И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Мотивациялық бағдар және іс-әрекет табыстылығы



бет97/188
Дата27.02.2023
өлшемі2,06 Mb.
#170321
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   188
Байланысты:
Зимнаяя

Мотивациялық бағдар және іс-әрекет табыстылығы

Қызығушылықтың әр түрлері, мысалы нәтижелі, танымдық, процессуалды, оқу-танымдық және т.б. мотивациялық бағдарланумен байланыстырылуы мүмкін (Е.И. Савонько, Н.М. Симонова). Б.И. Додоновтың зерттеулерін жалғастыра отырып, бұл авторлар жоғарғы оқу орнында шет тілді меңгерудегі мотивацияны зертеу материалы бойынша төрт мотивациялық бағдарды айқындады (процеске, нәтижеге, оқытушының бағалауына және келеңсіздіктерді туғызбау), олар оқу мотивациясының басқа компонентерімен қатар оқу іс-әрекетінің бағытын, мазмұнын және нәтижесін анықтайды. Олардың пікірінше, мотивациялық бағдарлар арасындағы байланыстардың ерекшелігі олардың екі маңызды сипаттамаларын бөлуге мүмкіндік береді: біріншіден, процесс пен нәтижеге деген бағдарлар арасындағы байланыстың тұрақтылығы (нығыздық критерийлері бойынша), бұл бір жағынан, және келесі жағынан, «оқытушының бағалуы» мен «келеңсіздіктерді туғызбау» деген бағдарлар арасындағы, яғни олардың оқыту шарттарынан салыстырмалы түрде тәуелсіздігін; екіншіден, байланыстардың (үстемдік және «салмақ» критерийі бойынша) оқыту шартына (мысалы, жоғары оқу оқу орнының түрі – тілдік, тілдік емес), сағаттар торшасына, оқу бағдарламаларының ерекшелігіне, соның ішінде, оның мақсаттық ұстанымдарына байланысты вариабелдігі. Осы авторлар тарапынан мотивациялық бағдар мен студенттердің үлгерімі арасындағы жағымды байланыс орнатылған. Үлгеріммен неғұрлым байланысты болған процесс пен нәтижеге бағдар болып шықты, аз мөлшерде тығыз болған – оқытушының бағалауына бағдарлану. Келеңсіздіктерді туғызбаудың үлгеріммен байланысы әлсіз.


Оқу іс-әрекеті ең алдымен, танымдық қажеттілік әрекеттің жалпыланған тәсілінің өндіруі болып табылатын іс-әрекет затымен «кездескенде» және онда «заттану» барысында анықталынады, яғни оған ішкі түрткі себеп болады, және де сонымен бірге ол саналуан түрлі сыртқы түрткілермен анықталынады, мысалы өзін-өзі бекіту, абыройлық, парыз, қажеттілік, жетістік және т.б. түрткілері. Студенттердің оқу іс-әрекетін зерттеу материалы негізінде көрсетілген ереже, социогендік қажеттіліктердің ішінде тиімділікке неғұрлым көп әсер ететін жетістікке деген қажеттілік, оның астарында адамның өз іс-әрекеті нәтижелерін жақсартуға ұмтылуы түсініледі. Оқуға қанағаттану осы қажеттіліктің қанағаттандырылу дәрежесіне тәуелді. Бұл қажеттілік студенттерді оқуға көбірек ден қоюға мәжбүр етеді және сонымен бірге, олардың әлеуметтік белсенділігін арттырады. Қарым-қатынас пен үстемдікке деген қажеттілік оқытуға маңызды, бірақ біржақты әсер етпейді. Интеллектуалдық жоспардағы түрткілер саналы түсінілген, ұғынылған, шынайы. Адам оларды білімге құштарлық, оны өз бойына сіңіру қажеттілігі (мұқтаждық), ой-өрісті кеңейтуге, білімдерді тереңдетуге, жүйелеуге ұмтылу ретінде сезінеді. Бұл арнайы адамзаттық танымдық іс-әрекетпен, оның интеллектуалдық қажеттілгімен, Л.И. Божович сипаттаған жағымды эмоционалдық рең және білімге тойымсыздығымен теңестірілетін түрткілер тобы. Осындай түрткілерді жөн көре отырып, шаршаумен, уақытпен санаспай, басқа түрткілерге және басқа алаңдатушы факторларға қарсылық көрсете отырып, оқушы оқу материалымен, дәлірек, оқу міндетін орындаумен тапжылмай және әуестене жұмыс істейді. Осы жерде Ю.М. Орлов маңызды қорытынды алған: «академиялық табысқа неғұрлым көп әсер ететін табысқа деген жоғары қажеттілікпен үйлескен танымдық қажеттілік болып табылады».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет