I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері



бет6/88
Дата06.02.2022
өлшемі2,95 Mb.
#79266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
Оқу

Сабақ беру

1-сурет Химия курсының мазмұнын анықтаушы сызбанұсқа


Егеменді еліміздің қоғамды қайта құру саясатына орай мектеп реформасы, оқыту тұжырымдамасы халыққа білім беру саласын кеңінен қамтып отыр. Осыған байланысты химия пәнінің мазмұны қайта қаралып, жетілдірілді. Химиядан базалық білім беретін, тереңдетіп білім беретін мектептер, орта білім беретін мектептер, оларға арналған бағдарламалар жарық көрді. Орта мектепте химияны оқытуда экологиялық, ізгілік, ұлттық, аймақтық сипат беру, оқу мазмұнын түрлендіру, демократияландыру қазіргі кезде жалғасын тауып отыр. Осы мәселенің бәрін жіктеп, талдап, саралау химияны оқыту әдістемесінің үлесіне тиеді.


Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін тағы бір мәселесі оқыту процесін ұйымдастыру формаларын, құралдарын және әдістерін дамытып, жетілдіру, мектептің алдында тұрған талаптарға сәйкестендіру. Оқушы мен мұғалім арасындағы қатынасты, ынтымақтастықты, оқушының еріктілігін, белсенділігін, танымдық қызығушылығын, дәйектілігін арттыруға бағыттау.
Химияны оқыту әдістемесі химияны оқыту нәтижесін оқушылардың білім сапасына, білімділік деңгейіне, тәрбиелігі мен адамның дара тұлға ерекшелігіне әсерін қарастырады.
Оқушылардың химиялық білімді игерудегі танымдық әрекетінің ерекшелектерін оны іске жұмылдыру жолын іздестіреді.
Нұғыманов И.Н оқулығында: «Химияны оқыту әдістемесі – химиядан білім берудің мазмұнын және химияны оқыту барысының заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымының дербес бір саласы» -деген анықтама берілген.
Г.М.Чернобельская оқулығында берілген анықтама: «Химияны орта мектепте оқыту –химияны оқыту процесінде оқушыларға білім беру, тәрбиелеу және дамыту туралы педагогикалық ілім».
Яғни химияны оқыту әдістемесі төрт жүйенің қиылысуынан түзіледі, олар: білім беру, тәрбие, дамыту және химия ғылымы. Осы түсініктердің әр қайсысын зерттейтін салалары білім беру – дидактика, тәрбие мәселесін - тәрбие теориясы, дамыту – психология және түсініктердің күрделі жүйесі ретінде химия есептеледі. Осы жүйелердің әсерлесуі өте терең болғандықтан өзара интеграцияланып жаңа білім жүйесі түзіледі. Ол төрт жүйенің түсініктерін біраз өзгерген түрде қолданады. Осы жүйе химияны оқыту әдістемесі деп аталады.



2-сурет Химияны оқыту әдістемесі құрылымы


Кез келген басқа ғылым сияқты химияны оқыту әдістемесінің алдында белгілі мәселелер тұрады:



  1. Оқушыға білім бергенде оқытушы пәнді оқытудың мақсатын, міндетін анықтайды. Әдістеме алдымен не үшін оқыту керек деген сұраққа жауап береді.

  2. Химияның оқу пәнінің қойылған мақсат пен дидактикалық талаптарға байланысты мазмұнын анықтау. Бұл мәселені шешу қалай оқыту керек деген сұраққа жауап береді.

  3. Мазмұнға сай әдіс, тәсіл оқыту формаларын құру. Аталған мәселені шешу қалай оқыту керек деген сұраққа жауап береді.

  4. Оқушылардың пәнді қаншалықты меңгергенін зерттеу. Бұл мәселе оқушылар қалай оқиды деген сұраққа жауап беруді талап етеді.

Химияны оқыту әдістемесі психологиялық – педагогикалық, химиялық, әлеуметтік, экологиялық, биологиялық, географиялық, физико-математикалық ілімдер қиылысында орналасқан. Аталған ғылымдар өзара пән арарлық байланыс арқылы қабысады.



3-сурет Химияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы


Егер барлық оқу пәндерін кешенді түрде қарастырсақ ол кең жүйе құрайды ал химияны оқыту әдістемесі жүйенің бір элементі болып табылады. Химияны оқыту әдістемесі пәнінде философия, әлеуметтану, қоғамтану, диалектика түсініктері кең қолданылады да, педагогика-психологияда қалыптасқан түсініктер де орны тебеді. Оқыту процесі мен меңгеру психологиясының заңдылықтарын, материалистік диалектикалық ілім негізін білмей көзқарасты қалыптастырып, тәрбие жұмысын жүргізу мүмкін емес.


Химиялық пәндер мектептегі химия пәнін құруға базалық қондырғы болады. Химиядан қауіпсіздік техникасы қоршаған ортаны қорғау мәселелері болашақ химия мұғалімдері үшін үлкен тәрбиелік мазмұны бар.
Химияны оқыту әдістемесінің басты мақсаты болашақ химия мұғалімін орта мектепте жұмыс істеуге қажетті білім, білік, іскерлік дағдымен қаруландыру.
Химияны оқыту әдістемесінде төмендегідей жалпы педагогикалық зерттеу әдістері қолданылады: бақылау, жорамал, болжау жасау, педагогикалық эксперимент, оқу – тәрбие құжаттарын құру, оқушылардың жазбаша, графикалық, техникалық т.б жұмыстарын талдау, мұғаліммен және оқушымен әңгімелесу, анкета, сауалнама жүргізу, үлгілеу т.б.
Педагогикалық бақылау. Химия кабинетінде сабақ үстінде, зертханалық жұмыс немесе сарамандық сабақ кезінде, үйірме, факультатив басқа сыныптан тыс жұмыстар кезінде оқушылар әрекетін бақылау олардың білім деңгейін анықтап, білім сапасын белгілеуге мүмкіндік беріп, оқу танымдық әрекетінің сипатын анықтауға, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын белгілеуге жағдай туғызады.
Әңгімелесу (интервью) және сауалнама. Сұрақтың күйін сипаттауға мүмкіндік беріп, зерттеу барысында ұсынылған мәселелерге оқушылардың қатынасын білім мен икемділіктің меңгеру деңгейін, дағдының беріктігін анықтауға жағдай туғызады.
Химияны оқытуда жалпы педагогикалық негізгі әдіс болып педагогикалық эксперимент есептеледі.
Ол зертханалық және табиғи болып жіктеледі. Зертханалық экспериментті оқушылардың біраз тобымен өткізеді. Оның міндеті зерттелетін сұрақты алдын ала талдап анықтауға негізделеді.
Табиғи педагогикалық эксперимент кәдімгі мектеп жағдайында өтеді. Мұнда химияны оқыту мазмұнын әдісін құралын өзгертуге болады.
Химияны оқыту әдістемесі негізгі 3 міндетті шешеді: неге оқыту, қалай оқыту және қалай оқу.
Бірінші міндет мектеп химия курсына қажетті материал іріктеумен анықталады. Мұнда химия ілімінің даму логикасы, тарихы, психологиялық, педагогикалық жағдайы және теориялық пен нақты материал қатынасы ескеріледі.
Екінші міндет химияны оқытумен байланысты. Оқыту дегеніміз – оқушыларға химиялық ақпаратты беруге, оқу процесін ұйымдастыруға, олардың танымдық әрекетін басқаруға, сарамандық икемділікті қалыптастыруға, шығармашылық қабілетін дамытуға ғылыми көзқарас негізін қалауға бағытталған оқытушы әрекеті.
Үшінші міндет «оқуға үйрету» принципінен келіп шығады, яғни қалай оқушыға оқуға дайындалуға көмектесуге болады. Ол оқушының ойлауын дамытуға негізделеді. Дегенмен де оқытушыдан немесе басқа жақтан түскен ақпаратты тиімді өңдеуге үйретуге келіп тіреледі.
Оқушының танымдық әрекетін меңгеру күрделі процесс, ол химия мұғалімінен оқушыға әсер ететін барлық құралды талап етеді.
Басқа ғылым салалары тәрізді химияны оқыту әдістемесінің де өзіндік даму тарихы бар. Химияны оқыту әдістемесінің дамуы химия ғылымының деңгейімен тығыз байланысты. Әр заманның химиктерінің өздері ұсынған теориялық тұжырымдар тұрғысында оқытушылық қызметпен де айналысқаны бәрімізге мәлім. Сондықтан да химияны оқыту әдістемесі ғылым ретінде тек химия ғылымы орныққаннан кейін ғана қалыптасты.
Ғылым дамуының ертедегі кезеңінде білім негізі қолжазбаларда берілген, олардың тек шамалы бөлігі ғана осы кезге дейін сақталған. Оларға келесідей алхимиктер мен ятрохимиктердің еңбектері жатады: Джабира ибн Гайян (721–815); Ибн Сина (Авиценна) (980-1037); Альберт фон Больштедт (Ұлы Альберт) (1193-1280); Роджер Бэкон (1214-1294); Георг Риплей (1415-1490); Василий Валентин (XVI ғ.); Ауреола Теофраст Бомбаста фон Гогенгейм (Парацельс) (1493-1541); Андреас Либавий (1550-1616 жылдар шамасында).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет