Байланысты: И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түз-emirsaba.org
Оқу мотивациясының тұрақтылығы Оқу мотивациясының тұрақтылығы А.К. Маркованың (Л.К. Золотых, Т.И. Лях, Т.А. Платонова, Т.А. Пушкина, О.А. Чувалова және т.б.) тұжырымдамасы шегіндегі мектеп оқушыларын зерттеу материалы негізінде және де Е.И. Савонько тобының (Н.М. Симонова, З.М. Хизроева, И.П. Именитова және т.б.) студенттерді зерттеу материалы негізінде зерттелген. Психологиялық тұрақтылықты зерттеушілер адамға әсер етуші факторлардың кең түрлендіруінде психикалық белсенділіктің қажетті деңгейін қолдай алу қабілеті ретінде анықтайды. Оқу мотивациясына қатысты оның тұрақтылығы – бұл іс-әрекеттің қалыпты және экстремалды жағдайларда да салыстырмалы түрде ұзақ және жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін оның динамикалық сипаттамасы. Тұрақтылықтың жүйелілік елестетуіне сүйене отырып, зерттеушілер оны оқу мотивациясының күші, түсінілуі, әрекеттігі, іс-әрекеттің мағыналы түрткінің қалыптасуы, процеске бағдар және т.б. сияқты сипаттамаларымен бірге қарастырады.
Е.И. Савонько, И.П. Именитова, З.М. Хизроеваның зерттеулерінде мотивациялық құрылымның тұрақтылығы мен оның динамикалығының байланысы оның құрылымындағы компоненттердің сараланып жіктелінуінде, олардың тұрақтылық беталысына қарай тәртіптелінуінде екені көрсетілен. Сонымен бірге, мотивациялық құрылымның құрылымішілік өзгерістердің жылдамдатылған өзгермелілігі, ішкі мотивация компоненттерінің тәртіптелуге қарай қозғалысы, сараланып жіктелінуге деген айқын беталыс сияқты сипаттамалары үрдіске қарай мотивациялық бағдарланған құрылымдардың тұрақтылығының көрсет-кіші болып табылады. Бұл зерттеушілерге процессуалды мотивацияның абсолютті үстемдігі құрылымға одан да үлкен тұрақтылықты береді деп болжауларына мүмкіндік береді. Процессуалды мотивация құрылымы-ның мазмұнды және «энергетикалық» ұйытқысы болып табылады, және одан тұрақтылық пен оның өзгергіштігінің ерекшеліктері тәуелді. Процессуалды және нәтижелік мотивациялық бағдарлар құрылымда бірінші және екінші орын алған жағдайда оның тұрақтылыық деңгейі одан сайын жоғары болады – бұл әсер ету күші бойынша бойынша бірінші фактор. Зерттеушілер (Е.И. Савонько, З.М. Хизроева) тұрақтылықтың психологиялық детерминанттарына жататындарды белгіледі, олар: 1) мотивациялық құрылымның бастапқы түрі; 2) іс-әрекеттің заттық мазмұнының тұлғалық маңыздылығы; 3) оқу тапсырмасының түрі. Тағы да, неғұрлым күшті болып мотивациялық бағдардың үстемдігі, құрылымішілік динамикасының ерекшелігі және мотивациялық құрылымның психологиялық мазмұны сияқты ішкі факторлар екені анықталды.