I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет58/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

 
Әбдімәлік НЫСАНБАЕВ
Төлеуғазы ӘБЖАНОВ 
 
АДАМГЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ПАЙЫМДАР 
 
Ғалымжан.
Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір 
дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып, жетіледі. Сондықтан да адамгершілік 
мәнін абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық 
ерекшелігімен ғана байланыстыруға болмайды. 
Әрине адамзат тарихында пайда болған адамгершілікке байланысты көптеген 
категориялар - жомарттық, батылдық, шыншылдық, баққұмарлық, сыпайыгершілік, 
әділдік пен достық, ар мен намыс тағы басқалары сонау көне дәуірден басталып, күні 
бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпаған. Сондай-ақ адамзаттың, әрбір адамның ішкі рухани 
адамгершілік дүниесінің негізгі формалары - үміт, сенім және махаббат үнемі даму 
үстінде. 
Дегенмен бүл адамгершілік категорияларына әрбір қоғам өзінің даму үдерісінде оның 
мазмұнына көптеген өзгерістер енгізіп отырды. Айталық, көне грек дәуіріндегі 
адамгершілік категориялары сол қоғамдағы тарихы, әлеуметтік, экономикалық үдеріске 
тығыз байланысты болып, сол заманның негізгі қозғаушы күші - құлдарды ойшыл, 
философ, жазушы, тарихшы, тағы басқаларын адам деп есептемеді. Сөйтіп, ол қоғамдағы 
қалыптасқан моральдық, адамгершілік категориялардың құлдарға ешқандай қатысы жоқ 
болып шықты. Одан кейінгі ортағасырлық дәуірде де адамгершілік проблемалар дін 
жолымен шешіліп, құдай туралы идеологияның қолында болып, адамдарды 
бағындырудың құралына айналды. Ал капиталистік қоғам барлық қатынастарды заттық 
қатынастар арқылы шешпекші болғандықтан адамның өзі мен күші сатылатын тауарға 
айналғандықтан адамзат қалыптастырған моральдық адамгершілік категориялар 
қайшылыққа ұшырады, қанаушы таптың қолындағы рухани құралдарға айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет