Ғалымжан
. Ақсақал "қасірет" деген ауыр сөз ғой? Ол сонау 1932 жылғы ашаршылық пен
Ұлы Отан соғысынан кейін айтылмай кетіп еді?!
Омар ақсақал.
Е, қарағым, Семей мен Ақтөбедегі тарсылдатып жарып жатқан сынақ
орындары қасірет емей немене? Ал бір уақытта шортаны аттай тулап, шағаласы мен
үйрек-құсы шулап жатқан Аралымыздың тартылып бара жатқаны, одан ұшқан ақ тозаң
тұздардың балаға да, анаға да, барлық адамдарға ауру таратып жатқаны қасірет емей
немене? Дүние жүзіне даңқы жайылған, кеңдігі мен кенділігі адам баласын таңғалдырған
Балқашымыздың екі жақты қыспаққа ұшырап, жер бетінен жойылып бара жатқаны қасірет
емей немене? Өз мекенінде, өз жерінде орын таба алмай, халқымыздың шұбап жүргені,
қала мен аудан орталықтарының табиғаты жағынан бүлініп, енді қоныс болудан қалып
бара жатқаны қасірет емей немене?
Достарыңызбен бөлісу: |