I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет359/369
Дата04.10.2023
өлшемі2,32 Mb.
#183615
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   369
Байланысты:
I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жа-emirsaba.org

3-мәтін 
I.
Аяқ астынан есіктің алдында жатқан, талай жылдан бері керегіме жарап жүрген балтам
жоғалды. Ары іздедім, бері іздедім - жоқ. Қора-қопсының ішін аударып-төңкеріп, астан-
кемтеңін шығара қарадым. Жоқ. «Өз-өзіңе мығым бол, көршіңді ұры тұтпа» деген нақылды
ұлық тұтқан қазақеңнің ұрпағы болған соң, дымым ішімде.
Досхан деген қызметтес дизайнер жігіт қайным болып келеді. Ол жұмысқа осы балта
жоғалатын күні алғаш рет «шайтан арбамен» келген болатын. Әрі ол үйінде қызу құрылыс
жұмысын бастап жатыр. Күдігім соған ауғандай.
II.
Тағы да бір күн өтті. Аяқ астынан жиенім ке
3
л
3
е
3
қалсын.


334




Аға, өткен жолы тойға шақыру таратып жүріп көлігіммен үйіңізге соқсам, есіктеріңіз
құлыптаулы. Ары отырып, бері отырып, сіздер келе қоймаған соң, көршілеріңізге қалдырып
кетіп едім. Әйтеуір аманат қой, соны алған-алмағаныңызды білейін деп келіп едім, — дейді.

Ауыл қалай, ағайындар аман ба? - деп хал сұрасып жатырмыз.

Иә, аға, бәрі жақсы, сол жолы құрылысқа қажетті заттар алып кеткен едім. Соның біразын
осы жолы түгендеп әкетіп барамын, - деді.
Ойыма әлгі қу балтам caп ете түссін. Жиенімнің жүзіне қарасам, қыбыжықтап томен
қарағандай болды. Көзін көзіме тура қарамай алып қаша береді.
III.
Балта табылғанша қанша адамды ұры етерімді кім білсін. Сенбі күні кешкілік үйді
жинастырьш жүрген қызым: - Көке, іздеп жүрген балтаңыз мынау ма? - деп құж желке
балтамды аяқ киім қоятын сөренің астынан шығарып тұр. «Сен алдың!» демесем де, ішкі
ойыммен ұры тұтқан маңайымдағылардан ұят болды. Енді балтам табылған соң, Досханға да,
Құрақка да, жиеніме де қараймын, олардың түрлерінен ешқандай ұрлық жасаған
«қылмыскердің» белгісін таба алмадым. Балта табылған соң, әлгі күдік-күмәндар күл болып
ұшып кеткендей. Досханның баяғы сол жымия күліп жүргені, Құрақтың сол еңбекқорлығы,
жиенімнің жібектей ұяңдығы, басқа ештеңе жоқ.
IV.
Өзгені өзгеге танытуға, ғайбаттауға, нақактан жала жабуға, қара күйе жаға салуға
құмарақпыз, ал енді өзге түгілі өзімізді өзіміз осы күнге дейін танымай келгенімізге
қайранмын. Үш күн тығылып жатып, өзімді өзіме танытқан «алтын сапты» балтама қарай
бердім.
7. Қандай жауап мәтіннің негізгі түйіні бола алады?
A)
Бұзауды ұрлаған өгізді де ұрлайды.
B)
A
T
жүйрігін түлкі сүймес.
C)
Досыңның қимасына көз салма.
D)
Өзін танымаған өзгені танып жарытпас.
E)
Ала жіпті аттамағанның абыройы артық.
8. Қорытынды бөлімдегі автордың айтқысы келген ойы
A)
Алдымен адам өзін-өзі танып білуі керек.
B)
Дәлелсіз айып тақкандарды кешіре білу керек.
C)
Барлық адамды танып-білу мүмкін емес.
D)
Адамды танып-білмей, шешім қабылдаудың сөкеттігі жоқ.
E)
Балтасының табылғандығына қуанышын.
9. I бөлімде автор алдымен кімнен сезіктенді?
A)
Отбасы мүшелерінен
B)
Өзінен
C)
Жиенінен
D)
Қызметтесінен
E)
Құрақтан
10.
Жиенінің кандай әрекеті «балтаны осы ұрлады» деген сенімін нығайта түсті?
A)
Жиенінің колының шеберлігі
B)
Әңгіме кезінде жиенінің ұялып, төмен қарай бергені
C)
Жиенінің аяқ астынан келуі
D)
Жиенінің шақыру билеттерін таратуы
E)
Оның үй иесінін жоғында келіп-кеткені
11.
Мәтін қандай стильде жазылған?
A)
Публицистикалық
B)
Ресми ісқагаз
C)
Fылыми
D)
Ауызекі сөйлеу
E)
Көркем эдебиет
12.
III бөлімнен автордың қандай адам екені көрініп түр?
A)
Өзінің іс-әрекетіне сенімді
B)
Өзінің кемшіліктерін мойындамайтын
C)
Нәрсенің байыбына бармай жатып әрекет жасайтын
D)
Өзінің кемшілігін түсіне алатын
E)
Түк болмағандай өмір сүре берет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   369




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет