I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдіснамасы


 Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінің байланысын кесте түрінде жинақтау. Кесте



бет18/48
Дата22.12.2023
өлшемі270,28 Kb.
#198411
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48
Байланысты:
I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдісн-emirsaba.org

5. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінің байланысын кесте түрінде жинақтау. Кесте




Әдістер 


Сипаттама





Бақылау әдісі 

Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обьектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен техиикасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізінде шығар-машылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтнжелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты.







Әңгіме әдісі

Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырылады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жанама сұрақтардың әңгіме жсаудың әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн.







Мектеп құжаттарын зерттеу

Оқу және тәрбие жұмысындағағы кейбір күдікті


мәселелерді құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Бұл мектеп және мектептен тыс
тәрбие мәселелеріндегі құжаттар мен архив мәліметтері. Мектеп құжаттарына сынып
журналдары, оқушылардың күнделіктері, сыныптың оқу тәрбие жұмысының жоспары,
үйірме жұмыстарының жоспары мен есебі, үйірме мүшелерінің баяндамалары,
педагогикалық тақырыптарға жазылған мұғалімдердің баяндамалары мен ғылыми
мақалалары жатады. Педагогика тарихының проблемаларын архив мәліметтеріне
сүйеніп зерттейді.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет