І бөлім. Аналитикалық химия пәНІ


Б. Зерттелетін заттың катионы ауыр металдарға жатады



бет104/105
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121721
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105
Байланысты:
ПОСОБИЕ АН 2

Б. Зерттелетін заттың катионы ауыр металдарға жатады. Мұндай жағдайда ең әуелі анионды зерттемес бұрын оны жою қажет, себебі анықтау кезінде көптеген кедергі жасайды. Анионды жою натрий карбонаты көмегімен жүргізіледі. Аниондар анықталатын 2 мл ерітіндіге, тұнба түзілуі тоқтағанша натрий карбонаты ерітіндісін қосады, қоспаны 5-7 мин бойы су моншасында қыздырады, тұнбаға толық түскендігін тексеріп, центрифугалайды. Тұнба бетіндегі мөлдір ерітіндіні тең мөлшерде екіге бөліп алады. Тұнбаны төгіп тастайды. Фильтраттың біршама бөлігін сұйылтылған азот қышқылымен бейтараптайды, екінші бөлігін сірке қышқылымен бейтараптайды (NO2- және NO3иондарын зерттеу үшін). Бейтараптау үшін ерітіндіні үнемі араластыра отырып, сұйылтылған қышқылды тамшылатып қосады. әр қосқан тамшы сайын реакцияны лакмус арқылы тексеріледі; лакмус қағазы әлсіз болса да, бірақ айқын қызыл түске боялады. СО2 толық бөлініп шыққанша ерітіндіні су моншасында қыздырады. Бейтараптаудан кейін алынған ерітіндідегі анион анықталады. Ең алдымен азот қышқылымен бейтарапталған ерітіндідегі анионның анықталуы жүргізіледі. Ол үшін барий хлоридімен реакция жүргізіледі. Анион 1-ші топқа жататындығы туралы оң нәтиже алу кезінде, көптеген ауыр металдар тұздарының аниондары бірінші топтың қиын еритін тұздарына жататындығын міндетті түрде ескеру қажет. Сондықтан да қандай-да болмасын анионды тексермес бұрын, оның катионы бар тұзының ерігіштігіне көз жеткізу қажет.
Барий хлоридімен нәтижесі теріс болған жағдайда күміс нитратымен жүргізіледі. Тұнбаға түсуі екінші топтың анионы бар екендігін көрсетеді.
Егер барий хлоридінде не болмаса күміс нитратында тұнба түзілмесе, онда анион үшінші топқа жататындығы туралы қорытынды жасауға болады. Мұндай жағдайда азот қышқылымен бейтарапталған ерітіндіде ацетат- ионға сынама жүргізіледі. NO2- және NO3- аниондардың қатысын тексеру үшін, сірке қышқылымен бейтарапталған ерітіндіні зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет