Сармат тайпаларының орналасуы “Сармат” атауы көне дәуір авторларының еңбектерінде б.з.б. 3 ғасырдан бастап кездеседі. Сарматтарды тарихи деректерде б.з.б. 8 ғасырда савроматтар деп атаған. Савроматтар жөнінде грек, рим тарихшылары Диодор, үлкен Плиний, Полибий жазған. Геродот жазбаларында савроматтарды скиф тілінде сөйлеген дейді.
Сарматтардың ескерткіштері Батыс Қазақстан аймағында, негізінен Жайық пен Елек, Жем өзендерінің бойында кездеседі.
Савромат-сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырды. Босфор мемлекетімен байланыс орнатқан. Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказға, Парфияға жорықтар жасаған.
Үстіртте зерттелген Бәйте, Терең ескерткіштерінде жерлеу орындарымен қоса, аруақтарға арнап ас беруге және мінажат жасауға арналған ғибадатханалар кездеседі. Ғибадатханаларда құрбандық шалатын тас үстелдер және саны 30-40-қа жететін діңгек тастар орнатылған. Бұл жерден от жағылған орындардың белгісі жиі ұшырасады. Осыған қарағанда дай-массагеттерде отқа табыну рәсімі болған.
Геродот пен парсы патшасы Ксеркс өз жазбаларында Арал-Каспий теңіздерінің аралығында б.з.б. 1-мыңж. ортасында өмір сүрген тайпалар туралы жазған. Бұл тайпаларды дах (дай, даг), сақ-массагет деп атайды.
Дайлар бірнеше ру-тайпадан тұрған. Б.з.б. 248-24 жылдары дайлардың апарн тайпасынан шыққан Арсақ (Аршак) бастаған көшпелілер Парфияның бір бөлігін және Гирканияның шеткі аймақтарын басып алды. Олар бұл елде Аршакидтер әулеті билігінің негізін салған.
Атырау облысының оңтүстік-шығысындағы Сарықамыс-Құлсары аралығында саз топырақты төбешіктер табылды.
Батыс Қазақстан жеріндегі сарматтардың ерте темір дәуірі ескерткіштері өзен алқаптарына жақын орналасқан. Жайық , Елек, Жем өзендерінің бойындағы обалар негізінен топырақтан, тастан немесе тас аралас топырақтан үйілген.
Сарматтар еліміздің батыс аумағын б.з.б. 8 ғасыр мен б.з. 5 ғасырында мекендеген. Сарматтарды тарихи деректерде б.з.б. 8 ғасырда савроматтар деп атаған. Ал б.з.б. 3 ғасырда сарматтар күшейіп, басқа тайпаларға үстемдігін жүргізе бастаған.