Сапалық анализдің негізгі түсініктері
Иондарды табу үшін әртүрлі сыртқы өзгерістермен жүретін реакцияларды қолданады, мысалы тұнбаның түзілуі немесе еруі, ерітіндінің түсі өзгеруі, газдың бөлінуі; яғни зерттелетін ионды сыртқы түрі мен тән қасиеттері жақсы танымал қосылысқа айналдыру. Бұл кезде жүретін химиялық өзгерістерді аналитикалық реакция деп аталады.
Сапалық анализде аналитикалық реакциялардың қолдану аймағына қарай топтық және жеке (сипаттамалы) деп бөлінеді.
Қандай-да болмасын ион үшін тән реакция, сол ионның жеке реакциясы деп аталады. Мысалы, K4[Fe(CN)6] темір Fe3+ ионның реактивіне жатады, ал
4Fe3+ + [Fe(CN)6]4- = Fe4[Fe(CN)6]3↓
реакциясы – осы ионның жеке реакциясы деп аталады.
Иондарды табу үщін қолданылатын заттар осы иондарға реактивтер болып есепталеді. Аналитикалық рекацияларды іске асыру үшін қолданылатын реактивтер арнайы, талғампазды (селективті) және топтық болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |