И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Өзіндік жұмыстың іс-әрекеттік сипаты



бет111/188
Дата27.02.2023
өлшемі2,06 Mb.
#170321
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   188
Байланысты:
Зимнаяя

Өзіндік жұмыстың іс-әрекеттік сипаты

Мектеп оқушыларының жалпы іс-әрекет ретінде қарастырылатын өзіндік жұмысы көпқырлы, көпфункционалды құбылыс болып табылады. Ол тек оқу ғана емес, сондай-ақ тұлғалық және қоғамдық мәнге ие. Жалпы мойындау бойынша күрделі және көпмәнді бола отырып, өзіндік жұмыс терминологиялық тұрғыдан әлі анықталмаған, бірақ оның мазмұны барлық зерттеушілер және оқыту практиктері тарапынан біржақты түрде оқушының мақсатты, белсенді және салыстырмалы еркін іс-әрекеті мағынасында түсіндіріледі. Іс-әрекеттік анықтауда өзіндік жұмыс – бұл мектеп оқушысының өзінің ішкі танымдық түрткілерінің күшіне сай, оның көзқарасы бойынша неғұрлым ыңғайлы, ұтымды уақытта ұйымдастырылатын процесс кезінде өзі қадағалап отыратын және оны іс-әрекет нәтижесі бойынша мұғалім тарапынан мектептен тыс жанама жүйелік басқару негізінде қадағаланатын жұмыс (үйретуші бағдарлама, дисплейлік техника).


Басқарудың өзі оның психологиялық моделі контекстінде түсінілетін және де құру мүмкіндігін Л.М. Фридман ашқанын атап өту маңызды [223]. Ол оқушының іс-әрекетін басқарудың субъектілік (объектілік емес) сипаты, құрылымы жайлы, осы басқарудың динамикалылығы, қаталдығы немесе йілімдігі жайлы, оқушының тұлғалық қатысуы (оның мақсатты ұйғаруының міндеттілігі), мұғалімнің тұлғалық жауапкершілігі және жұмыстың ұжымдылық формасының міндеттілігіне жайлы тұжырымға негізделген.
Мектеп оқушысының өзіндік жұмысын сырттай басқару сипатын анықтау үшін маңыздысы автордың осындай басқарудың қаталдық дәрежесі жайлы тұжырымы болып табылады. Л.М. Фридман бойынша, оқушының әрекетінің бірізділігі неғұрлым көп «... сыртқы басқарушы жүйемен берілсе, соғұрлым басқару қатал болады. Осы бірізділігі оқушы тарапынан мазмұны бойынша көп таңдалып және анықталса, соғұрлым оқушыны басқару йілімді болады... басқару қаталдығы оқушылардың өсуіне қарай азаюы керек». Орта білімді аяқтап, жоғары оқу орнына өту мезгілінде басқару толықтай йілімді болуы тиіс [223, 197 б.]. Осылайша, мектеп оқушыларының өзіндік жұмыстарын басқарудың йілімдігі, аталған басқаруды жүзеге асыратын каналдарға, яғни мұғалімге, бағдарламаға, міндеттер жүйесі ретіндегі оқу материалының мазмұнына қатысты осы жұмысты ұйымдастырудың жеке әдістемелік проблемасы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет