І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі


Студенттерге берілетін тапсырма



бет23/41
Дата08.10.2023
өлшемі313,7 Kb.
#184103
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Байланысты:
І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі-emirsaba.org

Студенттерге берілетін тапсырма:
І. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытудың тәсілдері.
а) жаңа сөздің айтылу үлгісі.
ә) дидактикалық ойындар немесе жаттығулар.
ІІ. Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары:
  1. Тапсырма сұрақтары бойынша оқытушы мен студенттер пікір алысады, талдайды.


  2. Баланың сөздік қорын дамытуға байланысты дидактикалық ойындарды іріктеу.


  3. Бақылау іс-әрекетіне жоспар құру.


Тақырыбы:________________


Мақсаты:__________________
Көрнекіліктер:______________________
Сөздік жұмыс:______________________
Әдіс-тәсілдер:______________________
Барысы.
І.
ІІ. а)
ә)
ІІІ.ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары.
  1. ІІ-ші сәбилер тобына арнап технологиялық карта құру, талдау, өткізу.


  2. Естиярлар тобына технологиялық карта құру, талдау, өткізу.




3.4 . Жалпылама сөздерді меңгерту.
Мақсаты:  Студенттерге Жалпылама сөздер туралы түсінік беру..Жалпылама сөздерді дәрежелеріне байланысты ажырата білуге үйрету.
Жоспар
  • Жалпылаудың нольдік және бірінші дәрежесі


  • Жалпылаудың екінші, үшінші және төртінші дәрежесі.




Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Жалпы мағынасы бойынша топқа бөлінген сөздерді балалардың меңгерулері бірнеше сатыдан тұрады.
  1. Жалпылаудың нольдік сатысы немесе дәрежесі.


Бұл сатыда бала жалқы есімді де, жалпы есімді де түсініп қабылдайды. Мысалы, ата, әже, кітап, орындық т.б. Жалпы есім сөздерді Айнұр, Айгүл деген есімдер секілді жалқы есім деп түсінеді


  1. Жалпылаудың І – ші дәрежесі. Яғни біртектес заттардың, іс-әрекеттердің жалпы атауын түсіну. Мысалы допты көрген бала соған ұқсас нәрселерді мөлшеріне, материалына қарамастан доп деп түсінеді.


  2. Жалпылаудың ІІ – ші дәрежесі. Бұл кезеңде тектік ұғымды білдіретін сөздерді бала ажырата бастайды. Мысалы, үстел, орындық, шкаф – бәрі де жиһаз екендігін, ал көйлек, костюм, пальто — киім түрлері екенін түсінеді. Бұл дәрежедегі сөздерге балалар үш жастан кейін үйренеді.


  3. Жалпылаудың ІІІ – ші дәрежесі. Бұл кезеңде балалар ІІ- ші дәрежедегі сөздердің қандай топтарға жататындығын меңгереді. Мысалы, жиһаз, аяқ киім, ыдыс –аяқ, ойыншықтар – бәрі де заттар екендігін, ал, ақ, қызыл, сары, жасыл түстердің түрлері екендігін түсінеді. Мұндай сөздердің топтарын 5-6 жасқа келгенде жақсы меңгереді.


  4. Жалпылаудың ІV – ші дәрежесі. Бұл кезеңде балалар әр топтағы лексикалық сөздерді, мысалы, зат атауларын, қимылды білдіретін сөздерді, заттың санын, сапасын білдіретін сөздерді толық ажырата алады. Мұндай сөздерді 6-7 жасқа келгенде айқын ажыратып, тәрбиеші сұрағына жауап бере алады.


Егер балалар жалпылаудың төртінші дәрежесіндегі сөздердің мағынасын үйренуге қабілетті болса, онда олар лингвистикалық ұғымдарды оқып үйренуге даяр болғаны: Бұл мүмкіндік толық дәрежеде жас өспірімдік шақ сатысында туады.


Тектік түрлі қатынастағы сөздерді (жиһаз – үстел, орындық, кереует) үйрене отырып, балалар оларды тұтас және оның бір бөлігі ретіндегі сөздердерді айыра білуі тиіс:
орындық — оның сирағы, арқалығы, отыратын орны;
бет – маңдай, жақ, мұрын, ауыз, көз;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет