290
жігітті бір көргенде бұйығы ма деп қаласың. Сөйтсек, ол бойында үлкен сыр жатқан жігіт
болып шықты. Кезінде біраз елдің құлағына ілінген Актөбе облысынан шыққан вундеркинд
бала осы екен. Оның кейінгі тағдыры қалай болғанын өзінен сұрап көрелік.
-
Мен Ақтөбенің Ойыл ауданындағы Сарыбие ауылында тудым. Алдымен, менің зеректігімді,
үйренуге талпынысымды көрген атам 2-3 жасымда әріптерді үйретпек болса, мен бәрін де
бірден қағып алыппын. Содан төрт жасымда кез келген кітапты зуылдатып оқи бастаған
екенмін. Оны өзім білмеймін, кейін айтқан әңгімелерден естідім. Менің әкем - атамның үлкені.
Атамның өзі майдангер еді, үлкен немересі болған соң мені бауырына басып, еркелетіп өсірді.
Бетімнен қақпай, талап еткен нәрсемнің бәрін де орындай беріпті.
II.
Бірде мектепті тексеруге облыстық оқу бөлімінен адамдар келеді. Мектепте жүмыс істейтін
көршіміз мен туралы айтады. Олар қызығушылык танытып, мені алдырады. Тексерушілер
менің кітап оқи алатыныма шүбә келтіреді, бірақ «Бозінгеннің» кез келген жерін зуылдатып
оқып бергенімде, шалқаларынан түсе жаздайды. Бәрі де мүғалімдер емес пе, есеп шығартып,
баска «білігімді» де тексереді. Сөйтіп, қатты таң қалып, мені қаладағы Мақсат Құсайынов
атындағы дарынды балалар мектеп-интернатына алдырмақ болып шешеді.
1-сыныптың 4-тоқсанына ғана келдім. Төртінші тоқсанда оқып жүргенде зерігіп, басқа
шаруалармен айнапысып кететінмін, өйткені маған оқу өте оңай болды. Келесі жылы 2-
сыныпқа барған едім, бұл жерде де маған сабақ өте жеңіл болып, еш нәрсеге қызықпай,
тыңдамай отыратынмын. Сондықтан, мектептің педагогикалық кеңесі мені бірден 3-сыныпқа
ауыстырды.
Достарыңызбен бөлісу: