5. «Ыстық картоп» ойыны Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Алдын-ала дайындалған сұрақтар қағазға жазылып, дөңгелек пішінде умаждап, ыстық картоп дайындаймыз. Қарқынды әуен қосылады да, қатысушылар ыстық картопты жылдам бір-біріне береді. Әуен тоқтатылған кезде ыстық картоп кімнің қолында болады сол адам тез қағазды ашып, жазылған сұраққа жылдам жауап беруі тиіс. Сұрақтар:
Бүгінгі көңіл-күйің?
Сенің сүйікті тағамың?
Сенің хоббиің?
Спорттың қай түрін ұнатасың?
Қандай киім үлгісін ұнатасың?
Жылдың қай мезгілін ұнатасың? Не үшін?
Қай түсті ұнатасың?
Жылдың ең қысқа айы?
Кактус гүліне ұқсайтын жәндік?
Сүйікті әнің?
«А» дыбысынан басталатын бес затты ата?
Кері оқығанда тура мағынаны беретін адамның дене мүшесі?
Саған ұнайтын кино?
Сүйікті әншің?