I II. III. IV. Кіріспе Негізгі бөлім


-Әлеуметтік экономикалық карталар



бет2/3
Дата11.11.2022
өлшемі380,72 Kb.
#157793
1   2   3
Байланысты:
Гис Роз

леуметтік экономикалық карталар.
-Арнайы карталар.
Тақырыптық карталардың жіктелуі (1-кесте)[2]
Тақырыптық карталардың жіктелуі (1-кесте)
Гидрогеологиялық Карта Белгілі бір аудандағы жер асты суының таралу жағдайын, сапасын, т.б. ерекшеліктерін бейнелейтін карта. Ол дала жағдайындағы гидрогеология түсірімдер кезінде жиналған деректерге сүйеніп, дайын геол. карта негізінде жасалады. Г. к-да жер астындағы сулы қабаттардың геология құрылымы мен судың таралу ерекшеліктері, судың өнімділігі, тереңдігі, арын күші, минералд., химия құрамы көрсетіледі. Арнаулы Г. к-да бұған қоса судың қорына, оның пайда болу жолдарына, гидрогеология табиғи аудандарына, минералды және ыстық сулардың таралуына, гидрогеология және мелиоративтік гидрогеология жағдайларына анықтама беріледі. Г. к-лар ұсақ (1:1000000 немесе одан ұсақ), орта (1:500000, 1:200000) және ірі масштабты (1:100 000 немесе одан ірі) болып бөлінеді. Қазақстандағы артезиан алаптарындағы жер асты суының болжам картасы, Қазақстанның Г. к-сы, негізгі су қабаттарының картасы, мал жайылымдарындағы жер асты суының картасы, гидрохимия карта, арнаулы ұсақ және орта масштабты карталар жасалды; [4]
Іле-Балқаш ауданының гидрогеологиялық картасы
Геохимиялық карта — тау жыныстарында хим. элементтердің таралу ерекшеліктері мен заңдылықтарын көрсететін арнаулы карталар. Геол. немесе тектоник. негізде жасалады. Геохимиялық картада түрлі геол. құрылымдарды құрайтын магма тектес шөгінді жыныстар мен метаморфтық жыныстардағы хим. элементтердің шоғырланған және қалыпты шамадан (кларктен) жоғары мөлшерде жиналған аумақтары көрсетіледі. Геохимиялық картаның екі түрі бар: жалпы және дербес Геохимиялық карта Жалпы Геохимиялық картада спектрлік анализбен анықталған элементтер үлкендігі мен формалары әр түрлі хим. белгілер түрінде мүмкіндігінше түгел көрсетіледі, не олардың мөлш. белгіленеді. Дербес Геохимиялық карта аймақтың металлогендік және өнеркәсіптік бағытын анықтайтын элементтер (мыс., Cu, Pb, Zn, Nі, U, т.б.) немесе іздеу жұмыстары кезінде үлкен мәні бар негізгі кендерге серіктес — индикаторлық элементтер (мыс., S, As, Sd, F, Cl, т.б.) бойынша жасалады.
Аймақтың белгілі бір аумағындағы тау жыныстарындағы әрбір элементтің абсолюттік не салыстырмалы (кларкпен салыстырғандағы) мөлшерінің өзгеруі түрлі бояулармен не изосызықтармен кескінделеді. Шөгінді және жанартаутекті шөгінді жыныстардан құралған аймақтарда литологиялық-геохим. карта жасаған тиімді, ал қазба байлықтарына, интрузиялар мен геол. құрылымдарға байланысты аудандардың Геохимиялық картасында интрузив жыныстар мен тектоник. элементтер баса көрсетіледі. Геохимиялық картаға қоса геохим. қималар, әр түрлі диаграммалар, спектрлік, хим. және минерал. анализдердің кестелері жасалады. Бұл деректер геохим. аномалиялардың пайда болу себептерін ашуға, зерттелген аудандағы кен байлықтарына баға беруге, кен іздеуді дұрыс бағыттап отыруға көмектеседі. Ірі аймақтар шегінде белгілі элементтердің шамадан тыс немесе мүлде аз таралған аумақтарын белгілеудің медицина мен а.ш. үшін де зор мәні бар. [4]
Геоморфологиялық карталардың басты ерекшеліктерінің бірі – бедер элементтерінің морфологиясын жасын және қалыптасу тарихын бейнелеу. Геоморфологиялық карта – геоморфологиялық зерттеулердің қажетті және маңызды нәтижесі, бедер туралы графикалық түрде жиналып алынған толық мәліметтер мен практикалық қолданудың негізі.[3]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет