам мәдениетінің бөлігі, өмір сүру құндылығына байланысты» [7] - деп атап көрсетеді. А.Н.Леонтьев «салауатты өмір сүру» - өмірдегі өз орнын білу, өмір сүруге ұмтылыс жасау, алдына қойған мақсатқа жету жолдарынан тұратынын атап көрсетті. Ол өзінің зерттеуін негіздей отырып «салауатты өмір сүру» категорияларын бөліп көрсетеді: салауатты өмір сүру қалпы, салауатты өмір сүру мәні, салауатты өмір сүру деңгейі, салауатты өмір сүру стилі, салауатты өмір сүру дағдысы. Ғалым: «салауатты өмір сүру үшін өмір сүрудің мәнін, деңгейін, қалпын, стилін жеке ұғынып, күнделікті ісәрекеті мен әрекетінде қолданылса, дағдыға айналары сөзсіз» [8] - деп қарастырады. Яғни, салауатты өмір салты өте күрделі және жан –жақты ұғым. Оған тек қана медициналық, биологиялық және психологиялық компоненттер ғана кіріп қоймай сонымен қатар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық құрылымдар да кіреді.
Жасыратыны жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұлама ғалымдар, біліктілігі күшті дәрігерлер де «Денсаулық деген не?» деген сұраққа әлі толымды әрі дәл анықтама бере алмай келеді. Қолымызда тек дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қалыптастырған анықтама бар. Бұл бойынша «денсаулық – жан, тән және адамның әлеуметтік жағдайының қоңымдылығы». Байқап отырсаңыз жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қалпына ғана емес, оның әлеуметтік жағдай-тұрпатына да ерекше мән берілген. Қазіргі уақыттағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған.
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім – жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда. Өкінішке орай көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға жауапты емес, немқұрайды қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Дәрігерлер қанша ескертсе де жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі тартады, насыбай атады, салынып арақ ішеді.
Қоғамда болып жатқан осындай жат, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиет­терді жоғары ұстай білуге үйрету – интеллектуалды ұлт қалыптастырудың алғышарты болып табылады. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттау әрбір азаматтың міндеті. Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады. Елбасының «Қазақстан – 2030» жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты» тармағында, «…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Расында да, интеллектуалды ұлт қалыптастыру жолындағы елдің болашағы – денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты.
Ал, денсаулық мәдениетін дамытудың ең маңызды алғышарты – әрбір азаматтың өз денсаулығына аса жауапкершілікпен қарауы, салауатты өмір салтын ұстануы мен дұрыс тамақтануына тікелей байланысты екен.
Бұл мәселелердің барлығы жастар арасында салауатты өмір салты жөніндегі тәрбие жұмыстарының нашарлауының салдары. Келешегінен үміт күттіріп отырған бүгінгі жастар ертеңгі қоғам иелері. Ендеше, келер күннің айнасы жастар денсаулығында, салауатты өмір салтында. Жаңа дәуірде елімізді сақтайтын, таза, мықты, денсаулығы зор, интеллектісі жоғары ұрпақ тәрбиелеу мемлекет саясатының басты бағыты екенін ескерсек, осының бәрі жастарымызды салауатты өмір салтына тәрбиелеуден басталады.
Сондықтан, ең алдымен жастар арасында салауатты өмір салтына деген дұрыс түсінік қалыптастыруымыз керек. Жастардың санасына, салауатты өмір салтын ұстанудың денсаулыққа аса маңызды және ұстанған адамның болашағы айқын екенін түсіндіріп беруіміз керек. Расында да, жалпы өмір салтының бірнеше формалары бар десек, салауатты өмір салты адам үшін аса маңызды, денсаулығымен тікелей байланысты құнды форма. Ол жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті. Салауатты өмір салты – жалпы ұлт денсаулығының негізі. Салауатты өмір салтын ұстанған, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараған ұлт – интеллектуалдылықтың бірденбір көрсеткіші.
Бүгінде, республикамызда салауатты өмір салтын қалыптастыру жолында жақсы дамып келе жатқан салалардың бірі – спорт саласы. Сол себепті, ең бастысы студент жастар арасында жаттығулар мен спорт түрлерін жетілдіру, соған сәйкес оқу сабақтарын жаңаша ұйымдастыру қажет.
Еліміздің Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп айрықша айқындап атап өтті. Сонымен қатар, келешек атқарылатын істердің басты стратегиялық бағыттарын да көрсетті. Бірінші: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу.
Екінші: халықты қол жетерлік және саналы медициналық көмекпен қамтамасыз ету.
Үшінші: отандық медицина ғылымын дамыту. Осы бағыттама аясында ел басқарған ағалармен біріге отырып, түрлі індеттердің алдын алу керек. Салауатты өмір салтын ұстанбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны сөзсіз. Ауру адам қандай іс бітірмек?! Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бірекі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс.
Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.
Деннің сау болуы – ол, яғни өмірді шексіз сүю, қуаныш сезіміне бөлену, өмірден лəззат алу, əрбір таңды, күнді асыға ризашылық көңіл-күймен тосу жəне кешкілік қам-көңілсіз, кіршіксіз тəтті ұйқыға кету, ең қажеттісі, өзіңді өзің сүю жəне құрметтеуден басталады. Ол үшін, жастарды алдына өмірлік маңызды мақсат қоя білуге тəрбиелеу қажет. Сондықтан, ең бастысы студент-жастар арасында қыз балалар мен ұл балалардың ерекшеліктеріне қарай қолданылатын жаттығулар мен спорт түрлерін жетілдіру, соған сәйкес оқу сабақтарын жаңаша ұйымдастыру қажет.
Ол үшін:
-материалдық-техникалық базаны нығайту арқылы, дене тәрбиесінің дәстүрлі арнасынан шығып, жаңа, заманауи техникалардың көмегіне жүгініп, оқытудың жаңаша моделін жасақтау қажет;
- студенттерге арналған тегін, заманауи жабдықталған сауықтыру кешендері ашылып және бұл жерде жаттығу міндетті болуы керек;
- міндетті түрде күнделікті қыз балалар сауықтыру кешенінде, өздеріне тән спорт түрлерімен айналысып, ал ұл балалар стадионда жүгіріп, денелерін жаттықтырулары керек.
Егер, жоғарыда айтылған ойлар толық мəнінде жүзеге асатын болса, жастардың өз денсаулықтарын жетілдіріп, салауатты өмір салтын ұстануына негіз жасайтын еді. Расында да, сауықтыру кешендерінде жабдықталған қондырғылармен денесін шынықтырумен үнемі айналысу, студент-жастардың бос жүрмеу проблемасын шешудің, жат қылықтардың көрінісін болдырмаудың да тиімді жолы. Күнделікті спортпен айналысып, би билеп жүрген жастардың дене бітімі де тартымды болады. Бұл бір жағынан еңбекке тәрбиелейді, адам еңбектеніп жасаған жұмыстарының нәтижесін, шылым шегіп, арақ ішіп немесе басқа да пайдасыз нәрселермен бұза салмайды да.
Сондықтан, спорт – жастарымызды өзінөзі дұрыс бағыттап, күш-жігерін реттеп отыруына және де салауатты өмір салтын шартты түрде ұстануының бірден-бір жолы. Бұл жөнінде медицина атасы Ибн Сина: «Күнделікті дене шынықтырумен шұғылданып жүрген адам ешбір емді қажет етпейді» [5], - деп өсиет қалдырған. Ал, шығыстың ғұлама ғалымы Əл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» [6], - десе, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халқына Жолдауында: «Қазақстан халқының 30 пайызы бұқаралық спортпен айналысуы керек» [2], - деген тапсырма берген болатын.
Демек, жаңа дәуірде елімізді сақтайтын, таза, мықты, денсаулығы зор ұрпақ тәрбиелеу мемлекет саясатының басты бағыты екенін ескерсек, осының бәрі жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға келіп тіреледі. Сол себепті, біз салауатты өмір салтын қалаймыз және әрқашан қолдаймыз. Себебі, жаңа XXI ғасырдың адамы - дені сау, рухы күшті, жан дүниесі таза адам болуы шарт. XX – ғасырдағы батыс философтарының айтуынша, бақытты адамдардың көңіл-күйі тек оларды қоршаған қандай да болмасын өмірге ғана байланысты болып келмейтіндігі, сонымен бірге сол өмір туралы адамның өз ойы қандай болатындығына да байланыстылығы. Осындай көзқарас баланың өзін-өзі дұрыс бағыттап, күш-жігерін реттеп отыруына көмектесуі мүмкін. Табиғат адам баласын қуанышты өмір сүруге жаратса, ол оны тайсалмай жəне төзімділікпен қарсы ала білуге дағдылануы қажет. Спортқа дағдылану үшін сауықтыру кешендерінің маңызы зор. Сауықтыру кешендеріндегі дене тəрбиесінің мақсаты – адам тұлғасының, оның дене қасиеттері мен қабілеттерінің жан – жақты жетілуі, қозғалысты дағдылары мен ептіліктерінің қалыптасуы, нəтижесінде тəн саулығын көтеру.
Интеллектуалды қоғам қалыптастыру – білім мен тәрбиенің нәтижесі болып қана қоймай, бүгінгі күннің өте маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Интеллектуалды қоғам білім мен тәрбиесіз, денсаулық мәдениетінсіз,адами қасиеттерсіз дамып – жетілуі мүмкін емес. Тұлға интелектісінің кез келген мәселесі адамдардың жан дүниесімен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан сырларымен тығыз байланысты. Сонымен, интеллектуалды ұлт білімді, ғылымды меңгерген, тәрбиенің бастауларын толық қамтыған тұлғадан қалыптасады. Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. Салаутты өмір салтын берік ұстанған жастар – болашағымыздың алтын тірегі.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Тойлыбаев Б.А. -http://www.rusnauka.com/Pedagogica/5
2 Назарбаев Н.Ә.-www.akorda.kz//Gos_programi/2030kaz.doc‎
3 Алимжанова Г.Д. Концепция формирования здорового образа жизни школьников.-
Алматы,
4 «Салауаттану денсаулықты сақтау» бағдарламасы бойынша СӨС-ке қалыптастырудың
тұжырымдамасы. К.Н.Сатпаев, А.С. Әділханов, Л.З.Тель. – Алматы, 2002.
5 Өмешұлы Ә. Денсаулық туралы не білесіз?. //Биология және салауаттылық негізі.
№1-2004.
6 Брехман И.И. Валеология – наука о здоровье. М., ФиС.,1990, 207с
7 Жанабердиева К.А., Адылханов А.С. Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру
жүйесіндегі салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұжырымдамасы. //Валеология. Дене
тәрбиесі. Биология және салауаттылық негізі. №1-2003.
8 Амосов Н.М. Денсаулық туралы толғаныстар. – Алматы. Қазақстан,1989.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет