Ғалымжан . Шынында да біз өз дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздан айырылып, құр алақан
қала жаздадық. Оған не себеп болғанын сіздер жақсы білесіздер.
Асан . Оған себеп болған сталинизм, хрущевизм және брежневизм тоқырау заманындағы
жағдайлар мен содан келіп шыққан идеологияшылдық үдерісі. Идеологияшылдықтың кең
өріс алғандығы сонша тіпті осы жоғалтқан мәдениетіміз бен әдет-ғүрып, салт-санамыздың
орнына "интернационализм" деген даурықпа ұран шықты.
Үсен . Интернационализм жалпы адамзаттың өзара бірлік қатынасының ең жоғарғы белгісі
ғой.
Асан . Әрине ол дұрыс. Бұл сөздің мағынасы өте тереңде жатыр. Бірақ осы ұғымның әбден
сілікпесін шығара пайдаланып, қисыны келсе де келмесе де интернационализм деп, кім
ұлты үшін жаны ашып, халқы үшін қабырғасы қайыса, мәселе қозғаса оны ұлтшылдық
дедік-ау.
Үсен . Интернационализм әрине ұлт мүддесін; оның мәдениеті мен әдет-ғұрпын, салт-
санасын жоққа шығармай, қайта оларды бойына тереңдетіп сіңіре береді. Бірақ ең жаман
нәрсе біз интернационализм деп басқа жақтан, буржуазиялық батыстан келген көптеген
келеңсіз нәрселерді үйрендік-ау деймін.
141
Асан . Дәл солай. Тағы да Оралхан ағаға жүгінейік. Оның жоғарыда аты аталған повесінде
мына сөздер адамды ойландырады: "Ішімдікке салыну, ана тілінен жеріну, дәстүр мен
салтты саудалауға солай... үйретеді, үйренеді".