И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген


Зерттеу объектісінің өзіне тән ерекшеліктер



бет17/189
Дата05.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#156681
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   189
Байланысты:
È. À. Çèìíÿÿ ïåäàãîãèêàëû? ïñèõîëîãèÿ åê³íø³, òîëû?òûðûë?àí, ò?ç

Зерттеу объектісінің өзіне тән ерекшеліктер объект ретінде кімді немесе нені қарастыруға байланысты: а) адамдардың өздері, олардың психикалық процестері, жағдайы, психологиялық қасиеттері, олардыі әрекеті, яғни құбылыстың өзі; б) адамдар әректінің өнімі, олардың «заттандырылған өнімі» немесе в) адамның іс-әрекетінің және мінез-құлығының, оның ұйымдастырылуының, басқаруының кейбір сипаттамалары, бағалануы, көрсеткіштері. Әрине, осы объектілердің барлығы тығыз байланыстыжәне осы негздеме бойынша әдістерді жекелеп бөлу шартты түрде ғана жүргізіледі, алайда олардың әрбіреуін оқытушының практикалық тәжірибесінде қолдану саласын талдау үшін осылайша саралап қарастыру мақсатқа сәйкес келеді.
Жалпы педагогикалық тәжірибеде, мысалы оқытушыны зерттеу үшін байқау әдістерін (атап айтқанда, күнделік жазу әдісі), әңгіме (сауалнама, сұхбаттасу) және тест жүргізуді пайдаланған дұрыс. Сыныпта, топта (топтық жіктеліс) оқушыларының өзара қарым қатынасын зерттеу үшін ұзақ уақыт бойы байқаумен қатар социометриялық және референтометриялық әдісті табысты пайдалануға болады [толығырақ 151, 167-178 б. қараңыз]. Іс-әрекет өнімін зерттеуге, атап айтқанда, оқу қызметінің өнімін, яғни оның неден көрініс табуын зерттеуде іс-әрекет өнімін талдау әдісі аса кең тараған. Оқушылардың шығармаларын, мазмұндамаларын, ауызша және жазбаша хабарламаларының (жауаптарын) мақсатты, жүйелі түрде талдау, яғни олардың мазмұнын, түрін талдау педагогқа оқушылардың тұлғалық жіне білім алудағы бағытын түсінуге, олардың оқуға, оқу орнына, оқу пәнінінің өзіне және ұстаздарға қарым-қатынасын түсінуіне ықпал етеді. Оқушылардың тұлғалық, жеке психологиялық ерекшеліктерін немесе олардың әрекетін зерттеуде тәуелсіз құбылмалыларды жалпылау әдісі қолданылады, ол мысалы, бір оқушы туралы әртүрлі оқытушылардан алынған деректерді жалпылауды талап етеді. Тұлғаны іс-әрекеттің әртүрлі түрлерінде зерттеу барысында тең жағдайда алынған деректерді ғана жалпылауға болады. «Эксперименталды зерттеудің кез-келгенінің мақсаты - деректердің шектеулі санына негізделінген қорытындылар эксперименттің шеңберінен тыс жерде ақиқатқа сай болып қалуы тиіс. Бұл – жалпылау деп аталынады» [57, 54 б.].
Зерттеу әдістерін зерттеушінің іс-әрекетінің сипатына қарай Б.Г. Ананьев төрт топқа бөледі:

  1. Ұйымдастырушылық әдістер (салыстырмалы, лонгитюдтік, кешенді);

  2. Эмпирикалық, оған: а) обсервациялық әдістер (байқау, өз-өзін байқау); б) эксперименталдық әдістер (зертханалық, далалық, табиғи, қалыптастырушы немесе Б.Г. Ананьев бойынша психологтық-педагогикалық); в) психодиагностикалық әдістер (стандартталған және прожективті тестер, сауалнамалар, социометрия, сұхбат және әңгімелер); г) праксиметрикалық әдістер, Б.Г. Ананьев бойынша, процесс пен іс-әрекет өнімін талдау тәсілдері (хронометрия, циклография, кәсібиграфикалық баяндау, жұмысты бағалау); д) модельдеу әдісі (математикалық, кибернетикалық және т.б.); және е) өмірбаяндық әдістер (адам өміріндегі атаулы күндерді, оқиғаларды, фактілерді талдау);

  3. деректерді өңдеу, яғни сандық (математикалық-статистикалық) және сапалық талдау әдістері;

  4. генетикалық және құрылымдық әдістерді қамтитын түсінік беру әдістер [7, 296-298 б.].

Психологияның жүйелілік, топтастырушылық, даму қағидалары, сонымен қатар сана мен әрекеттің бірлігі қағидасы сияқты әдіснамалық қағидаларға негізделе отырып, педагогикалық психология әрбір нақты зерттеуде әдістер кешенін қолданады (жеке әдістер мен зерттеу тәртібі). Алайда, әдістердің біреуі үнемі негзгі әдіс ретінде, ал қалғандары - қосымша ретінде шығады. Педагогикалық психологияда мақсатты зерттеулер барысында, жоғарыда аталып өткендей, негізгі әдіс ретінде қалыптастырушы (оқытушы) әдіс қолданылады, ал оған қосымша болып байқау, өз-өзін байқау, әңгіме, іс- әрекет өнімін талдау, тест жүргізу болып табылады. Әрбір жеке оқытушының іс-тәжірибесінде ары қарай оқушының оқу қызметінің өнімін талдауымен негізгі әдіс – байқау мен әңгіме пайдаланылады.
Әрбір психологтық-педагогтық жертту кем дегенде, төрт негізгі кезеңнен тұрады: дайындық (әдебиетпен танысу, мақсат қою, зерттеу проблемасы бойынша тұжырымдама ұсыну, оны жоспарлау), 2) зерттеушілік (мысалы, әдісі бойынша эксперименталдық немесе социометрикалық), 3) алынған деректерді сандық және сапалық талдау (өңдеу) кезеңі және 4) түсінік беру кезеңі, яғни зерттелінетін құбылыстың зерттелу барысын, оны тудыратын факторлар, себебін анықтау, жалпылау. Зерттеу жазбаша мәтін дайындаумен аяқталынады, онда зерттеудің нәтижесі мен оның талдауы келтіріледі.
Қарастырылғанның барлығы педагогикалық психология психологиялық білімнің көпқырлы саласы болып табылатынын көрсетеді. Оның ерекшелігін, заңдылықтарын, оның мазмұны мен зерттеулерінің әдістерін ескеру кез-келген білім беру жүйесінде тәрбие беруші және дамыта оқытудың психология-педагогикалық міндеттерін жүзеге асыруда үлкен көмек көрсетеді.

***

Педагогикалық ғылым психологиялық білімнің дербес саласы ретінде өз пән ерекшелігімен сипатталады, осы ерекшелікке сәйкес оның ұйымдастырылуының жан-жаққа тараған құрылымы бар. Педагогикалық психологияда қолданылатын зерттеулер әдісі кешенділігімен және педагогикалық процеске тікелей қатыстығымен сипатталады.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



  1. Педагогикалық психологияның жас ерекшелік психологиясынан олардың зерттеу объектісінің ортақ болғанымен немен айрықшылынады?

  2. Қандай зерттеу әдістері педагогикалық тәжірибеде күнделікті қолданылады?

  3. Нормативтік бағытталған тест жүргізу критерийлері бағытталған тест жүргізуден немен айрықшылынады және осы екіншісінің педагогикалық тәжірибеде қолданылуының басымдылығы неде?

  4. Тестерді қолдану педагогикалық психологияда неліктен этикалық сипатқа ие?

  5. Педагогикалық психологияның міндеттері осы ғылымның қазіргі заманда дамуымен қандай ара қатынаста?



Әдебиет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет