И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым



бет85/188
Дата27.02.2023
өлшемі2,06 Mb.
#170321
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   188
Байланысты:
Зимнаяя
Анамнез жинау Әрекет алгоритмі, Бір компонентті нәжісқабылдағыштарды жабыстыру, Жұтқыншақтан жағынды алу, Бөлмелерді жинауға қойылатын санитарлы, Медициналық қалдықтар, стерилизация, рейно
Оқу міндеттерінің ерекшеліктері

Е.И. Машбиц оқу іс-әрекетін басқару позициясы тұрғысынан оқу міндетінің маңызды ерекшеліктерін бөледі. Д.Б. Элькониннің ізімен ол бірінші және неғұрлым маңызды ерекшелігі субъекттің бағыттылығы деп есептейді, өйткені оны орындау «міндеттік құрылымның» өзінде емес, оны орындаушы субъектте өзгеріс болуын ұйғарады. Міндеттегі өзгерістің болуы өз бетінше мәнді емес, тек субъект өзгеруінің құралы ретінде мәнді. Басқаша айтқанда, оқу міндеті оқу мақсаттарына жету құралы болып табылады. Осы көзқарастан олардың өзі емес, ал оқушының белгілі бір әрекет тәсілін меңгеруі маңызды.


Оқу міндетінің екінші ерекшелігі оның біржақты еместігі немесе анықсыздығы. Оқушылар оқытушыға қарағанда міндетке басқаша мән беруі мүмкін. Е.И. Машбиц айтуы бойынша «оқу міндетін толықтырып анықтау» [139, 106 б.] деп атаған бұл құбылыс түрлі себептерге байланысты болады: міндет шарттарының анық-қанығына жете алмаудан, түрлі қатынастардың ығысуынан. Кей кезде ол субъекттің мотивациясына байланысты.
Оқу міндетінің үшінші ерекшелігі мынада, қандайда бір мақсатқа жету үшін бір емес бірнеше міндеттерді орындау қажет, ал бір міндеттің орындалуы оқудың түрлі мақсаттарына жетуге үлес қосуы мүмкін. Сондықтан, қандай да бір оқу мақсатына жету үшін біршама міндеттер жинағы қажет, мұнда әр міндет өзіне берілген орынды алады. Оқу міндеттеріне қойылатын психологиялық талаптарды толығырақ қарастырайық.


Оқу міндеттеріне қойылатын психологиялық талаптар

Оқу міндетіне оқытушы әсер ету ретінде қойылатын талаптар оның оқу іс-әрекетіндегі ерекше орнымен және оқу міндеттері мен оқу мақсаттарының арақатынасымен шартталған (Е.И. Машбиц). Міндет пен мақсат арасындағы арақатынас «міндеттер жинағы - көптеген мақсаттар» жүйесінде қарастырылады, себебі оқу іс-әрекетінде бір ғана мақсат бірқатар міндеттердің орындалуын талап етеді, ал бір ғана міндет бірнеше мақсаттарға жету үшін қызмет етеді (оқу пәні бойынша міндеттердің жалпы саны 100 000 жуық). Осы жерден Е.И. Машбиц бойынша бірқатар талаптар туындайды:



  1. «Бір ғана жекеленген міндет емес, міндеттер жинағы құрастырылуы керек». Айта кетейік, жүйе ретінде қарастырылып отырған міндет неғұрлым күрделі жүйеде орналасады және де оның пайдалылығы жайлы оның осы жүйедегі жағдайына байланысты айтқан жөн. Осыған байланысты бір ғана міндет пайдалы да пайдасыз да болуы мүмкін.

  2. «Міндеттер жүйесін құрастыру кезінде ол тек таяу ғана емес сондай-ақ оқшау оқу міндеттерге жетуді де қамтамасыз етуіне ұмтылу керек». Өкінішке орай, мектеп практикасында жақын мақсаттарға жетуге бастапқы назар аударылады. Оқу міндеттерін жобалаған кезде оқушы оқу мақсаттарының бағыныстылығын, жақынын да, алыстағысын да нақты елестете алу керек. Соңғыларына жету біртіндеп, мақсатты түрде, оқыту жүйесінің меңгерілген құралдарын жалпылау жолымен жүреді.

  3. «Оқу міндеттері оқу іс-әрекетін табысты жүзеге асыруға жеткілікті және қажетті құралдар жүйесін меңгеруді қамтамасыз етуі тиіс». Практикада, әдетте құралдар жүйесінің кейбір элементтері ғана қолданылады. Ол бір міндеттер класының орындалуын ғана қамтамасыз етеді де, басқа міндеттер класын орындауға жеткіліксіз.

  4. «Оқу міндеті іс-әрекеттің сәйкес құралдары оқытудың тікелей өнімі ретінде көрінетіндей етіп құрылымдануы тиіс» [139, 112-113 б.]. Көптеген зерттеушілер белгілегендей, оқушы өз әрекетінің тікелей өніміне енетін нәрсені жақсы меңгереді. Оқу міндеттерінің көпшілігінде, автордың бағалауынша, тікелей өнім ретінде атқарушы бөлік болса, бағдарлау мен бақылау бөлігі – қосалқы бөлік ретінде болады. Төртінші талапты жүзеге асыру оқушының өз әрекеттерін түсінуіне, яғни рефлексияға міндет қоюды ұйғарады. Мұндай міндеттер оқушыларға ары қарай оқу міндеттерін орындауда өз әрекеттерін жалпылауға көмектеседі. Бұл жерде Е.И. Машбицпен келіспеуге болмайды, яғни, ғалымдар рефлексияға көп көңіл бөлгенмен де, іс жүзінде, мұғалімде міндеттерді орындау барысында оқушылардың рефлексиясын реттеу құралдары жоқ. Сонымен бірге, келесілер атап өтіледі: оқушылар оқу міндеттерін орындай отырып өз әрекеттерін саналы түрде атқарып және бақылап отыруы үшін, олар міндетті орындау құралдары мен құрылымы жайлы нақты мәлімттенген болуы керек. Ондай мәліметті олар мұғалімнен бағдардың қатарланған жүйесі түрінде алулары тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет