И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым



бет113/187
Дата08.12.2023
өлшемі1,47 Mb.
#195668
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   187
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түз-emirsaba.org

Өзіндік жұмысқа оқыту
Оқушылардың өзіндік жұмыс істеуге қабілеттерін қалыптастыру міндетін орындауда бүкіл педагогикалық ұжым үшін проблема туындайды. Ол осы жұмыс мазмұнына оқушыларды мақсатты түрде, әсіресе, орта және жоғары сынып оқушыларын, студенттерді оқытуда болып табылады. Мұндай оқыту оқу іс-әрекетінің өзінің модельдеу тәсілдерін қалыптастыруды, оқушылардың ең қолайлы күн тәртібін анықтауларын, оқу материалымен жұмыс істеудің ұтымды тәсілдерін саналы аңғаруын және оны кейіннен өңдеуін, терең, сонымен бірге тез оқу амалдарын игеруді, түрлі әрекеттердің, конспекттердің, оқу-практикалық міндеттерді қою мен шешудің жоспарын құруды қамтиды. Осы тұрғыда А.К. Маркова ұсынған оқу жұмысының тәсілдері үлкен қызығушылық тудыруы мүмкін:


  • «мәтінді мағыналық қайта өңдеу тәсілдері, оқу материалын үлкейту, оның ішінен бастапқы идеяларды, принциптерді, заңдарды бөліп көрсету, міндетті орындаудың жалпыланған тәсілдерін саналау, мектеп оқушыларының белгілі бір санаттағы міндеттер жүйесін өз бетінше құру;


  • оқу мәдениетінің (мысалы, ірі синтагмалармен «динамикалық оқу») және тыңдау мәдениетінің тәсілдері, қысқа және неғұрлым ұтымды жазу тәсілдері (жазып алу, жоспарлар, тезистер, конспект, аннотация, реферат, рецензия, кітаппен жұмыстың жалпы тәсілдері);


  • есте сақтап қалудың жалпы тәсілдері (оқу материалын құрылымдау, бейнелі және есту естеріне сүйене отырып мнемотехниканың ерекше тәсілдерін қолдану);


  • зейінді шоғырландыру тәсілдері, яғни мектеп оқушысының өзіндік қадағалаудың әр түрлерін пайдалануына, өз жұмысын сатылап тексеруге, тексеру тәртібін, «бірліктерін» бөлуге сүйенетін;


  • қосымша ақпаратты іздеудің жалпы тәсілдері (библиографиялық материалдармен, анықтамалар, каталогтар, сөздіктер, энциклопедиялармен жұмыс) және оларды үйдегі кітапханада сақтау;


  • емтиханға, сынаққа, семинарларға, зертханалық сабақтарға дайындалу тәсілдері; уақытты ұтымды ұйымдастыру, оны есептеу мен жұмсаудың, еңбек пен оқуды, қиын ауызша және жазбаша тапсырмаларды дұрыс кезектеп отыру, еңбек гигиенасының жалпы ережелерінің (режим, серуен, жұмыс орнындағы тәртіп, оның жарықтығы және т.б.) тәсілдері» [127, 50 б.].

Бұл жерде ақыл-ой еңбегін ұйымдастырудың жалпы тәсілдері де, оқу жұмысының нақты тәсілдері де, мысалы мәтінмен жұмыс істеу келтірілгені айқын. Соңғылардың қалыптасқандағы оқушылар мен студенттердің барлық оқу пәндері бойынша өзіндік жұмыстарының негізгі алғышарттарының бірі және де негізі болады.


Тағы атап өтейік, жалпы оқушылардың өзіндік жұмысы оқу іс-әрекеті тұрғысынан сыныптық оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруға негізделеді. Соның ішінде бұл мұғалімнің сыртқы қадағалауынан оқушының өзін-өзі қадағалауына және де сыртқы бағалаудан оның өзін-өзі бағалауының қалыптасуына өтуі мен олардың байланысына қатысты және бұл, өз кезегінде, мұғалімнің бақылау мен бағалауды жетілдіруін ұйғарады. Осыған сәйкес, мектеп оқушысында нағыз өз бетінше жұмысқа қабілеттілік қалыптасуы мүмкін бе деген сұраққа жауап педагог пен оқытылушының біріккен іс-әрекетінен, оның субъектіне ерекше талап қоятын және интеллектуалдық қанағаттану сезімін беретін іс-әрекеттің ерекше формасы ретіндегі осы жұмыстың ерекшелігін саналы аңғаруға байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет