7.Тесік шелекке тән қасиет A. Батылдық
B. Қорқақтық
C. Менмендік
D. Ізеттілік
E. Өшпенділік
9. Мәгін стилі A. Ауызекі сөйлеу
B. Іс қағаздар
C. Ғылыми
D. Публицистикалық
E. Көркем әдебиет
8.Мәтің мазмұнының реттілігін көрсетіңіз 1.Гүлге оранған жол
2.Екі шелек туралы .
3Тапқыр су тасушы
4.Кінәлі тесік шелек
A. 4.1.2.3.
B. 2.1.4.3.
C. 1.3.2.4
D. 3.1.2.4.
E. 2.4.3.1.
10. Су тасушының ерекше касиетін керсетіңіз. A. Әңгімешілдігі
B. Алғырлығы
C. Тапқырлығы
D. Дарындылығы
E. Сенімсіздігі
11. Мәтінде бүгін шелектің қай қасиеті көрінеді? A. Намысқойлығы
B. Жалқаулығы
C. Жағымпаздығы
D. Озбырлығы
E. Мақтаншақтығы
12. Мәтінге лайық атау A. Риза қожайын
B. Өзен жағасы
C. Бүтін шелек
D. Тесік шелек
E. Жаңа шелек
1.Ұрыс сәрсенбі күні таң ата басталды. Абылай да, Цеван-Доржи да елшілер арқылы уәделескен
мезгілдерінде өз әскерлеріне «Аттан!» деп бұйрық берді. Көлденеңі он шақырымдай жазық
далада қан төгіс қырғын тез-ақ қызып кетті. Алып майданның екі жақ шетіндегі Сырынбет пен
Батыр Баян бастаған казақ әскері қиын да болса алға қарай жылжып бара жатқаны сезіледі.
Тек екі жақтың екі бас қолбасшысы тұрған майданның орта шебі мызғыған жоқ. Тағы:
2.- Аттан! Аттан! - деген ұран шықан. Сол сағатта-ақ Сеңгірбай, Сағымбай, Қанай бастаған
сұлтанның мың жігіті зеңбірек оғы жетпейтін қалың жыңғылды сайдан шыға сала Цеван-
Доржидың тұрған төбесіне қарай лап қойған. Бірақ бір шақырымдай шапқан кезде кенет
гүрсілдей жөнелген зеңбіректерден жауған жойқын оқтар дәл аттарының мандай алдынан кеп
гүрс- гүрс жарылған. Алдыңғы шептегі жүз қаралы ер жүрек жігіттер ат-матымен омақаса жер
қауып, заматта арттарында келе жатқан жауынгерлерге бөгет болды. Амал жоқ, лапылдап келе
жаткан қалың қол еріксіз кейін шегінді. Абылай бұйрықпен жігіттер тағы шапқан. Бұл жолы да
жүзге таяуы қаза тауып, қалғаны кейін серпілді. Зеңбіректі Цеван-Доржиды бұлай ала
алмайтынын білген Абылай, енді шабуыл шебін басқаша құрды. Зеңбіректерге тікелей шаппай,
оны ат тағасындай қоршап, жан-жағынан анталауды бұйырды. Бірақ ұш рет шабуылға шығып,
ең батыр деген үш жүзге тарта ер жігіттерінен айрылған әскер не істерін білмей, тағы
дағдарып қалды. Бұған Абылай:
3.- Япырмай, осыншама, қазақтан жауға шабар бір еркек кіндікті тумаған ба? - деді қатты
дауыстап. - Қайсың барсың? Осы кезде топ ішінен «Абылай!» деген дауыс шықты. Бұл ұран
салған Абылайдың он жеті жасар баласы Жанай еді. Ол тебініп қап, зеңбіректерге қарай атой
салды, Бірақ бұдан бұрын гүрсілдеген тажалдардан әбден үркіп қалған астындағы басы қатты
кертөбел, бала жігітті жау шебіне емес, бір бүйірдегі жиде тоғайына қарай ала жөнелді. Жұрт
тағы Tынa қалды. Дәл осы кезде, Абылайдың зеңбіректерді қоршаған жігіттерінің оң жақ
тұсынан Цеван-Доржи тұрған төбеге қарай, басында үкілі камшат бөркі бар, ақбоз атты бір қыз
бала «Қабанбай! Қабанбай!» деп ұран тастап, суырылып шыға берді. Ақбоз ат көсіле сермеп
келеді. Қыздың қолында не сойыл, не найза жоқ, бар болғаны тобылғы сапты қамшы. Осынау
қарусыз қыздың ерлігін көрген қызба қалың топ, енді шыдай алмады, лап қойды.
4.- Абылай! - Атығай! - Ақжол! - Қарақожа! - Қабанбай - Абылай! Абылай! «Қабанбай» аты
аталған тұстағы Найман жігіттері гуілдей шапқан топтың алдарында келеді. Зеңбіректер
ортадағы топтың алдыңғы қатарына ғана оқтарын жіберіп үлгерді. Бірақ екі бүйірдегі
сойылгерлер сапы тез-ақ жетіп қалды. Ар жағындағы жоңғар атты әскері келіп үлгергенше,
түйелі зеңбіректерді түйе-мүйесімен таптап кетті, Ақ болат сауыты жарқылдап,
Жалынқұйрығын көсілте Абылайдың өзі де шапты. Төбе басындағы қонтайшы көк шатырын
169
жинай бастады. Сөйткенше болған жок, Жоңғардын шаян құйрықты сары жібек жалауы
шығысқа қарай шегіне берді...
5.Осылай жоңғар мен қазақ арасындағы қанды айқастардың жаңа белесі ашылды. Бұл қазақ
елінің жоңғар коңтайшыларын мүлдем жеңіп, атамекен жерінен қуудың ең алғашқы айқасы
еді. Абылай өз шатырына келгеннен кейін, бағанағы қалмақ зеңбіректеріне жападан-жалғыз
қарсы шауып, бүгінгі жеңіске жол салған қызды іздетті. Бұл Қабанбай батыр мен қазақтың
батыр қызы Ғауһардан туған жас Назым екен. Бүлдіршіндей жас қыздың осыншама ерлік
көрсеткеніне риза болған Абылай, беліндегі сом алтыннан соғылған жаңа белбеуін шешіп
берді. Абылай басқарған осы соғыс екі айға созылды.