И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Қиындықтардың мәртебелік-позициялық-рөлдік саласы



бет160/188
Дата27.02.2023
өлшемі2,06 Mb.
#170321
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   188
Байланысты:
Зимнаяя

Қиындықтардың мәртебелік-позициялық-рөлдік саласы

Қарым-қатынастағы қиындықтардың осы саласы бірқатар терең себептермен шартталған: отбасылық тәрбие, қарым-қатынас позициясы, рөлдің атрибуттары, мекеменің, білім беру жүйесінің, саласың, қаланың мәртебесі және т.б. Қарым-қатынастағы мұндай қиындықтар көбінесе статустардың, позициялардың ассиметриясы жағдайында, конвенцио-налды рөлдердің құқықтары мен міндеттерін бұзу жағдайларында пайда болады. Мысалы, мектепте мұғалімнің конвенционалдық қатынастар бойынша сұрау құқығы оқушының жауап беруге міндеттілігін ұйғарады. Егер де оқушы мұғалім жауап беруге қиналатын сұрақ қойса, онда мұғалім, өзінің сұрау құқығын пайдалана отырып, сұрақта қайта бұруына, жауап беруді кейінге қалдыруына болады, яғни қарым-қатынас барысын өзгерте алады. Мұғалім білім беру мен мектептің репрезентанты ретіндегі мәртебесі мен оның позицияларының, яғни қоғамдық тәжірибені тасымалдаушысы және оның субъектті дамытушы, тәрбие беруші және оқытушы рөлінің бірлігі мұғалімнің беделінен көрінеді. Бедел өзіне кем дегенде екі құраушыны біріктіреді: тұлға беделі және рөл беделі.


Алғашқы қоңыраудан бастап жаңа, беймәлім, ары қарайғы өмір үшін қажетті оқу құндылығын тасымалдаушы ретіндегі мұғалімнің беделін жалпы жұртшылық мойындағаны белгілі. Алайда, ол көп жағдайда қарсыласпаушылық, абсолюттілік сипатқа ие болады да, ол оқушыда өз дегенінде тұрудан бұрын, өз ойын айтуға тырысудың өзін жоққа шығарады. Сонымен бірге, педагог рөлі құзырлық, объективтілік, әдептілік және көмек бергісі келу сияқты тұлғалық сапаларды ұйғарады. Егер де беделдің осы жиыны оқу процесінде байқалса, онда бұл шынайы бедел. Ол оқушыда қарым-қатынас қиындықтарын туғызуы мүмкін, бірақ ол қиындық Мұғалімнің, Шебердің білімінің алдында өз білмегеніне байланысты ұялуы, өзін ыңғайсыз сезінуі, өзінің білмегенінен туады. Егер де педагогтың формалды рөлі құндылық мазмұнмен толтырылмаса және тұлғалық тұрғыдан ол беделді болмаса, онда қарым-қатынас қиындатылған, ол іс-жүзіндегі немесе өте конвенционалды болып кетеді. Мұғалімді қарым-қатынас серігі ретінде қабылдамау жағдайы пайда болады, ал бұл конвенционалдық рөлдердің тұлға аралық жағымсыз қатынастармен толықтырылуының алғышарты болып табылады. Және де осы жерде егер конвенционалдық қатынастар позитивті тұлға аралық қатынастармен қатар жүрсе, онда іс-әрекет тиімділігі жоғарылайды, егер тұлға аралық қатынастар қарама-қарсы тұруға дейін, бір-бірін қабылдамауға дейін қысымдалған болса, онда бұл конвенционалдық қатынастардың рөлдік репертуарын деструкциялайды және іс-әрекетке, берілген жағдайда оқу іс-әрекетін, педагогикалық іс-әрекетке келеңсіз ықпал етеді деген ереже өзінің күшіне енеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет