И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген



бет149/189
Дата05.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#156681
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   189
Байланысты:
È. À. Çèìíÿÿ ïåäàãîãèêàëû? ïñèõîëîãèÿ åê³íø³, òîëû?òûðûë?àí, ò?ç

Еңбектестік фазалары

В.Я. Ляудис ұсынған [124] мұғалім-оқушы еңбектестігінің продуктивті схемасының жалпы контексінде, В.П. Панюшкин олардың бірлескен іс-әрекеттерінің қалыптасу динамикасын жетілдірді [161,162]. Бұл процестің алты фазасы оқудағы еңбектестіктің алты формасын қамтиды, олар шәкірттердің жаңа іс-әрекеттерінің қалыптасу процесінде өзгеріп отырады. Бірінші фаза – іс-әрекетке қатыстыру. Ол келесі формаларды қамтиды: 1) мұғалім мен шәкірттер арасында бөлінген әрекеттер, 2) оқушылардың ұқсату әрекеттері, 3) оқушылардың еліктеуші әрекеттері. Бірлескен іс-әрекет динамикасының екінші фазасы – оқушылардың іс-әрекетті мұғаліммен келісімдеуі. Бұл фазаға келесі формалар енеді: 4) оқушылардың өздігінен реттелуші әрекеттері, 5) оқушылардың өздігінен ұйымдасушы әрекеттері, 6) оқушылардың өздігінен түрткі болушы әрекеттері. В.П. Панюшкин іс-әрекетті жетілдірудегі серіктестік деген үшінші фазаны жорамалдайды [161] (өзімнің бөліп көрсеткенім – И.З.). Ол бірлескен іс-әрекеттің осы моделіндегі оқушылар мен мұғалімдердің тең серіктестігі оның дамуы мен қалыптаса бастауының нәтижесі болып табылады. Үйренушілер неғұрлым ересек болса, соғұрлым нағыз бірлескен іс-әрекет жасалу жолы жылдамырақ өтіледі және оқу-тәрбие процесінде тең серіктестік, субъект-субъекттік өзара әрекетке жылдамырақ жетеді деп ұйғаруға болады.




***

Оқушылардың субъект-субъекттік өзара әрекеттесу схемасы бойынша және мұғаліммен еңбектестігінде жүзеге асырылатын оқу-педагогикалық іс-әрекеттің даралық іс-әрекет алдында нәтижелік артықшылығы бар, олар еңбектестікті ұйымдастыру формаларына, еңбектесуші адамдардың санына, олардың бірлескен іс-әрекетке қатынасына байланысты.




Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



  1. Бірлескен іс-әрекеттің даралық іс-әрекет алдындағы артықшылығының психологиялық себебі қандай, олар үнемі байқала ма?

  2. Еңбектестіктің үйренушілерге және үйретушіге (мұғалімге) ықпалы неден көрінеді?



Әдебиет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет