Жүйелі (систематикалық) талдау. Жүйелі (систематикалық) талдау – біршама қиындау, бірақ та жан-жақты, ол иондарды аналитикалық топтарға бөлуге негізделген
Жүйелі (систематикалық) талдау. Жүйелі (систематикалық) талдау – біршама қиындау, бірақ та жан-жақты, ол иондарды аналитикалық топтарға бөлуге негізделген.
Жүйелі (систематикалық) талдау. Жүйелі (систематикалық) талдау – біршама қиындау, бірақ та жан-жақты, ол иондарды аналитикалық топтарға бөлуге негізделген.
Зерттелетін ерітіндіде көбінесе бірнеше иондар болады, олар бір-біріне ұқсас реакцияға қатысып, бір-бірінің анықтауына кедергі жасайды. Анықталатын ионды ерітіндіден сол ионға кедергі келтіретін иондарды ашып алып, оларды ерітіндіден аластатқаннан кейін ғана кірісетін талдау жолын - жүйелі (систематикалық) талдау деп атайды.
Аналитикалық химияның тәжірибелік мақсаты – заттардың немесе олардың қоспаларының құрамын анықтау. Сол себептен, химиялық талдау қойылатын мақсаттарына байланысты сапалық және сандық болып екі тарауға бөлінеді.
Сапалық талдаудың негізгі мақсаты – зерттелетін заттың сапалық құрамын анықтау, яғни заттың қандай бөлшектерден (атом, ион, молекуладан) тұратындығын табу.
Сандық талдаудың негізгі мақсаты – зерттелетін заттың құрамындағы компоненттердің массалық үлесін немесе грамм мөлшерін анықтау.