“Құрғақ” түрінде талдауды қатты заттармен жүргізеді. Ол көбінесе тек алғашқы мәлімет алуға ғана қолданылады. Бұл тәсілдің екі түрі бар: біріншісі – пиротехникалық жолмен зерттеу. Бұл кезде зерттелетін затты жанарғы отында қыздырады. Оған от жалынының түссіз бөлігінің боялуы жатады. Мысалы, натрий тұздары жалынның түссіз бөлігін сары түске, барий тұздары – жасыл түске, калий тұздары – сия-көк түске бояйды.

Екінші түрі –ұнтақтау әдісі. Бұл әдісті 1898ж. Ф.М. Флавинский ұсынған. Зерттелетін затты анықтаушы реагентпен бірге келіге салып ұнтақтайды. Реакция нәтижесінде түсті қосылыс береді, соның түсіне байланысты қорытынды жасайды.