Күтілетін нәтиже- Білім беру ұйымында тәрбиенің заманауи ахуалының ерекшеліктеріне тән сипат әлеуметтік талап етілетін құндылықтар, дәстүрлер, мінез-құлық тәжірибесі ұстанымы тұрғысынан оны жаңартуға бағытталады. Тәрбие процесіне «Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттері контексінде өлкетану компонентінің инновациялық моделі, білім алушылардың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесінің формалары мен тәсілдері, балалардың әлеуметтік маңызды бастамалары белсенді енгізілуде, мектептің, ата-аналар қауымдастығының, әлеуметтік әріптестердің, әсіресе түрлі балалар қоғамдарының, қоғамдық формалды емес бірлестіктерінің қазіргі заманғы әдістерін іздеу және күшін шоғырландыру жүзеге асырылады.