Химия өндірісі негіздері мен ауыл шаруашылығын химияландыру сұрақтарын оқыту. Өндірістік өнеркәсіп және экология мәселелері. Химия өндірісі мен ауыл шаруашылығын химияландыру мәселелерінің мектеп бағдарламасында қарастырылуы. Химия өндірісі негізі және оның компоненттерінің политехникалық білім берудегі маңызы, шикізат және оның қасиеттері, өндірісте қолданылатын химиялық реакциялар, технологиялық режим және оның оптимализациясы.
Аппараттар жобалары, қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау, өндіріс өнімдері, жұмысшы мамандықтары жайлы түсінік.
Химиялық өндірістер жайлы мәліметтерді мектеп курсы үшін іріктеу ерекшеліктері.Орта мектеп химиясында оқытылатын химиялық өндірістер. Оқушыларды кәсіпке бағдарлау. Аймақтық факторды ескеру.
Нақты химиялық, металлургиялық өндірістерді оқыту жоспарының үлгісі.
Оқушыларды ауылшаруашылығын химияландыру, тыңайтқыштар оларды қолдану мәселелерімен таныстыру.
Химиядан өндірістік топсеруендер. Топсеруен өткізетін өндіріс орындарын таңдау. Химиялық өндіріс орындарына топсеруен ұйымдастырудың әдістемесі.