I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдіснамасы


Рейтинг және өзіндік бағалау әдісі



бет13/48
Дата22.12.2023
өлшемі270,28 Kb.
#198411
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48
Байланысты:
I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдісн-emirsaba.org

26. Рейтинг және өзіндік бағалау әдісі.
Рейтинг әдісі - эксперттердің әрекеттің белгілі жағына баға беруі. Эксперттерді таңдауға жоғары талаптар қойылады: құзырлығы жоғары (компетентный) шығармашылықпен міндеттерді шеше алатын, экспертизаға жағымды қатынаста болуы, шыншыл, объективті қатынаста қарау, өз-өзіне сынмен қарайтын болуы керек.
Рейтінгтің үш түрі болады.
1. Бағалау - Бұл әдістің мәні мынада: қандай да бір нақты психикалық, педагогикалық құбылыстар /сапалар/ сандық жүйе көмегімен алдын ала белгіленген баға бойынша моделденеді.
2.Жұптық салыстыру-. Оның маңызы балаларды бір-бірімен қандай да бір сапасына қарай салыстыруда жатыр. Егер бұл сапамен екі бала да тепе-тең деңгейде иеленсе, онда олардың әрқайсысына бір балдан қойылады.
3.Социометриялық шәкілдері- бұл түрі топ жетекшісі үшін өте маңызды, оның көмегімен топтағы әлеуметтік өзара қатынастар құрылымы зерттеледі.
27. Ғылыми зерттеу жұмысының түрлері
Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарының түрлері:

Аннотация,Ғылыми мақала, эссе жазу, Дипломдық жұмыс орындау, Курстық жұмыс жазу,цитата, Ғылыми баяндамалар,конспектілеу.


Аннотация - (лат-ескертпе) мәні, мазмұны, формасы және басқа ерекшеліктері тұрғысынан алғанда құжаттың немесе оның бөліктерінің қысқаша сипаттамасы.
Конспектілеу дегеніміз - бұл белгілі бір кітпатағы, мақалаларды, маңызды ой- пікірлірді, керекті даталарды, фактілерді, атаулы күндерді, нақыл сөздерді цитата келтіру, сілтеме жасау арқылы қысқаша мазмұнын баяндап жазып алу.
Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми – зерттеу мен тәжірибелік эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.
Ғылыми мақала- зерттеушінің әдеби өнімінің ең кең таралған нысаны болып табылады. Мақалалар ғылыми журналдарда, ғылыми немесе ғылыми-әдістемелік жинақтарда жарияланады.
Ғылыми мақалада қорытындыларды, ғылыми тұжырымдар мен ұсыныстарды баяндаудың үлкен мәні бар. Мақаланың бұл бөлігінде зерттеу нәтижелерінің негізгі астарларын қысқа да нұсқа беру және оларды педагогикалық практикада қолдану жолдарын көрсету қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет