I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері


ІІІ Химияны оқыту әдістемесі пәні бойынша жүргізілетін зертханалық жұмыстар



бет49/88
Дата06.02.2022
өлшемі2,95 Mb.
#79266
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   88
ІІІ Химияны оқыту әдістемесі пәні бойынша жүргізілетін зертханалық жұмыстар


3.1 Зертханада жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелері және химиялық құралдар

1) Улы, өткір иісті заттар мен қышқылдарды және қышқыл ерітінділерін суалтумен байланысты жұмыстардың барлығы тартпа шкафта жүргізіледі.


2) Оңай от алатын заттармен істелетін тәжірибелер оттан аулақ жүргізіледі.
3) Металл натриймен және басқа сілтілік металдармен жұмыс істегенде судан сақ болу керек. Сілтілік металдың қалдықтарын лаборантқа өткізу керек, қалдық салуға арналған ыдысқа салуға болмайды.
4) Пробиркадағы ерітіндіні қыздырған кезде пробирканың аузын көрші столдағылардан аулақ ешкім жоқ жаққа қаратып ұстаған дұрыс. Әсіресе концентрлі қышқылдар мен сілті ерітіндісін қыздырғанда осы ережені сақтау керек. Мұндай тәжірибелер тартпа шкафта жүргізіледі.
5) Қыздырылып жатқан ерітінді мен балқындының үстіне еңкейуге болмайды. Ыстық ерітінді бетке шашырауы мүмкін.
6) Өткір иісті заттарды, бөлініп жатқан газдарды ыдысқа еңкейіп иіскеуге болмайды. Қолмен ақырын өзіне қарай желпіп иіскеу керек.



9-сурет Газдың иісін анықтау. Газдарды немесе өткір иісті


заттарды иіскегенде өзіңе қарай желпіп иіскеу үлгісі
7) Броммен, фенолмен, қатты сілтілермен жұмыс істегенде (ірі кесектерді ұнтақтау, кептіргіш колонкаларды сілтімен толтыру, балқыту үшін қоспалар дайындау т.б.) шыны көзілдірік кию керек.
8) Концентрлі қышқылдарды сұйылтылған қышқылды суға құю керек, керісінше істеуге болмайды.
Зертханада алғашқы жәрдем көрсету
1) Теріге (қол, бет т.б.) концентрлі қышқыл (күкірт, азот, сірке қышқылдары т.б.) тисе, сол жерді жылдам ағынды сумен 3-5 минуттай жуып, сол орынға танниннің спирттегі ерітіндісіне немесе 3%-тік калий перманганаты ерітіндісіне батырылған мақта басып орайды. Қатты күйік алған жағдайда дәрігерге көрінген дұрыс.
2) Сілті ерітіндісі денеге тиген жағдайда дененің сол бөлігін терінің жылтылдағаны басылғанша сумен жуып, таннинің спирттегі ерітіндісіне немесе 3%-тік калий перманганатының ерітіндісіне батырылған мақтаны дәкемен орайды.
3) Сілті мен қышқыл ерітіндісі көзге шашыраса, зақымданған көзді бөлме температурасындағы сумен көп шайып, дереу дәрігерге көріну керек.
4) Тері ыстық заттарға күйгенде (шыны, металл т.б.) алдымен танниннің спирттегі ерітіндісіне немесе калий перманганаты ерітіндісіне батырылған мақта басып, соңынан күйікке арналған майы бар дәкемен орау керек.
5) Бром суы, күкіртті сутек, көміртек оксидімен уланғанда, зардап шеккен адамды таза ауаға алып шығып, дәрігер шақыртады.
6) Фенол буымен уланғанда сүт ішуге болмайды, фенолға күйген жағдайда жетпіс пайыздық спиртпен жуып, глицерин жағу керек.
7) Басқа суда ерімейтін, улы органикалық заттар тиген жерлерді сәйкес келетін еріткіштермен көп мөлшерде жуып, алғашқы жәрдемнен кейін дәрігерге көріну қажет.
Зертханалық жұмыс реті
Зертханалық жұмыс оның теориялық мазмұнын түсініп жасағанда жемісті болады. Әpбip химиялық операция экспериментатордың ұқыптылығы мен мұқияттылығын тілейді. Ең қарапайым тәжірбиенің өзі дұрыс жасалмаса, адам өміріне қауіп болады. Сондыктан зертханада жұмыс iстеу үшін студент алдын-ала дайындықтан өту керек.
Оқушы - сарамандық сабақтарға арналған нұсқауды, тәжірбиелердің орындалу ретімен, зерттеліп отырған заттардың қасиеті мен оқулықтар бойынша танысады. Тақырыптарға байланысты теориялық материалдарды меңгеріп қажетті есептеулерді орындап, қай тәжірибеге көп көңіл аудару керектігін анықтайды.
1) Оқушылардың зертханада белгілі орны болып, оны таза және жинақы ұстап, стол үстінде тек тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтар болғаны жөн. Көпшілік жұмыстарды студент бірігіп орындайды.

  1. Жұмысқа қажетті реактивтер арнайы сөрелерге қойылады. Концентрлі және иici жаман заттар тартпа шкафтарда сақталады.

  2. Студенттерге реактивтерді жұмыс орнында қалдырып кетуге рұқсат етілмейді.

  3. Құрғақ реактивтерді құрғақ шпатель немесе арнайы қалақшалармен алу керек. Ерітінділерді бip ыдыстан екінші ыдысқа құйғанда этикеткасы жоғары қарауы қажет (бүлінбей аман сақталуы үшін).

  4. Егер нұсқауда затты қанша мөлшерде алуы көрсетілмесе: құрғақ зат пробирка түбін жабатындай, ал сұйық зат пробирканың 1/6 көлеміндей бөлігін алуы керек.

  5. Қолданылмаған реактивтерді қайта бұрынғы ыдысына құюға немесе салуға болмайды, оларды лаборантқа өткізген жөн.

  6. Реактив салынған ыдыстардың тығыны мен қақпақтарын столға төңкеріп қою керек.

  7. Органикалық заттардың ұшқыш, тез от алғыш, улы екенін ұмытпау керек.

Жұмыс дәптері
Зертханадағы жұмыс барысында тәжірибенің жүру жолын, оның жүргізілу ерекшеліктерін: яғни тұнба түзілу, тұнбаның epyi, түстердің өзгеруі, жылу эффектісі, приборлардың көрсеткіші және т.б. өзгерістерді анықтайды. Тәжірибе қорытындысы арнайы дәптерлерге төмендегі ретпен толтырылуы керек:

  1. Зертханалық жұмыстың аты, peт саны, орындалу күні.

  2. Тәжірибенің мазмұны.

  3. Тақырыпта берілген сұрақтарға міндетті түрде жауап беріп, тәжірибенің қысқаша мазмұнын және байқау қорытындысын жазу.

  4. Реакция теңдеуін жазу.

  5. Есептеулердің сандық мәндерін келтіру.

  6. Қарындашпен орындалған аспаптың суретін салу.

  7. Қорытынды көк түсті сиямен жазылады.

Жұмыс дәптеріне үлкен қалың дәптер бастаған дұрыс. Әрбip бeтті үш бөлікке бөліп, үлкен бөлігіне тәжірибенің аты және зертханалық жұмысты өткізген күні жазылады.
Екінші бөлікке химиялық реакция теңдеулерін, сызбанұска мәліметтері, сурет және графиктер енгізіледі. Үшінші бөлікте байқау қорытындысы жазылады. Тақырыптың аты үлкен әріптермен жазылады.
Бірінші және екінші бөлікті оқушы сабаққа әзірлік кезінде толтырады. Үшінші бөлік зертханада тәжірибені орындау кезінде толтырылады.
Жұмысты орындап, байқау қорытындыларын жазып біткен соң студент дәптерін оқытушыға өткізіп, жұмыс орнын ретке келтіреді. Белгіленген жұмыс орындалған соң, студент сынақ тапсырады. Сынақ кезінде студенттің жұмыс журналы толық көркемделген болуы керек.
Сынақ тапсырған кезде студент барлық теориялық сұрақтарға толық жауап беріп, тәжірибенің шартын, байқау қорытындысын дұрыс түсіндіріп, зертханалық жұмыстың соңындағы бақылау сұрақтарын және тапсырмалырды орындауы қажет.
13-кесте Зертханалық жұмысты өңдеу үлгісі

Күні: 15.10.09
Тәжірибенің аты
аты

Тақырып: Алкендер Тәжірибені әзірлеп өткізу

Байқау,
қорытынды

Этанның алынуы және химиялық қасиеттері.
А)Этанның алынуы

1.Этанды алу қондырғысының суреті
2. Химиялық реакция теңдеулері

Этан газ күйінде бөлінеді, бром суы түссізденеді...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет