I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет346/369
Дата04.10.2023
өлшемі2,32 Mb.
#183615
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   369
Байланысты:
I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жа-emirsaba.org
Презен Сана1
2326-нұсқа 
1-мәтін 
Қажымұқан жас кезінен күшті болған. Бала кезінде жалшылықта жүрген. Оның күшіне ел
таңғалады екен.
Қыстың кақаған шағында бала жігіт отынға барыпты. Шанаға жеккен аты қарға омбылап,
мұзға тайғанақтап, мертігіп қалыпты. Мертіккен атты шанаға көтеріп салыпты да, аттың
қамытын мойнына іліп, шананы ауылға озі сүйреп келіпті. Содан бастап оның атағы елге
жайылыпты.
Атақты палуан Франция, Германия, Қытай, Түркия, Польша елдеріне барып, өнер көрсеткен.
Қажымұқан өмірінің соңғы жылдарын Оңтүстік Қазақстан облысында өткізді. Осы күнгі Бөген
ауданы оның қартайған кездегі кұтты мекені болды. Қайда жүрсе де елдің құрметіне бөленген
адам әрқашан бақытты.
1.
Мәтінге лайық тақырып
A)
Жеңіске жету
B)
Күш атасы
C)
Құтты мекен
D)
Жеңіс жолында
E)
Күрес өнері


321



2.
Ауыл адамдарын таңғалдырған Қажымұқанның іс-әрекеті.
A)
Атының мертігіп қалуы
B)
Қақаған аязда орманға баруы
C)
Шет елдерге шығуы
D)
Халықаралык күресте жеңуі
E)
Атты шанаға өңгеріп алып келуі
2-мәтін 
Әлемдегі ең үлкен шөл - 9 000000 шаршы км аумақты қамтитын Сахара шөлі. Бұл құмды шөл
Солтүстік Африканың бүкіл жазығын алып жатыр. Туаректік диалектіде «Сахара» сөзі «шөл»
деген мағынаны береді.
Құмды, шөлейтті аймақтың жаз мезгіліндегі температурасы 58 градусқа дейін көтеріледі, ал
қыста 15-28 градус аралықты ұстап тұрады.Шөл даланың кейбір бөліктерінде бірнеше жылдар
бойы жаңбыр тамшысы тимеген жерлер де бар.
Сахарадағы жалғыз су көзі - Hiл өзені. Шығысқа қарай ағатын аталмыш өзен кұмды аймақтың
басым бөлігін басып өтеді. Дегенмен Сахараның кей бөлігінде ылғалды алқаппен жер
астындағы бұлақтан шығатын құдык бар. Бұл ерекше құмды аймақта жол талғамайтын
көлікпен серуендеуге келген туристер үшін арнайы бөлімшелер орналасқан. Сахара шөлінде
құрма ағаштары мен дәмі тіл үйірер жүзім өседі екен.
Құмды аймақта Тегази деп аталатын қала бой көтерген. Мұндағы үйлер тұзды тастардан
салынған. Бұл қала - ғаламшарымыздағы сусыз, құрғақ, шөлейтті орындардын бірі.
Орг-эр-равиден келетін керуеншілер ылғалды алқап жақын маңда деп ойлап сағымның
кұрбанына айналып жатады.
3.
Мәтіп қандай үлгіде жазылған?
A)
Талқылау негізінде
B)
Көзқарас негізінде
C)
Ақпараттық үлгіде
D)
Болжам негізінде
E)
Пікір негізінде
4.
Қай сөйлем екінші азатжолдың мазмұнына сәйкес?
A)
Құмды аймақтарда жол талғамайтын көлікпен жүруге болады.
B)
Даланың біраз аймақтарында жауын жаумаған жерлер кездеседі.
C)
Суы жоқ аймақ болса да құрма жемісі өседі.
D)
Керуеншілер су іздеу барысында сағымға алданады.
E)
Ең үлкен аймақты қамтитын жер - Сахара шөлі.
5.
Мәтінге атау беріңіз
A.
Сахара ағаштары туралы
B.
Ніл өзені туралы
C.
Сахара шөлі туралы
D.
Оңтүстік Африка
E.
Тегази қаласы туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   369




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет