Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік инситутының дшс -11 тобының студенті Темір Қалдыбайдан №3 Б. Майлин атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушыларына Мінездеме



Дата07.02.2022
өлшемі13,86 Kb.
#94719
Байланысты:
11 сынып мінездеме


Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік инситутының ДШС -11 тобының студенті Темір Қалдыбайдан № 3 Б. Майлин атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушыларына
Мінездеме.
20.01.20-01.02.20 жыл аралығында №3 Б. Майлин атындағы орта мектепте бақылау іс-тәжірибесінен өттім. Алғашқы күні мектеп ұжымымен танысып сыныптарға бөлу жұмыстары жүргізілді. Маған 11-сынып берілді және сынып жетекшісімен оқушылармен танысу болды. 11-сыныптың жетекшісі Ақбота Русланқызы ол кісі өз сыныбына өте жақсы оқушыларды жинай біліпті. 11- сыныпта 21-оқушы бар оның 11- ер бала, 10 - қыз бала. Сыныптың оқу үлгерімдеріде жақсы әр сабаққа тыңғылықты дайындалып белсенді қатысып отырады. Оқушылар өздерінің оқу жағынан ғана емес спорт жағынанда, өнер жағынанда т.б үздік екенін таныта білді. Оларды атайтын болсам Нығымет Сұлтан Қазыбекұлы - қазақтың ұлттық спорты Қазақ күресінен жүлделі орындар алып жүрген оқушы. Сонымен қатар спорт шеберіне үміткер деген атағыда бар. Сабыржан Мейірбек Маратұлы, Рағатов Талғат Талапұлы, Әнуар Наурызбай Ерханұлы – қазақтың ұлттық спортының бірі аралас жекпе-жектің облыстың жүлделі орын алып жүрген сонмен қатар мектептің бетке ұстар оқушылар тізімінен көрініп жүр. Әнуар Наурызбай өзін спорт жағынан ғана емес оқу үздігі деп айтуға болады. Оны нақтылай кетер болсам 9-сыныпты қызыл атестатпен аяқтаған. Айтмағамбетов Ислам Ғабитұлы өзінің оқу жағынан ғана емес интернет желісін өз пайдасына асыра білген өте талантты оқушы. Елеубай Роза Дарханқызы мектепшілік өткен актер, актрисалық байқаудың үздіктердің ішіндегі үздігі болып танылып – үздік актриса атағын жеңіп алған. Оқушылардың жеке жетістіктері ғана емес сынып ұжымымен алған жетістіктері көптеп саналады. Мысалы: қалалық көрініс сайысында үздік шығып 1- орын алды сонымен қоса Қостанай қаласына Арқалық қаласының намысын қорғап шығу бақытына ие болды. Сонымен қатар 2-жыл қатарынан күзгі балдың жеңімпаздары болып танылған. Оқушылар арасындағы қарым – қатынас, ұйымдастыпушылық қабілеттері жақсы қалыптасқан. Болашақта бұл сыныптан елімізге танымал азамат, азаматша шығарына сенемін.

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттің инситутының ДШС -11 тобының студенті Темір Қалдыбайдан № 3 Б. Майлин атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Сабыржан Мейірбек Маратұлына


Мінездеме.
Сабыржан Мейірбек Маратұлы 05.03.2003 жылы дүниеге келген. Мейірбек мен іс – тәжірибеден өту барысында жақсы қырынан көрсетіп, көзге түсе білді. Оқушылармен, мұғалімдермен қарым – қатынасы өте жақсы. Оқу жұмысына белсенді араласады, үй жұмысын жүйелі түрде орындайды. Оқушыларды бастап ұйымдастыра алу қабілеті ерекше. Оқушының ерік – жігері мықты дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін бар күшін салады. Мейірбектің мінезі ашық, сабырлы, достарымен жақсы тіл табысады. Берілген істі ұқыпты, шапшаң орындайды. Сүйікті ісі – спортпен айналысу. Мейікбек мектепшілік іс – шараларға белсене қатысады. Мектептен тыс қазақтың ұлттық спортының бірі – аралас жекпе –жекке қатысады. Қостанай облысының жүлделі орындарын иеленіп жүрген оқушы. Болашақ мамандығы заң саласында қызымет етсем деген өте жақсы ойы бар. Болашақ мамандығына қажетті білімдер мен дағдыларын қалыптастыру үшін әр уақытта ізденісте жүреді. Алдағы уақытта өз ісіне өте жақсы нәтижие көрсетеріне сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет