I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет18/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫР ТАҒЫЛЫМЫ 
 
Қыз Жібек 
(үзінді) 
Төлеген әке-шешесінің алдынан өтіп, Жібекке құда түсіру үшін Ақжайық еліне аттанбақ 
болады. Жібек жаман түс көріп, жеңгесі арқылы Төлеген жолға шықпасын деп хабар 
салады. 
...Мен бүгін бір түс көрдім, 
Түсімде жаман іс көрдім, 
Төлеген мінген Көкжорға ат, 
Ер-тоқымсыз бос көрдім. 
Ел жайлаған Ақжайық, 
Жағалай біткен бидайық, 
Алдымда жанған шырағым, 
Біреу үрлеп өшіріп, 
Көзімнен болды сол ғайып. 
Қолымдағы тұйғынның, 
Заулап келіп аспаннан, 
Желкесін қиды бидайық. 
Пендем десең, құдая, 
Бұл түс емес еді ғой, 
Көруге маған лайық. 
Айналайын, жеңеше - ау, 
Төлегеннің мен білдім, 


22 
Бір кеткен соң келмесін, 
Мұнан кетсе, Төлеген, 
Білгізді, құдай, мен қуға 
Бұл жерді қайтып көрмесін... 
Төлеген Жібектің сөзіне құлақ аспай, Сыр еліне жүріп кетеді. Еліне аман-есен келгенімен, 
әкесі құдалыққа келісім бермейді. 
Төлеген ешкімге айтпай, Жібектің елі Ақжайыққа жасырынып кетеді. Осы сапарда 
Төлеген Қособа түбінде Бекежан қолынан қаза табады. 
Бекежан Көкжорға атты жетекке алып, "Төлегенді өлтіргенімді айтсам, Жібек маған тимей 
қайда барар дейсің" деген ойға келеді де, былайша өлеңдетеді: 

Айтамын айт дегеннен әуелім - жар, 
Қыз Жібек, әлі-ақ болар пиғылың тар, 
Өліп қалған немеңді сонша мақтап, 
Көкжорға ат астымдағы көзіңді сал 

Жоқ екен, әй, Бекежан, ақыл-айлаң, 
Қанеки, құрбы болып тиген пайдаң? 
Атаңа алты лағынет ит қарақшы, 
Көкжорға астындағы алдың қайдан? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет